Шолпан Елгезекова

"Жоспары көп еді..." Шолпан Елгезектің әріптестері актриса туралы естелігімен бөлісті

2488
(Жаңартылды 12:36 05.01.2019)
Актрисаның өнердегі әріптестері оның адамгершілігіне, кішіпейілділігі мен еңбекқорлығына тәнті болғанын айтады

АЛМАТЫ, 4 қаңтар — Sputnik, Айгерім Таубай. "Жараланған жүректер", "Айман-Шолпан", "Анашым, мені қалдырма", "Шабдалы" фильміне түскен театр және кино актрисасы Шолпан Елгезекова жаңа жыл қарсаңында жантүршігерлік апаттан көз жұмды. Елгезекованың әріптестері марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, естеліктерімен бөлісті. 

Академияда оқып жүргенде жүргенде "Сахна тілі" пәнінен сабақ берген ұстазы Оразхан Кенебаевтың айтуынша, Шолпан Елгезекованың бойындағы кішіпейілділік қасиеті бала кездегіден де арта түскен. Отандық "Айман-Шолпан" сериалында бір түсірілім тобында жұмыс істеген ұстаз бен шәкірт бірнеше жылдан кейін кездескен. Актердің айтуынша, ортасына сыйлы болған студент Шолпан өз жұмысына да асқан ұқыптылықпен қарайтын талантты актрисаға айналған. 

"Шолпан академияда оқып жүргенде "Сахна тілі" пәнінен менен сабақ алған. Тәртіпті, ұқыпты бала болатын. Үлкенді үлкендей, кішіні кішідей сыйлай білетін, өзін сыйлата білетін ортасына сыйлы адам еді. Содан кейін мен оны көп уақыт көрген жоқпын. Жоғалтып алдым. Сөйтсем Астанада болған екен. Кейіннен "Айман-Шолпан" сериалында кездестік. Қызымызды көргеніме қуанышты болдым. Шолпан – жұмысына ат үсті қарамайтын, өзі сомдайтын рөлді толықтай зерттеген, үлкен біліммен келген актриса. Үлкейе келе кішіпейілділігі артқан екен. Ешкімнің алдынан өтпейді. Әрдайым ағалап тұратын", — дейді Оразхан Кенебаев. 

"Шабдалының" кастингінен сүрінбей өтті

"Шолпанмен 2011 жылы "Жастығым менің — Астана" деген шағын телевизиялық фильмнің түсірілімінде таныстық.

Кейін мен о кісіні мүлдем ұмытып кетіппін. Араға жеті жыл салып, "Шабдалының" кастингінде кездестік. Бас кейіпкердің анасының рөліне бірнеше үміткер болды. Бәрі жақсы, бірінен бірі өткен, бірі театрдың сахнасында шыңдалған, бірі кинодағы практикаға бай актрисалар келіп жатты.

Бірақ маған бірдеңе жетпей тұрды. График бойынша түсірілім ертең. Мен бас кейіпкерлерді ұдайы апталап, кейде айлап іздеймін", — дейді "Шабдалы" фильмінің қоюшы режиссері Жандос Құсайын. 

Режиссердің айтуынша, ол түсірілімнің алдында кешкі сағат жетіге дейін соңғы үміткерге дейін күткен. Ал соңғы үміткер болып Шолпан Елгезекова мезгілдің қыс болғанына қарамастан шашын түйіп, көзіне күннен қорғайтын көзілдірік киіп кіріп келген көрінеді. 

"Еркін сөйлейді. Кіре кастинг атқарушы қыздарды қағытып қояды. Өзін он сегіздегі бойжеткен сезінеді. Сценарий бойынша, бізге керек актриса — бас кейіпкердің анасы. Ана керек бізге. Ал мына кісінің өзі қыз секілді… Түріне қарап ем, шырамыттым. Камераның алдына келіп тұрды. Монитордан қарадым. Келбеті келісті, түрі сүйкімді, қылығы тартымды. Өзіне жарасатын еркелігі де бар. Сценарийден бір сахна бердік. Түрленіп сала берді. Бағанағы қыз қылық жайына қалды. Ашуланатын жерде шатынады, жылайтын жерде әп-сәтте көзіне жаз алды. Мұңая салады да, кенет жанары жарқ етіп күледі. Ішім жылып сала берді. "Шолпан, былай айтыңыз" деймін — айна-қатесіз орындайды. "Енді былай деңіз" деймін. Тап-тұйнақтай техника. Сезімге бай. Іші бос емес. Командамен ақылдасып, айналасы бір сағатта "Шабдалының" бас рөліне бекітіліп кете барды", — деп еске алды режиссер. 

Алайда, түсірілімнің бірінші күнінде Шолпан Елгезекова мәтіннен жаңыла берген. "Сценарий бойынша қостанайлық әйел, қазақшасынан гөрі орысшасы жүйрік болуы керек еді", — дейді режиссер. Сол сәтте Жандос Құсайын өзінің таңдауда жаңылғанын айтып, актрисаны ауыстыру керек екенін айтқан. Алайда уақыт пен энергияны шығындаған түсірілім тобы тағы бір күн сынап көруді ұсынған. Түсірілімнің екінші күнінен бастап актриса образына кіріп, рөлді түрлендіре түскен. 

"Шолпан өз образына көп элемент қосты, түрлендірді, толықтырды. Түсірілім барысында үнемі ізденіп, "ол мына сөзді былай айтады, мына әрекетті былай істейді" деп жүретін. Жұмысына жүрдім-бардым қарамайды. Түскі аста қатар отырамыз. Мені сұрақтармен мезі етеді. "Мына жерде неге өйтеді ә? Ол неге былай сөйлейді, неге былай істейді". "Шолпан, бұл жалғанда "Шабдалыдан" да басқа қызықтар бар, мысалы, мына палауды, әнебір салатты әңгіме қылайықшы" деп күлетінмін. Ол болса кейіпкерін талқылаудан талмайтын. Аздап қиялилау да еді", — дейді режиссер. 

"Жүрегінің нәзіктігі айтқан әңгімелерінен білінеді"

"Шабдалы" фильмінде Шолпан Елгезекованің қызының рөлін сомдаған Айдана Қызылкұлова актрисаны әрдайым күлімдеп жүретін, көздерінің жалынынан өмірге деген махаббаты көрінетін деп еске алды. 

"Мен "Шабдалы" фильмнің түсіріліміне келгенде, съемка басталып кеткен болатын. Шолпан тәтені алғаш көргенде: "О, доча, қалайсың? Ұзақ күтіп қалдық қой сені", —  деп қарсы алған.

Бұл кісі әрдайым күлімдеп жүретін, көздерінің жалынынан өмірге деген махаббаты көрінетін. Білер-білмесімді айтып, кеңес беріп тұратын. Түсірілім кезінен тыс хабарласып, "осындай жоба болғалы жатыр, соған бар, көр" деп бағыттайтын мені. Шолпан тәтенің жүрегінің нәзіктігі айтқан әңгімелерінен байқалады. 

Түсірілімнің соңғы күндерінде, арамызда "ана мен қыз" туралы сөз қозғалған болатын. Түйіндеп, маған "Егер сенде сондай таңдау болса, махаббат па, әлде карьера ма, сен нені таңдаушы едің?" дегенде, сұраққа сұрақ қайтарып, "Ал, сіз ше? Қызыңызға қандай ақыл айтар едіңіз?" дегенде, ол маған "Егер қазіргі кезде адамның шынайы болмысы, шынайы қарым-қатынасы бірден көрінетін болса ғой, мен өзім жетектеп апарып беруші едім және сен мені осылай қинамаушы едің" деп күлімдеген болатын", — деп қайғыра еске алды Айдана Қызылкұлова. 

"Жоспары көп еді"

Театр және кино актеры Дулыға Ақмолданың айтуынша, Шолпан Елгезекова Қазақстанда қуыршақ театрын қолға алуды жоспарлап жүргенін айтты. 

"Шамамен бір ай бұрын режиссер Арман Қарабаевтың жаңа жобасында Шолпан Елгезековамен танысып, бірінші рет кинода сахналас болдық. Қайтыс болды деген кезде, желіден суретін көрген кезде өзімде толқу болды. Кеше ғана бірге жұмыс істеп, сырлас болған адамның дүниеден өткенін есту көңілімізге қайғы орнатты. Өте талантты актриса еді. Қуыршақ театры Қазақстанда кенжелеп келеді, соны дамытқым келеді деп өзінің жоспарларын айтып еді", — деді Ақмолда. 

29 желтоқсанда Алматыда Абай мен Сейфуллин көшесіндегі жантүршігерлік жол апатынан үш адам қайтыс болды. Арасында театр және кино актрисасы Шолпан Елгезекова бар.

2488
Кілт сөздер:
актриса, жол апаты, Дулыға Ақмолда, Шолпан Елгезекова, Алматы
Тақырып бойынша
Актрисаның қазасы: Алматы полициясы Gelandewagen жүргізушісін ұстады
Алматыда актрисаның қаза болуына байланысты ІІМ түсініктеме берді
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: аман қалған актрисаның жағдайы белгілі болды
Шолпан Елгезекова туралы не білеміз?
WhatsApp мессенджері

"Кешкісін құрбандарын іздейді": Мамлютте маньяк пайда болғаны жайлы ақпарат тарады

952
(Жаңартылды 19:46 05.08.2020)
Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында әйел WhatsApp желісінде танысының фотосын жариялап, оның маньяк екенін айтқан. Polisia.kz порталының хабарлауынша, 27 жастағы тұрғын фотодағы азаматпен араздасып қалған соң, осындай әрекетке барған.

Автор желіде жариялаған фотосының жанына: "Сақ болыңыздар! Мамлют қаласындағы жұмысшы кентінде маньяк пайда болды. Кешкісін құрбандарын іздейді. 30 шілдеде ол жас қыздың соңынан жүгірді, қуанышқа қарай бойжеткен қашып үлгерді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған" деп жазып, хабарламаны мессенждерлерде таратқан.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны мониторинг жүргізу арқылы тапты.

"Тәртіп сақшылары аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өзінің танысымен арада туындаған кикілжіңге байланысты жалған ақпарат таратқанын мойындады", - делінген ақпаратта.

3 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Медиация нәтижесінде жәбірленуші шағымдардан бас тартып, жерлесімен татуласуға келісті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды 

"Егер бұл жерде медиация тәсілі қолданылмағанда тәртіп бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (500 040 теңге) немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік жүктелетін еді. Заңда жеке тұлғаларға жала жапқаны үшін, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін дәл осындай жаза қарастырылған", - деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

952
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жалған ақпарат
Тақырып бойынша
"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты  
Мемлекет басшысы саяси ойын жасағысы келетіндерге шүйлікті
Жамбыл облысында даулы видеодан кейін бас дәрігер науқасты сотқа берді
Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды  
Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Аймағамбетов

Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді

4253
(Жаңартылды 17:58 05.08.2020)
Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертіп, қашықтан оқыту кезінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге көңіл бөлуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жаңа оқу жылына дайындығы және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

"Мемлекет басшысы білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: "Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді

4253
Кілт сөздер:
ұстаздар, білім
Тақырып бойынша
Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті
Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді
Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді 
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Білім министрлігі карантинге байланысты қандай өзгеріс болғанын хабарлады
Архивтегі фото

Ақтау Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды видео

0
Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Ақтау – Жаңаөзен тасжолында Toyota Alphard минивэні аударылып кетті.

Трагедия 5 тамыз күні таңертең болды. Оқиғаның қалай болғанын Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Lada.kz.  

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.

"Бұл факт Қарақия аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді), - деп хабарлады ведомство.

Бұл баптың жазасы бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге соттауды, сондай-ақ жеті жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан 4 адам адам көз жұмған, тағы төртеуі ауруханада жатыр.

0
Кілт сөздер:
видео, жол апаты, Ақтау
Тақырып бойынша
"Астана Опера" театрының жетекші солисі жол апатынан қаза болды
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды
Блок бекеттегі апат: марқұм полицейдің әйелі алғаш рет қайғылы оқиға жайлы айтты
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды