тұрғын үй

Астанада мұғалімдер, дәрігерлер және полицейлерге миллион теңгеден берілді

6999
(Жаңартылды 13:16 02.01.2019)
Астана әкімі жаңа жыл қарсаңында мұғалімдерге, дәрігерлерге және полиция қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттарын табыстады

АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. Миллион теңгелік 100 сертификатқа бюджет саласының қызметкерлері ие болды. Бұл қаражат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер алу үшін алғашқы жарна ретінде пайдаланылады.

Баспана алуға жағдай жасауға қатысты президент жолдауын жүзеге асыру аясында Астана әкімдігі бюджет саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету үшін қала бюджетінен 100 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты

"Елбасы жергілікті бюджеттен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны жартылай субсидиялау жолдарын қарастыруды бұйырды. Тұрғын үй сертификаттарын табыстау білікті педагогтар, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және басқа да мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін арттырады", — деді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов сертификат иегерлерін құттықтай отырып.

Оның айтуына қарағанда, тұрғын үй сертификаттары "Нұрлы жер", "7-20-25" бағдарламаларын жүзеге асыру аясында өз қызметінде лайықты жұмыс жасап, сол арқылы елорданың дамуына үлес қосқан азаматтарға берілді.

"Біз қаражатты бүгінгі таңда қаланың дамуына аса қажетті мамандық иелеріне бөлдік. Біздің елорда өмір сүру үшін ең қауіпсіз және ыңғайлы болуы керек. Ол үшін біз тиісінше білім саласын, денсаулық сақтау және құқық қорғау жүйелерін дамытуға тиіспіз. Әлеуметтік саладағы қызметкерлер де назардан тыс қалмайды"- деді Сұлтанов.

Сертификат иегерлерінің бірі №44 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Нұржамал Жақыпова алғашқы жарнаға қаражатты 2,5 жыл бойы жинағанын айтты.

"Осы науқанның арқасында біз өзімізге қажетті баспанаға ие болуға мүмкіндік алдық. Бізде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит бар. Миллион теңгеге толыққанының арқасында енді біз екі бөлмелі пәтер ала аламыз. Әкімдікке осындай қолдау көрсеткені үшін ризамыз"- деді Жақыпова.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаевтың айтуынша өтініш беру кезінде мұғалімдер, дәрігерлер және полиция қызметкерлері, сонымен қатар олардың отбасы мүшелері Астанада тұрақты тіркеуде тұрып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары және өз шоттарында жинақтары болуы керек. 

Бөлінген ақшалай қаражат салымшыларға алғашқы жарнаның 20%-н тез жинақтауға көмектеседі. ТҚЖБ 7%-дан аспайтын жылдық мөлшерлемеде несие береді. Қарыздың максималды мерзімі — 25 жыл, ал несие сомасы 20 млн теңгеден аспауы қажет. Қаржы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне бөлінгеннен кейін әлеуметтік көмекті алушыға баспана таңдап, оның иесі болуына үш ай уақыт беріледі.

6999
Кілт сөздер:
тұрғын үй бағдарламасы, Нұрлы жер, "7-20-25" бағдарламасы., баспана, Бақыт Сұлтанов, Астана
Тақырып бойынша
Қазақстанда "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?
Шымкентте баспана алуға пайызсыз несие беріледі
"Баспана" АҚ пәтер алғысы келетін қазақстандықтарды сақтандырды
Мемлекеттік мекемелер өз қызметшілеріне баспана алуға пайызсыз қарыз береді
Баспана алу үшін зейнетақы қаржысын пайдалануға бола ма? Ақышев жауап берді
"7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу керек?
Білім министрі әкімдікпен бірлесіп мұғалімдердің баспана мәселесін шешпек
Загрузка...