ҰБТ

2019 жылы ҰБТ мен білім грантына қатысты қандай өзгерістер болады?

2837
(Жаңартылды 09:19 20.12.2018)
Келесі жылдан бастап грант мамандық бойынша емес, білім бағдарламасының топтары бойынша тағайындалады. Ал ҰБТ жылына төрт рет өткізіледі

АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі 2019 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау мен ҰБТ өткізу бойынша қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды

Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратынша, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту аясында келесі жылдан бастап мемлекеттік білім гранттары мамандық бойынша емес, білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады. Сондай-ақ, мамандарды даярлау бағыттарының жаңа классификаторы енгізіліп отыр. 

"Жаңа классификаторда мамандықтардың тізімі емес, мамандарды даярлау бағыты көрсетіледі.  Сәйкесінше, еліміздің жоғары оқу орындары дербес білім беру бағдарламаларын әзірлеп алады. Осыған орай, гранттар білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады", — делінген хабарламада. 

Мәселен,  "Математика пәні мұғалімдерін даярлау" тобына "математика", қосарланған "математика-физика", "математика-информатика" мамандықтары кіреді. Яғни, білім гранттарын тағайындау бұрынғыдай мамандықтар бойынша емес, білім бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылмақ. 

"Грант ұтып алған талапкер ЖОО-ға өзі таңдаған білім бағдарламасы бойынша тіркеліп, кейін университетке құжаттарын тапсыру кезінде таңдаған мамандығы бойынша білім алады", — деп хабарлады министрлік. 

Ведомство 2019 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Тестілеу 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша жүргізіледі. Биылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі – қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айлары.

Ерлан Сағадиев
© Foto : Министерство образования и науки Республики Казахстан

"Қаңтар, наурыз, тамыз айларында ҰБТ тапсырғандар жоғары оқу орнының тек ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік алады. Ал, мемлекеттік грантты жеңіп алғысы келсе, міндетті түрде маусымда өтетін ҰБТ-ға қатысуы қажет", — деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Ақылы бөлімге түсу үшін талапкер жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез келгеніне қатысып, шекті балл жинаса болғаны.  

Талапкер қаңтар, наурыздағы ҰБТ-ны өзіне ыңғайлы кез келген пункте тапсыра алады. Тек ҰБТ өткізу пунктіне көрсетілген мерзімде өтініш беріп үлгеруі қажет.


2837
Кілт сөздер:
ЖОО, ҰБТ, Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан
Тақырып бойынша
2019 жылы қаңтарда өтетін ҰБТ-ға кім қатыса алады?
ҰБТ-ға тағы да өзгерістер енгізілуі мүмкін
ҰБТ-ны қайта тапсыру қанша тұрады?
Семейлік қыз ҰБТ-дан бірде-бір балл жинай алмады
Загрузка...