Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев

Биылғы соңғы үкімет отырысы: Министрлер мен әкімдер Сағынтаевтан сөз естіді

2158
(Жаңартылды 20:52 30.12.2018)
2018 жылы бірқатар өнеркәсіп саласында еңбек өнімділігі өспеген

АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев биылғы жылдың соңғы үкімет отырысында президенттің тапсырмасын толық орындай алмай отырған министрлер мен әкімдерге шүйлікті, деп хабарлайды тілшісі. 

Бүгін үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі мәселесі қаралды. 

Сағынтаев Қазақстан президенті әрбір жарты жылда немесе жыл соңында еңбек өнімділігін арттыру бойынша өңірлердің рейтингін жасап отыруды тапсырғанын еске салды. 

"Алайда бүгінгі баяндамалардан еңбек өнімділігінің өспегенін көруге болады. Әрбір Индустрияландыру күнінде іске қосып жатқан зауыт-фабрикаларыңыз еңбек өнімділігінің өсуіне неге әсер етпейді? Бір ғана зауыттың жұмысы нашарлап қалса, еңбек өнімділігін артқа тартып кетеді. Басқа жұмыс жоқ, бір ғана зауытқа тәуелдіміз. Ауыл шаруашылығы, тамақ өндірісі, басқа да ірі өнеркәсіптер болсын, қай өңірге қарасаңыздар да, жағдай осы. Бәрінде де бір себептеріңіз дайын тұр", — деп ашуланды үкімет басшысы. 

Сағынтаев қол астындағылардан жүйелі жұмыс неге жүргізілмей жатқанын сұрады.

"Мыңдаған зауыт аштық деп айтып жатырмыз, ал сонда неге ол еңбек өнімділігінің жоғарылауына әсер етпейді? Сонда қандай зауыттар ашып отырсыздар?", — деді премьер. 

Жылдың қорытындысы бойынша бәрін дұрыстаймыз деген министрлер мен әкімдерге Сағынтаев жылдың аяқталғанын еске салды.

"Жарты жылдың қорытындысымен осындай, жылдың қорытындысы бойынша бәрін дұрыстаймыз деп айтып отырсыздар. Жыл бітті, қайтіп дұрыстайсыздар? Бүгінге дейін істелмеген жұмыс ертең жасалмайды. Сол себептен осы мәселені әркез есте ұстауы керек. Асқар Ұзақбайұлы, жарты жылда бір осы сұраққа қайта оралып, айтылған уәделерін хаттама арқылы бекітіп, кейін салыстырмалы түрде қарап отыру керек. Елбасының тапсырмасы толық орындалуы тиіс", — деді үкімет басшысы. 

Сондай-ақ, премьер еңбек өнімділігінің төмендігін өзбек ағайындарға ысыра салған әкімдерді де сынға алды.

"Баяндама жасаған кезде, себебін дұрыс айтыңыздар. Бір облыс әдістеме өзгеріп, сол кінәлі дейді. Бір облыс "өзбек ағайындар кінәлі" дейді. Сіздердің жұмыстарыңыз сонда неде? Жұмысшылар сырттан жылда келеді. Сонда жыл сайын өзбек ағайындарға кінә артып отырамыз ба?", — деді ол. 

Сағынтаев жиналысқа дайындалған кезде, баяндаманың мазмұнын білу керектігін ескертті. 

"Атүсті емес, жақсылап тұрып дайындалу керек. Қағазға жазылғанды ғана оқып бересіздер. Яғни, жұмыс жоқ деген сөз", — деді премьер-министр.


2158
Кілт сөздер:
сын, өндіріс, экономика, үкімет отырысы, Бақытжан Сағынтаев
Тақырып бойынша
Премьер-министр Назарбаевтың тапсырмасын орындамай отырған әкімдерге шүйлікті
Назарбаев тарифтерді төмендету туралы: Премьер-министр мен үкімет шара қабылдамаған
Үкімет қазақстандықтардың табысын өсіретін жалпыұлттық жоспар қабылдады
"Кемшілік көп" Нығматулиннің үкімет жұмысына неге көңілі толмайды?
WhatsApp мессенджері

"Кешкісін құрбандарын іздейді": Мамлютте маньяк пайда болғаны жайлы ақпарат тарады

1493
(Жаңартылды 19:46 05.08.2020)
Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында әйел WhatsApp желісінде танысының фотосын жариялап, оның маньяк екенін айтқан. Polisia.kz порталының хабарлауынша, 27 жастағы тұрғын фотодағы азаматпен араздасып қалған соң, осындай әрекетке барған.

Автор желіде жариялаған фотосының жанына: "Сақ болыңыздар! Мамлют қаласындағы жұмысшы кентінде маньяк пайда болды. Кешкісін құрбандарын іздейді. 30 шілдеде ол жас қыздың соңынан жүгірді, қуанышқа қарай бойжеткен қашып үлгерді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған" деп жазып, хабарламаны мессенждерлерде таратқан.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны мониторинг жүргізу арқылы тапты.

"Тәртіп сақшылары аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өзінің танысымен арада туындаған кикілжіңге байланысты жалған ақпарат таратқанын мойындады", - делінген ақпаратта.

3 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Медиация нәтижесінде жәбірленуші шағымдардан бас тартып, жерлесімен татуласуға келісті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды 

"Егер бұл жерде медиация тәсілі қолданылмағанда тәртіп бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (500 040 теңге) немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік жүктелетін еді. Заңда жеке тұлғаларға жала жапқаны үшін, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін дәл осындай жаза қарастырылған", - деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

1493
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жалған ақпарат
Тақырып бойынша
"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты  
Мемлекет басшысы саяси ойын жасағысы келетіндерге шүйлікті
Жамбыл облысында даулы видеодан кейін бас дәрігер науқасты сотқа берді
Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды  
Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Аймағамбетов

Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді

5293
(Жаңартылды 17:58 05.08.2020)
Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертіп, қашықтан оқыту кезінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге көңіл бөлуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жаңа оқу жылына дайындығы және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

"Мемлекет басшысы білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: "Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді

5293
Кілт сөздер:
ұстаздар, білім
Тақырып бойынша
Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті
Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді
Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді 
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Білім министрлігі карантинге байланысты қандай өзгеріс болғанын хабарлады
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

0
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

0
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты