Қоғам

Гамаш, гамаш: Қазақстандағы қатты аяз туралы әзіл ән желіні жарды - видео

© Sputnik / Мария Никитич / Медиабанкке өтуАяз
Аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас жігіттер Астана тұрғындарын қатал қыстан қорғайтын киім жайлы ән шығарды

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда сынап бағанасы күрт төмендеп, өңірлерге қақаған аяз келе бастады. Жұма күні елордамыз да қатал қыстың сынына ұшыраған.

Синоптиктер солтүстік қалада дабылды ескерту жарияланды – ауа температурасы 32 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Қатты аязға қарамастан тұрғындар қыс мезгілі туралы қалжыңдауын қоймайды.

Желіде Астана тұрғындарының бәріне жақсы таныс дүние жайында күлкілі ролик шықты. Жас жігіттер қатты аязда тоңдырмайтын гамаштар туралы ән шығарыпты. Олар тіпті қырық градус аяздан сақтайды, дейді ән авторлары.

Дәстүрге сай әлеуметтік желіде "Тақтар ойыны" телехикаясынан шыққан әзілдер пайда болды.

Былтырғы видеолар да өзектілігін жоғалтпаған сыңайлы.

Павлодар жүргізушісі аязды мүлдем сезбейтін секілді: төбесі ашық көлігіне мініп алып, рахаттанып отыр.

Қыс мезгілінің қызған шағында желі қолданушылары әлі талай әзілмен түйрейтіні сөзсіз.

Жаңалықтар
0