Астана

Күн жарық жаққа бұрылды: бүгін осы жылдағы ең қысқа күн

637
(Жаңартылды 22:40 21.12.2018)
Қазақстандық ғалым Күн тоқыраған кезде не болатынын түсіндірді

ПЕТРОПАВЛ, 21 желтоқсан — Sputnik. Бүгін — Күннің көкжиектен ең аз биіктікке көтеріліп, қысқарып барып тоқырайтын уақыты. Осы құбылыс туралы толығырақ Солтүстік Қазақстандағы Манаш Қозыбаев атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник айтып берді.

Ол бүгін ең ұзақ түн және ең қысқа күн екенін нақтылады. Сондай-ақ, бүгін қыстың ең суық күндерінің бірі екеніне тоқталды.

"Есепке алынбаса да, желтоқсанда барлығы үшін үміт пен қуаныштың мерекесіне айналған бір нәрсе (дәлірек айтсақ сәт) бар. Бұл — қыстағы күннің тоқырауы. Ежелден келе жатқан Күннің тоқырауы (орыс тілінде "Солнцеворот" — Sputnik) деген сөз есіме түсіп отыр. Алайда екі түсінік бір мағынаны білдірмейді", — деп атап өтті Солодовник.

Оның айтуынша, қыстағы Күннің тоқырауы дегеніміз — бұл Күннің жұлдыз арасындағы жолымен (эклиптик бойында) келе жатып аспан экваторынан барынша алыстап оңтүстікке қарай жақындауы.

"Бұл кезде Жердің солтүстік жарты шарында Күн көкжиектен барынша аз көтеріледі (шамамен 12 градус), аспан шырақтарының тәуліктегі жолы қысқарып, қыста күн өте қысқа әрі қараңғы (шамамен бізде 7 сағат) болады. Есесіне суық түндер ұзарады. Құдды Жерді қара жамылғы жауып қалғандай. Солтүстікке жақындаған сайын жағдай қиын екенін көреміз. Поляр түні болғанда солтүстікке 1 300 км жақын аймақта Күн шықпайды", — деп түсіндірді астроном.

Тағы оқыңыз: 

Неге Күн тоқырайды? Бұл не деген сөз? Бар болғаны Күн осы сәт жақындағанда аспан эксваторына қатысты өзінің тұрған жерін біраз уақытқа дейін өзгертпейді.

"Бірнеше тәулік бойы түн бұрынғысынан да ұзақ болып, бозарып ататын таңдар қысқарады. Әрине, мұның барлығы біздің қабылдау қасиетіміздің негізінде жүзеге асады. Ал ғылым тұрғысынан айтар болсақ, өзгерістер бар және олар үнемі болып тұрады. Бірақ бұл өзгерістердің ұзақтығы бірнеше секундты ғана құрайды. Ал біз оларды ұзақтығы бір минутқа жеткен кезде ғана байқай аламыз. Міне сол кезде Күн тоқырайды! Бірнеше ғасыр бұрын біздің бабалаларымыз осы құбылыстың төртінші күнінде күннің ұзаратындығын айтып кеткен. Осыдан халық күнтізбесінде Күннің тоқырауы 25 желтоқсанда болады деп белгіленген", — деді Солодовник.

Бұл күнді ерекше атап өткендігі соншалық, ол бір кездері жыл басы болып есептелген. Мұндай Жаңа жылды көптеген халық, соның ішінде славяндар атап өтетін болған. Күннің қайта оралу мерекесіне пұтқа табынушылар бір жыл бұрын дайындалған. Және оны ұзақ әрі кең көлемде атап өтетін болған. Сондай-ақ, ежелгі әдет-ғұрыптар халық есінде әлі күнге дейін сақталған — мысалы, коляда.

637
Кілт сөздер:
жұлдыз, күн, жер, ғалым, қыс, Қазақстан
Тақырып бойынша
Ғалым ер азаматтар әйелді қандай төрт қасиетіне қарап таңдайтынын айтты
Бас мүфти: қазір көп ғалым өз ғылыми жұмысының жауабын Құраннан тауып жатыр
Ғалым тез арықтаудың жолын айтты
Алматыда 72 жастағы ғалым үйсіздерге арналған орталықта тұруға мәжбүр
Ғалым: қазақ тіліндегі төл дыбыстардың басы әлі күнге дейін ашылған жоқ
Қазақстандық ғалым телефонды ұзақ уақыт қуаттамау әдісін ойлап тапты
Ғалым: Марста адамның өз бетімен өмір сүруіне жағдайлар бар
Медициналық маска

Бетперденің бағасы арзандайды денсаулық министрлігі

6
Алыпсатарлар көбейіп кеткеннен кейін мемлекет тарапынан шекті бағалар енгізілді. Алдымен бір медициналық бетперденің бағасы 118 теңгеден аспау керек деген шешім шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық масканың алты есеге қалайша қымбаттағанын түсіндірді. Жылдың басында оның бағасы 15 теңге болса, бүгінде 85 теңге тұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денсаулық вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, коронавирус пандемиясы басталғанда көптеген мемлекеттер медициналық маска сияқты қорғаныс құралдарыны шетелге шығаруға тыйым салды. Қазақстан да солай істеді. Бірақ елде бетперде тігілсе де, қажетті шикізат шетелден жеткізіліп тұрған. Отандық кәсіпкерлер көрші Қытай елінен алып жүрді. Ал шекара жабылғасын шикізатты жеткізу қиындады.    

"Отандық өндірушілер медицина мамандарын маскамен қамтамасыз етуге кірісті. Себебі ұзақмерзімді келісімшарттар бар. Шыны керек, дәл сол кезде нарықта медициналық бетперденің тапшылығы пайда болды. Содан масканың бағасы өсіп кетті", - деді Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, алыпсатарлар көбейіп кеткеннен кейін мемлекет тарапынан шекті бағалар енгізілді. Алдымен бір медициналық бетперденің бағасы 118 теңгеден аспау керек деген шешім шығарылды. Одан кейін оны тағы да төмендетті. Дегенмен, шетелден келетін шикізат арзандаған жоқ, керісінше, қымбаттап кетті. 

"Сондықтан масканың бұрынғы бағасы, яғни, 15 теңге енді болмайды. Алайда біз отандық өндірушілерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бәлкім, алдағы уақытта бетперденің бағасын 60 теңгеге түсіретін шығармыз", - деді Бюрабекова.

 

6
Тақырып бойынша
"СК-Фармация" басшысы атышулы фотосын не себепті алып тастағанын түсіндірді
Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты
"СК-Фармацияның" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Damumed дауы: жалған мәлімет енгізген өңірлер аталды
Коронавирус пен пневмония құрбандары: министрлік соңғы деректерді жария етті
Медицина қызметкері

Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты

759
(Жаңартылды 15:20 07.08.2020)
Ауруханаларда қосымша төсек орындарды жасақтау жоспарланған. Жансақтау бөлімдерін кеңейту шаралары да қарастырылғаны айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың екінші толқынына арналған болжамды әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Людмила Бюрабекованың айтуынша, шілде айында алдын ала есептеу жүргізіліп, коронавирустың таралуына қатысты болжам әзірленген болатын. Оған сәйкес, ауруханаларда қосымша төсек орындарды жасақтау жоспарланған. Жансақтау бөлімдерін кеңейту шаралары да қарастырылған. 

Бастапқы болжамда коронавирусқа шалдыққан науқастар ғана есепке алынды. Ал 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус пен пневмонияның статистикасы біріктірілді. Осыған байланысты болжамды қайта қарау туралы шешім қабылданып отыр. 

"Демек, бізге бәрін қайта есептеп шығу керек. Қазір әлем бойынша коранавирустың екінші толқыны туралы айтып жатыр. Күзде болады деп отырмыз. Сол кезде вирустық инфекциялар, тұмау сынды маусымдық аурулар да көбейеді. Осының бәрін болжамда көрсету керек. Жақын арада біз осы құжатты жариялаймыз", - деді Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

759
Кілт сөздер:
коронавирус, вице-министр, денсаулық сақтау министрлігі
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстанда тағы бір облыста карантин жеңілдетіледі
"Олар кінәлі емес": Елді шулатқан дәрігерлерді министрлік қорғаштап жатыр
Коронавирус пен пневмония құрбандары: министрлік соңғы деректерді жария етті
"СК-Фармацияның" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған ірі зертхана әшкереленді – видео