Әйел

Астанада төсін жалаңаштаған депутат соққыға жығылды

19538
(Жаңартылды 21:06 25.12.2018)
Төсін көрсеткен депутатқа қатысты дау жалғасын тапты

АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Елордалық жастар мәслихатының депутаты, модель Динагүл Тасова желтоқсанның басында Fashion Night Astana сән көрсетілімінде ашық-шашық киіммен шыққаннан кейін соққыға жығылғанын мәлімдеді.

"Мен туралы жаңалық шыққан соң, сынның астында қалдым. Әлдекім менің адамгершілік деңгейімнің төмендігін айтса, енді бірі ашық түрде қорлады. Менің Instagram-дағы аккаунтымды жаптыруға дейін барды, оның себебі – омырау", — деп жазды қыз.

Ол бұрын да ішкиіммен немесе сукиіммен көрсетілімдерге қатысқанын айтты.  

"Мен модель ретінде жұмысымды жақсы атқарып жүрмін", — деді Динагүл.

Instagram-дағы жаңа парақшасында қыз тағы да ашық-шашық фотосын жариялады, онда денесі көгеріп тұрғаны байқалады. Модель жазбасында жақын санайтын адамы осылайша "қолдау" білдіргенін атап өтті. 

"Мен оған ризашылығымды білдіремін – ол маған нағыз проблеманың не екенін ұғындырды! Жан жарасымен салыстырғанда тән жарасы ештеңе де емес. Мен бұл жайында үнсіз қалмаймын деп шештім!", — деп мәлімдеді Динагүл Тасова. 

Жазбада қыз Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы статистиканы зерттегенін айтады – жыл сайын 40 мыңнан астам адам әйелдерді қорғау бөлімшелеріне жүгінетін көрінеді және бұл өтініш жазудан қорықпайтындары ғана. 

Ол елімізде 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы қабылданғанын, биік мінберлерден Қазақстан әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына кіруге ұмтылатыны жайлы айтылып жатқанын атап өтті, дегенмен "біздің кейбір еркектер әлі күнге орта ғасырдағыдай әрекет ететін болса, бұл мүмкін бе?" деп сауал тастайды.  

"Тұрмыстық зорлық-зомбылықты және әйелдер мен балаларды ұрып-соғуды тоқтату – менің мақсатым, менің қоғамға қосқан үлесім" — деп атап өтті Динагүл өзінің жаңа аккаунтында.

Динагүл Тасова "Fashion Night Astana" кешінде Dana Dyusembayeva сән үйінің көйлегін киіп шыққан болатын. Желіде жарияланған суреттен көйлектің кеуде тұсында астары жоқ екенін байқауға болады, модельдің төсі толық көрініп тұр. Бұл Қазақстан халқының наразылығын тудырды. 


19538
Кілт сөздер:
депутат, Астана
Тақырып:
Астана жаңалықтары (89)
Тақырып бойынша
Астананың аязында жартылай жалаңаш жүгірген марафоншы елді таңғалдырды
"Жалаңаш суретіңді жариялаймын". Атырауда жас қыздарды зорлаған жігіт ұсталды
Загрузка...