Қоғам

Қазақстанда жарты миллионға жуық адам жеке куәліксіз жүр

© Sputnik / Владислав ВодневЖеке куәлік
Жеке куәлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Астанада 77 мың адамға жеке куәлік берілген

АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда жарты миллионға жуық адам құжатсыз жүр. Жұмысқа орналаса алмау, тіпті ауырып қалса ауруханаға жүгінбеу сияқты жағдайларға санда да, санатта да жоқ бұл азаматтардың еті үйреніп кеткен сыңайлы. Б9л туралы "Алматы" арнасы хабарлады.   

"Соңғы бес жылда 1500 адамды заңдастыруға септігімізді тигіздік. Олар негізінен, үй-күйсіз жүргендер, жетімдер үйлерінің түлектері, яғни қоғамның әлеуметтік қорғалмаған тобы", – деді "Қорғау Астана" ҚҚ директоры Анна Рыль.

Жаңбырлы күні кетіп бара жатқан қыз, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Полиция құлдықта болдым деген қыздың оқиғасына қатысты түсініктеме берді

Маман елімізде құжатсыз жүрген келімсектердің де барын жеткізді. Десе де, қазақстандықтардың да саны аз емес дейді. Бейресми мәлімет бойынша жарты миллионнан астам отандасымызда куәлік жоқ. Ал елордалық көші-қон қызметі басқармасының мамандары ресмилендірудің еш қиындығы жоқ деп отыр.

"Жеке басты куәландыратын құжат алған кезде азаматтың міндетті түрде тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуі болуы шарт. Яғни тұрғылықты тіркеусіз оның ешқандай құжатты рәсімдеуге мүмкіндігі болмайды. Жеке куәліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 20 пайызын құрайды. Бұл 481 теңге", – дейді Астана қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Анар Жомартова.

Белгілі болғаны, биыл Астанада 77 мың адамға жеке куәлік берілген. Олардың жүзге жуығында түрлі мәселе болған. Мысалы, 29 астаналық ұзақ жылдар бойы құжатсыз өмір сүріп, ешқандай санатта да тіркелмеген. Олар тұлғасын растайтын куәлігін енді ғана алып отыр.


Жаңалықтар
0