Қоғам

Жабық аялдаманың орнына: Астанада кезекші автобустар жолаушыларды жылытады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуҚатты аяз, архивтегі фото
Қатты аяз, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда тұрғындары мен қонақтары тоғыз аялдамада кезекші автобустарда жылынып отырады

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Астанада қатты аязға байланысты қоғамдық көліктердің аялдамалары кезекші автобустармен жабдықталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты "Астана LRT" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

"Ауа райының қолайсыздығына орай бүгін 25 желтоқсанда белгілі бір аялдама пунктерінің аудандары кезекші автобустармен жабдықталады. Бұл – өзіне қажетті бағдарды күтетін жолаушылар тоңып қалмас үшін қолға алынған шара", — делінген компанияның баспасөз хабарламасында. 

Кезекші автобустармен жабдықталатын аялдамалардың тізімі төменде келтірілген. 

© Photo : FACEBOOK / ҚАЛАЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ОРТАЛЫҒЫКезекші автобустармен жабдықталатын аялдамалардың орналасқан жері
Кезекші автобустармен жабдықталатын аялдамалардың орналасқан жері  - Sputnik Қазақстан
Кезекші автобустармен жабдықталатын аялдамалардың орналасқан жері

Айта кетейік, Астанада аязға байланысты 7 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде колледждің екі студенті қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Жасөспірімдерді ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған.


Жаңалықтар
0