конфета

481 мың теңге: мемлекеттік қызметшілерге "рахмет" айтқан азаматтар жазаланды

731
(Жаңартылды 11:57 23.12.2018)
Жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосы қазақстандықтарды Жаңа жылға мемлекеттік қызметшілерге сыйлық бермеуге шақырады

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық жасаған қазақстандықтарға ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бөлімінің маманына 600 теңгенің конфетасын сыйлаған әйел әкімшілік жауапқа тартылған. Оған 481 мың теңге айыппұл салынды. 

Желтоқсандағы мерекелердің қарсаңында Солтүстік Қазақстан статистика департаментінің екі қызметкеріне екі торт сыйлаған ер адамға да осынша айыппұл салынды. Әрбір тәтті "рахметтің" құны үш мың теңгеден аспайды, деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

Қандай сыйлық үшін қылмыстық жауапқа тартылуыңыз мүмкін?

Жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосы жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарды мемлекеттік қызметшілерге "рахмет" айтудан бас тартуға шақырды. Егер сыйлықтың құны 2 айлық есептік көрсеткіштен (4810 теңге) асып түссе, "рахмет" айтушы азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

"Бір қарағанда сыйлық жасау зиянсыз болып көрінгенімен, оның жемқорлықтың көрінісі ретінде қоғамдық қаупі бар. Бұл биліктің абыройына нұқсан келтіріп, қоғам алдында беделін түсіреді", — деп есептейді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктегілер.

Мемлекеттік қызметшіге заңсыз сый жасаған адамға, егер қылмыстық жазаланатын әрекет болмаса, 200 айлық есептік көрсеткіш (481 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ал заңсыз сый алған лауазымды тұлға 600 АЕК (1 443 000 теңге) айыппұл төлейді.  

Егер сыйлық беру немесе алу оқиғасының куәгері болсаңыз, тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 нөміріне хабарласа аласыз. Сонымен қатар, азаматтар агенттік төрағасының ресми блогына хат жазып қалдыра алады. 

731
Кілт сөздер:
сыйлық, мемлекеттік қызметші, жемқорлық
Тақырып бойынша
Ата-аналардан жиналған ақша қандай жағдайда жемқорлық болып есептеледі?
Шпекбаев: күн сайын жемқорлық туралы 50-100 хат келеді
Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдердің қатарынан шықты
Солтүстік Қазақстанда екі рет жемқорлық жасаған адам мектеп директоры болды
Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға қанша ақша төленді?
Ішпекбаев: көп ұзамай елімізде тұрмыстық жемқорлық жойылады
Коронавирус, вакцина

Өткен тәулікте 272 адам COVID-19 жұқтырды

13
(Жаңартылды 09:41 28.05.2020)
Коронавирусқа байланысты соңғы мәліметке сәйкес, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 9 576, емделіп шыққандар - 4 768, кайтыс болғандар - 37

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам COVID-19 жұқтырды. Өсім - 2,9%.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 56 (3,2%)

Қарағанды облысы - 49 (7,0%)

Алматы қаласы - 25 (1,1%)

Ақтөбе облысы - 22 (7,8%)

Батыс Қазақстан облысы - 21 (4,4%)

Қызылорда облысы - 20 (6,6%)

Шымкент қаласы - 17 (2,4%)

Түркістан облысы - 17 (5,0%)

Атырау облысы - 15 (1,6%)

Алматы облысы - 14 (4,6%)

Қостанай облысы - 5 (3,8%)

Жамбыл облысы - 4 (1,1%)

Ақмола облысы - 2 (1,4%)

Солтүстік Қазақстан облысы - 2 (4,1%)

Шығыс Қазақстан облысы - 1 (1,4%)

Маңғыстау облысы - 1 (0,6%)

Павлодар облысы - 1 (0,5%)

155 адам емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 9 576, емделіп шыққандар - 4 768, кайтыс болғандар - 37.

Данные по коронавирусу на утро 28 мая
© Photo :
Коронавирусқа қатысты соңғы ақпарат, 28 мамыр
13
Кілт сөздер:
Қазақстан, адам, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Ешқайда кетпейді": бас санитар дәрігер коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: министр ауруханада жатқан полицейге барды

263
(Жаңартылды 20:35 27.05.2020)
Ішкі істер министрі Алматыдағы блок бекетте болған жағдайды жеке бақылауына алды. Тұрғымбаев зардап шеккен полицейге тез сауығып кетуін тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі полицей көз жұмған жол апатынан кейін жұмыс сапарымен Алматыға арнайы барды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Министр внутренних дел Казахстана Ерлан Тургумбаев навестил в больнице полицейского, пострадавшего при столкновении на блокпосту в Алматы
Ішкі істер министрі Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада

Министр №7 қалалық клиникалық ауруханаға зардап шеккен полиция қызметкері аға лейтенант Ербұлан Сейдазымға барды. “BMW” автокөлігінің блок бекетке соғылуының салдарынан ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы ауыр дәрежеде зақымданған.

Зардап шеккен полицейге екі операция жасалды. Бас сүйегінің резекциялы трепанациясы және бас сүйек ішіндегі гематома алынды.

Ведомство басшысы дәрігерлер консилиумына қатысты. Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Блок бекеттегі апат

Айта кетейік, 25 мамыр күні таңертең Көксай ауылындағы блок бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей көз жұмды. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында, ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Тағы бір полицей ауыр жараланды. Ол бекеттен әрі-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған. Басынан ауыр жараланған полицейге ота жасалды.

№ 7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургы Ерлан Түбелбаев науқастың жағдайы тұрақты ауыр екенін айтты. Миына компьютерлі томография жасалынды. Науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

263
Кілт сөздер:
Алматы, полицей, аурухана, министр, апат
Тақырып бойынша
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты
Алматы блок бекетіндегі оқиғадан кейін полиция департаментінің басшылығы жазаланды
Алматыда блок бекетті соққан ер адам полицияда 6 жыл жұмыс істеген – ІІМ
Блок бекеттегі трагедия: қаза болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі 
Бизнес, құжаттар

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады

0
(Жаңартылды 10:10 28.05.2020)
Әлеуметтік төлем бойынша және салық қарызы жоқ азаматтар жеке кәсіпкерлік жүргізуді онлайн режимде тоқтата алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті тоқтатудың жеңілдетілген тәртібін қолдана алады, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.

Бұл үшін мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық төлеушінің салық өтінішін толтыру керек.

0