Махаббат

Астана тұрғыны 63 көлікпен жазу жазып, үйленуге ұсыныс жасады видео

1237
(Жаңартылды 18:20 27.12.2018)
Астаналық жігіт достары мен таныстарының көмегімен сүйіктісін таңғалдырды

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Астана тұрғыны ерекше әдіспен сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады.

Елорда автотұрақтарының бірінде 63 көлікпен "Выходи за Маке" деген жазу жазылды. Мадияр осындай ерекше әдіс арқылы сүйіктісі Сабинаны таңғалдыруға шешім қабылдаған екен.

 Жазу әуеден квадрокоптердің көмегімен видеоға түсірілген. Сабина тұрмысқа шығу туралы ұсынысты монитор арқылы көрді. Жүзік пен гүл ұстаған Мадияр оған жақындайды. Таңғалған қыз: "Иә", — деп жауап берді.  

"Ғашықтар сүйіктісіне қалай ұсыныс жасайтынын күн сайын көріп жүрген жоқпыз. Маке, біз сені мақтан тұтамыз, сендерге бақыт және көп перзент тілейміз", — деп жазды Мадиярдың досы Денис Сидтиков.

Желіде Мадиярдың өзі емес, достары ұсыныс жасады деп қалжыңдап жатыр. 

Биыл Астана қаласының тұрғындары Азамат пен Сабина әлеуметтік желіде ең көп талқыланған жұптардың бірі болды. Күзде салынып жатқан тұрғын үй нысанына "Мадина, я тебя люблю. Выходи за меня. Я брошу мир к твоим ногам" деген үлкен баннер ілінді.

 
Ал қыркүйек айында Ақтау қаласының тұрғыны пиротехниканың көмегімен қызына арнап отшашу ұйымдастырды. Алайда полиция бұл романтикалық кешті бағалаған жоқ. Жас жігітке 90 доллар айыппұл салынды. 

1237
Кілт сөздер:
үйлену туралы ұсыныс, әлеуметтік желілер, Астана
Тақырып бойынша
Үйленуге ұсыныс жасамақ болған жігіт сәтсіздікке ұшырады - видео
Шың басында үйленуге ұсыныс жасаған жігіт сүйіктісімен бірге ажал құша жаздады
Загрузка...