Қалам мен қағаз

"Бұл менің қателігім". Олжас Сүлейменов сотқа тағы бір хат жолдады

4006
(Жаңартылды 13:31 11.01.2019)
Жаңа хаттың пайда болуына байланысты сот үзіліс жасап, келесі отырысты 3 қаңтар сағат 15:00-ге ауыстырды

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық ақын Олжас Сүлейменовтің жаңа хаты оның немересінің өліміне қатысты өткен сот отырысында оқылды. 

Сәрсенбі күні Астана қаласының соты екі жылға бас бостандығынан айырылған Малика Мұхитованың апелляциялық шағымын қарады.

Сотта жәбірленуші тарап Олжас Сүлейменовтің соңғы жазған үндеу хатын оқып берді. Бұл хатында ақын марқұм Ескендір Сүлейменовтің ата-анасына бұрынғы хатты көрсетпегеніне өкінгені туралы жазған. Әңгіме танымал ақынның жол-көлік оқиғасына кінәлі Малика Мұхитованың жазасын жеңілдетуді сұрап жазған үндеу хаты жайында болып жатыр.

Өткен аптада астаналық сотқа бағытталған жазба БАҚ-та жарияланды. Сүлейменовтің айтуынша, бұл жазба жақындарының арасында үлкен резонанс тудырған. Жазушы Мұхитованың туыстары бірнеше мәрте кешірім беруді өтінгендіктен, бұл әрекетке жанашырлықтан барып отырғанын айтқан.

"Бірақ жол-көлік апаты салдарынан кісі өлімі болған кезде екі тараптың татуласуы біздің заңда қарастырылмағанын білемін. Әрине, хатты жібермес бұрын оны қызым мен Сергейге көрсетіп, ақылдасып алуым керек болатын. Бұл менің қателігім", — деді Олжас Сүлейменов.

Ол соттың үкімді жеңілдету туралы өтінішті жеке адамның пікірі ретінде қабылдайтынына сенетінін айтып өтті. Сондай-ақ өзінің айтқандары процестің ресми қатысушылары, ең бастысы Ескендірдің ата-анасының позициясын білдірмейтініне тоқталды. 

Марқұмның анасы Ләйлә Сүлейменова мен әкесі Сергей Хан соттан кесілген жазаны сол күйінде қалдыруды сұрады.

Малика Мұхитова тағы да өз кінәсін мойындайтынын айтып, Сүлейменовтер отбасынан кешірім беруді өтінді.

Келесі сот отырысы 2019 жылдың 3 қаңтарында сағат 15:00-де өтеді.

Малика Мұхитова сот залында жылап кешірім сұрады
© Sputnik /
Малика Мұхитова сот залында жылап кешірім сұрады

Танымал қазақстандық ақын және жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменов 2018 жылдың 22 маусымында жол апатынан көз жұмды.

Мотоцикл айдап келе жатқан жас жігіт рөлінде Қызылорда облысы ішкі істер департаменті басшысының қызы Малика Мұхитова отырған иномаркамен соқтығысып, қаза болды.

Қараша айында Астана қаласының №2 соты Мұхитованы екі жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді. Сондай-ақ, бойжеткенге бес жыл көлік тізгіндеуге тыйым салынды.

4006
Кілт сөздер:
үкім, хат, жол апаты, Малика Мұхитова, Ескендір Сүлейменов, Олжас Сүлейменов
Тақырып:
Ескендір Сүлейменовтің қазасы (24)
Тақырып бойынша
"Кінәлі екеніне күмән жоқ". Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы полковниктің қызын кешірмеді
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: полковниктің қызы қанша жылға сотталуы мүмкін?
Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы материалдық шығыннан бас тартты
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: Судья марқұмның анасының сөзін жоққа шығарды
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: марқұмның анасы мәлімдеме жасады
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: отбасы полковниктің қызынан 14 млн теңге сұрады
"Жалғыз немерем". Адвокат сотта Олжас Сүлейменовтің хатын оқып берді
Аурухана, архивтегі сурет

Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді

61
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елде түрлі пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы "белгісіз пневмония жағдайлары" туралы сұрады.

"Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат тарап жатыр. Ол біздің статистикада көрсетілмей жатқаны айтылады. Ол қандай пневмония?" - деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 546 адам пневмонияға шалдықты. Өсім - 55,4%", - деп жауап берді Цой.

Мемлекет басшысы бұл пневмония салдарынан қанша адам қайтыс болғанын нақтылады.

"Бірінші жартыжылдықта 1772 жағдай тіркелді. Өткен жылы (бір жылда) 1 780 адам қайтыс болды", - деді Алексей Цой.

Президент бұл төтенше жағдай екенін айтты. 

"Сонда жағдай төтенше деген сөз бе? Көп адам қайтыс болды, мұны мойындау керек", - деді Тоқаев.

61
Науқасты тексеріп жатқан дәрігер

Пневмониясы барларға қалай дұрыс жату керек пульмонолог кеңесі

108
Медицина ғылымдарының докторы дене жаттығулары мен тыныс алу гимнастикасы ауру асқынған жағдайда қауіпті екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. "Астана медицина университеті" ҰАК отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпова пневмонияға шалдыққан науқастарға көбірек етпетінен жатуға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Етпетінен жиі жату керек. Респираторлық синдром пайда болғанда, егер ол рентгенограммамен немесе компьютерлік томографиямен расталса, біз күніне бірнеше сағат, ал ауыр жағдайларда 12-16 сағат жатуға кеңес береміз",– деді Латыпова онлайн брифингте.

Айтуынша, бұл өкпеге пайдалы.

Сонымен қатар, пульмонолог пневмониясы бар пациенттерге массаж жасау туралы айтты.

Оқи отырыңыз: Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?

Латыпова массаждың пайдасы дәлелденбегенін, сондықтан дәрігерлер оны пневмониядан емдеудің тиімді әдісі ретінде ұсынбайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, ол дене жаттығулары мен тыныс алу гимнастикасы ауру асқынған жағдайда қауіпті екенін жеткізді.

108
Кілт сөздер:
емделу, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусты үйде қалай емдеу керек
COVID-19: Ресей дәрігерлері науқастарды емдеу тәжірибесін бөлісіп жатыр
Пневмония коронавирустан басым түсті – қайтыс болғандардың саны екі есе көп
Сағынтаев Алматыдағы пневмония эпидемиясына қатысты мәлімдеме жасады
Коронавирусты емдеу тәртібі өзгерді – ауруханалар қалай босатылады