Бармен

Ішімдіктің жүрекке пайдасы анықталды

4222
(Жаңартылды 16:07 30.12.2018)
Шектеулі мөлшерде ішімдік ішкен науқастардың өмірі жасы ұзарған

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. АҚШ-тың Вашингтондағы медицина университетінің мамандары ішімдікті шектеулі мөлшерде ішу жүрек қызметінің жеткіліксіздігі дертіне шалдыққан егде жастағы адамдар арасында өлім қаупін азайтады деген қорытынды жасады, деп хабарлайды EurekAlert!.

Зерттеушілер 393 науқастың жүрек-қантамыр жүйесін тексерген. Белгілі болғандай, аптасына ішімдіктің 7 стандартты порциясын немесе одан да аз ішімдік ішкен адамдардың өмірі мүлдем ішпейтіндермен салыстырғанда 383 күнге ұзағырақ болады екен. Тәжірибеге қатысқан еріктілердің өмірі диагноз қойылғаннан кейін орта есеппен 7,5 жыл деп болжанған.

Хабарламада аталып өткендей, мамандар науқастардың неге жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққаны туралы білмепті. Енді ғалымдар жүрегі ауыратын қарттардың қанша мөлшерде ішімдік ішкені жөн екенін анықтауы тиіс.

Дегенмен мамандардың ескерткендей, зерттеу жұмысының нәтижесіне қарап, осындай дертке шалдыққан, бірақ ішімдік ішпейтін жандардың арақ-шарапқа салынып кетпегені абзал.


4222
Кілт сөздер:
ғалымдар, денсаулық, жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары, ішімдік
Тақырып бойынша
Ғалымдар қай жылы туғандардың өмір жасы қысқа болатынын айтты
Ғалымдар артық салмақтан арылуға не көмектесетінін айтты
Ғалымдар жүкті әйелдерге неге шай ішуге болмайтынын айтты
Ғалымдар қатерлі ісіктің дамуын төрт есеге арттыратын факторды анықтады
Ғалымдар адам ағзасы қай уақытта көп калория жұмсайтынын анықтады
Ғалымдар жылдам салмақ тастауға не көмектесетінін айтты
Ғалымдар қартаюды баяулататын өнімдерді атады
Ғалымдар ұйықтап жатқанда артық майды кетіретін тағам түрін анықтады
Ғалымдар қыстың өлімге әкелетін қаупі туралы айтты
Ғалымдар көздің көрмей қалуынан сақтайтын тағам түрлерін атады
Загрузка...