Көшедегі адамдар

2019 жылы Қазақстанда өтетін маңызды бес оқиға

4644
(Жаңартылды 14:31 04.01.2019)
Ұлттық халық санағы, екі әлем чемпионаты, жаһандық саммит, Жастар жылы – биыл еліміз айтулы оқиғалардың ордасына айналады

АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. 2019 жыл Қазақстанға үлкен жауапкершілік жүктегелі тұр. Олай дейтініміз, еліміз биыл екі бірдей әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды. Оның үстіне ұлттық санақ аясында халық санын алғаш рет онлайн есептеп шықпақ. Күні кеше ғана табалдырықтан аттаған Доңыз жылы Қазақстанда тағы қандай айтулы оқиғалар болатынын Sputnik Қазақстаннан оқыңыз. 

Үшінші халық санағы 

2019 жылы Қазақстанда өтетін басты оқиға ұлттық халық санағы болмақ. Биыл билік қазақстандықтардың санын жаңа әдіспен есептегелі отыр. Халық санағына Қазақстанның барлық азаматы, соның ішінде кәмелетке толмағандар, елде уақытша тұратындар мен шетелге уақытша кеткендер, шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар да қатысады. Бұған қоса, үнемі шетелде тұратын қазақстандықтар да есепке алынады. 

Бұл жолы жалпыға бірдей халық санағы әдеттегідей қағаз түрінде емес, электронды форматта өтеді. Ол үшін қазақстандықтар статистика комитеті іске қосатын сайтқа кіріп, 89 сұраққа жауап беруі тиіс. Оның ішінде 45 сұрақ – азаматтардың жеке мәліметтері мен алдағы жоспарларына қатысты. 

Халық санағы екі кезеңнен тұрады деп жоспарланып отыр. Алғашқысы мамыр-маусым айларында, екіншісі қарашада өтпек. Санақ электронды форматта өтсе де, ұйымдастырушылар 30 мың еріктіні жұмысқа тартпақ. Олар планшетпен үй-үйді аралайтын болады. 

Биылғы санаққа мемлекет бюджетінен 8,8 миллиард теңге жұмсалады деп жоспарлануда. 

Айта кетсек, ұлттық халық санағы елімізде әр 10 жыл сайын өткізіледі. Қазір елімізде халық саны – 18 миллион 393 мыңнан астам.

Хоккейден әлем чемпионаты

Доңыз жылында Қазақстан алғаш рет ерлер командалары арасында хоккейден әлем біріншілігін қабылдайды. Бірінші дивизиондағы "А" тобының ойындарын өткізуге Қазақстанмен бірге Словения да өтініш білдірген болатын. Көктемде дауыс беру қорытындысы жарияланып, Қазақстан жеңіске жетті.

Спорт әлеміндегі айтулы оқиға Астанадағы "Барыс Аренада" 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтеді. ТОП-дивизионға жолдама алуға Беларусь, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Венгрия, Словения мен Литва құрамалары таласады. 

Бұған дейін Астана мен Алматыда қысқы универсиада (2017), қысқы Азия ойындары (2011), жастар арасындағы әлем чемпионаты (2003) өткен еді.

Күрестен әлем біріншілігі 

Биыл Қазақстанға тағы бір ірі спорттық шараны өткізу құрметі бұйырды. Қыркүйек айының басында Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling – грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің халықаралық федерациясы) Қазақстан астанасын ресми түрде 2019 жылғы әлем чемпионатының қожайыны ретінде таңдады. Турнир өткізуге Алматы мен Стамбул қалалары да үміткер болған еді. Бірақ халықаралық федерацияның таңдауы Астанаға түсті. 

Үлкен спорттық оқиға сегіз күнге созылады. Әлем біріншілігі 14-22 қыркүйек аралығында елорданың "Дәулет" аренасында өтеді. 

2019 жылғы әлем чемпионаты 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама тарататын алғашқы лизенциялық турнир болмақ.

Әлем біріншілігінің билеттері қаңтар айында сатыла бастайды. 

Жаһандық саммит

Былтыр Астана қалалық туризм бойынша 8-ші жаһандық саммитті өткізу құқығын жеңіп алды. Елорданың жеңісі туралы Оңтүстік Корея астанасында өткен ЮНВТО (Бүкіләлемдік туристік ұйым) қалалық туризмі бойынша 7-жаһандық саммит барысында белгілі болған еді.  

Туризм саласында осындай ауқымды деңгейдегі шараны өткізу тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет болып отыр. Қала туризмі бойынша жаһандық саммит жылына бір рет Бүкіләлемдік туристік ұйымының (ЮНВТО) талаптарына сәйкес таңдалған қалада өтеді. 

Биыл Астанада өтетін саммит елорданың туристік әлеуетін әлемге паш етуге, қаланың дамуындағы жаңа бағыттарды көрсетуге, ірі халықаралық ұйымдармен және компаниялармен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік бермек. 

Жастар жылы                                                                            

Нұрсұлтан Назарбаев
© Photo : Официальный сайт президента Республики Казахстан
Елбасы 5 қазандағы жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс екенін атап өткен болатын. Сондай-ақ, Қазақстан президенті жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек екенін айтты. Осылайша биылғы жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. 

Елдің ертеңі – жастар екенін ескерсек, биыл жастар мәселесі толығымен шешімін табады деген үміттеміз.

4644
Кілт сөздер:
доңыз жылы, оқиға, халық санағы, әлем чемпионаты, күрестен әлем чемпионаты, хоккей, Астана
Тақырып:
Жаңа жыл 2019: Доңыз жылында бізді не күтіп тұр? (31)
Тақырып бойынша
Нумеролог жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін қандай болатынын болжады
Қазақстандықтар 2019 жылы асыға күтетін бес фильм
2019 жылы ҰБТ мен білім грантына қатысты қандай өзгерістер болады?
2019 жылы ең ұзақ демалыс қашан болады?
2019 жылы 2 миллионнан астам адамның жалақысы өседі – Назарбаев
Назарбаев 2019 жылы мұғалімдердің жалақысы артатынын айтты
2019 жылы қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?
WhatsApp мессенджері

"Кешкісін құрбандарын іздейді": Мамлютте маньяк пайда болғаны жайлы ақпарат тарады

1469
(Жаңартылды 19:46 05.08.2020)
Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында әйел WhatsApp желісінде танысының фотосын жариялап, оның маньяк екенін айтқан. Polisia.kz порталының хабарлауынша, 27 жастағы тұрғын фотодағы азаматпен араздасып қалған соң, осындай әрекетке барған.

Автор желіде жариялаған фотосының жанына: "Сақ болыңыздар! Мамлют қаласындағы жұмысшы кентінде маньяк пайда болды. Кешкісін құрбандарын іздейді. 30 шілдеде ол жас қыздың соңынан жүгірді, қуанышқа қарай бойжеткен қашып үлгерді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған" деп жазып, хабарламаны мессенждерлерде таратқан.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны мониторинг жүргізу арқылы тапты.

"Тәртіп сақшылары аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өзінің танысымен арада туындаған кикілжіңге байланысты жалған ақпарат таратқанын мойындады", - делінген ақпаратта.

3 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Медиация нәтижесінде жәбірленуші шағымдардан бас тартып, жерлесімен татуласуға келісті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды 

"Егер бұл жерде медиация тәсілі қолданылмағанда тәртіп бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (500 040 теңге) немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік жүктелетін еді. Заңда жеке тұлғаларға жала жапқаны үшін, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін дәл осындай жаза қарастырылған", - деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

1469
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жалған ақпарат
Тақырып бойынша
"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты  
Мемлекет басшысы саяси ойын жасағысы келетіндерге шүйлікті
Жамбыл облысында даулы видеодан кейін бас дәрігер науқасты сотқа берді
Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды  
Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Аймағамбетов

Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді

5241
(Жаңартылды 17:58 05.08.2020)
Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертіп, қашықтан оқыту кезінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге көңіл бөлуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жаңа оқу жылына дайындығы және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

"Мемлекет басшысы білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: "Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді

5241
Кілт сөздер:
ұстаздар, білім
Тақырып бойынша
Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті
Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді
Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді 
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Білім министрлігі карантинге байланысты қандай өзгеріс болғанын хабарлады
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

0
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

0
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты