Астана

Астана мен төрт өңірде дабылды ескерту жарияланды

741
(Жаңартылды 14:55 30.12.2018)
30-31 желтоқсан күндері еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде ауа райы бұзылады

АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. "Қазгидромет" РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана, Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл және Ақмола облыстарында дабылды ескерту жариялады.

30 желтоқсан күні түнде Түркістан облысының кей жерлерінде  жауын-шашын мол түседі. Тәулік бойы кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. 

30 желтоқсанда түнде және таңертең Шымкент қаласында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

 30 желтоқсанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

 30-31 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Астана қаласында 30 желтоқсанда жаяу бұрқасын соғады деп болжанып отыр.


741
Кілт сөздер:
ауа райы, Ақмола облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Шымкент, Астана
Тақырып бойынша
Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
"Отыз бес градус аяз" Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты
Загрузка...