Сәби

Мұсылманша есімдер немесе ат қою кезінде нені ескеру керек?

102563
(Жаңартылды 19:01 10.01.2019)
Балаға Алланың көркем есімін беруге болмайтыны ескертіледі. Ол үшін есімнің алдына "Абд" қосымшасын қою керек

Балаға есім беру аса жауапкершілікті іс екені сөзсіз. Психолог мамандардың айтуынша, жақсы есім баланың болмысына, тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Оған өзінің есімінің артықшылықтарын, өзімен аттас тұлғалардың өмірі, жеке қасиеттері туралы жиі айтып отырған жөн. Сонда ізгі қасиеттер баланың бойына да даритын болады. Ислам діні де өз кезегінде балаға мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды, көркем ат қоюға шақырады.

"Сәбилерге пайғамбарлардың есімдерін беріңдер және ең жақсы есімдер — Абдулла және Абдурахман, ең шыншылдары — Харис және Һаммам, ал ең жиіркеніштілері — Харб және Мурра", — деп келтірілген Мұхаммед пайғамбардың сөзі хадистердің бірінде.

Себебі, Харис — "егінші" (яғни, әркім жақсы-жаман амалының өнімін арғы дүниеде алу үшін бұл дүниеде егінші іспеттес өмір сүреді), Һаммам — "қам жасаушы" (әр адам осы дүниесін не арғы дүниесін жақсарту үшін қам жасайды), Харб — "соғыс", ал Мурра — "ащы" (Ібілістің бір аты) деген мағынаны білдіреді.

Мұсылманша есімдер деген арнайы ұғым жоқ болғанымен, пайғамбарлардың немесе Мұхаммед пайғамбар айтқан есімдер, Алланың есімдерін, тарихи есімдерді, сахабалардың, одан кейін өмір сүрген ізгі адамдардың есімдерін қою әдетке айналып келеді. Яғни, мұсылманша есім дегеніміз — араб тіліндегі аттар емес. Бұл кез келген тілде болуы мүмкін. Төменде ең кең таралған есімдерді жинақтап беріп отырмыз:

А

  • Абдуллаһ — Алланың құлы. Мұхаммед пайғамбардың әкесінің есімі Абдуллаһ болған;
  • Абдурахман — Аса мейірімдінің құлы. Көзі тірісінде жәннатпен сүйіншіленген сахабаның бірі — Абдурахман ибн Ауф;
  • Аббас (Ғаббас) — қатал, қатаң;
  • Абдулхамид — Мақтаулының құлы;
  • Әли — биік, асқақ. Әли ибн Әбу Талиб — балалар арасында ең алғаш болып ислам (он жасында) қабылдаған, көзі тірісінде жәннатпен сүйіншіленген сахаба. Пайғамбардың қызы Фатиманың жары;
  • Әнас — қуанышты, жағымды, ақкөңіл. Он жасынан бастап пайғамбар үйінде тәрбиеленген сахабаның есімі — Әнас ибн Мәлик;
  • Аңсар — көмекшілер, қолдаушылар, жолсерік. Мединенің төл тұрғындары, Алла елшісі мен оның сахабалары қоныс аударып келгенде, ислам дінін қабылдап, оларға пана тауып берген. Тіпті, пайғамбар "Басқа адамдар бір жолмен жүрсе, аңсарлар келесі жолмен жүрсе, мен аңсарлардың соңынан барар едім" деген болатын;

Тағы оқыңыз:

  • Ахмад (Ахмед) — мақтаулы, аса мақтаулы. Мұхаммед пайғамбардың есімдерінің бірі;
  • Аюб (Айюп) — өкінуші, серт беруші. Құранда аталған Алла тағаланың пайғамбарларының бірінің есімі.

Б

  • Бәкір — алғашқы, тез өсуші.

Ғ

  • Ғани (Абдулғани) — бай, есепсіз байлықтың иесі. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі;
  • Ғафур (Ғаффар) (Абдулғафур, Абдулғаффар) — кешірімді. Алла тағаланың көркем есімдерінің бірі.

Д

  • Дәуіт (Дәуд) — сүйікті, тартымды. Құранда аталған Алла тағаланың пайғамбарларының бірі, Забур кітабы түсірілген елші.

З

  • Заид — өсуші.
  • Зәкария — Алланы еске алушы, нағыз еркек. Исраил қауымына жіберілген пайғамбар, Жақия пайғамбардың әкесі, әйелдердің ардақтысы Мәриям анамызды қамқорлығына алушы;
  • Зубеир — күшті, ақылды. Көзі тірісінде жәннатпен сүйіншіленген сахабаның бірі — Зубеир ибн әл-Аууам;
  • Зиннур — екі нұрдың иесі. Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахаба, үшінші халиф Осман ибн Аффанды пайғамбардың екі бірдей қызына үйленгені үшін осылай атаған.

И,Е, Ы

  • Ибраһим — халықтардың әкесі. Құранда аталатын Алла тағаланың пайғамбарларының бірі. "Алланың досы" деген лауазымға ие болушы, бір Аллаға бойсұнушы;
  • Ыдырыс — ынталы, білім алушы;
  • Ілияс — Құдайдың құдіреті, ғажайып. Құранда аталатын Алла тағала пайғамбарларының бірі;
  • Иман — сенім мағынасын білдіреді;
  • Инсан — адам мағынасын білдіреді;
  • Ескендір — батылдарды жеңуші;
  • Ислам (араб.) — бейбітшілік, мойынсұну, бағыну;
  • Исмаил — "Алла өзі естиді" деген сөз тіркесінен шыққан. Ибраһим пайғамбар мен Ажар анамыздың ұлы, Құранда аталатын Алла тағаланың пайғамбарларының бірі;
  • Ысқақ — жайдарлы, көңілді. Құранда аталатын Алла тағаланың пайғамбарларының бірі;
  • Ықылас — шынайы. Ықылас сөзінің түбірі "Холис" деген сөзден шығады, яғни араб тіліндегі сөздік мағынасы "Холис" — "мұнтаздай таза" деген мағынаны білдіреді;
  • Ихсан — мейірімді, жақсы, мейірбандық танытушы, көмектесуші.

К

  • Карим (Абдулкарим) — жомарт. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі;
  • Қасым — бөлуші, таратушы, әділетті. Мұхаммед Пайғамбардың ұлдарының бірінің есімі — Қасым;

Тағы оқыңыз:

Л, М

  • Лұқман (Лұқпан) — қараушы, қамқорлық танытушы. Құранда есімі аталатын ізгі адам, дана хакім;
  • Мәлік — қожайын, ие, патша. Алла тағаланың көркем есімдерінің бірі;
  • Мансур — жеңімпаз, жеңісті мақтау;
  • Мұзаффар — жеңімпаз жауынгер;
  • Мұкаддас — қасиетті, таза;
  • Мұса — ұл, сәби; судан табылушы. Құранда аталатын Алла тағаланың пайғамбарларының бірі. Алла тағала періштелердің қатысуынсыз тікелей сөйлескен, Тәурат кітабы түсірілген елші;
  • Муслим — мұсылман, Аллаға бойсұнушы;
  • Мұстафа — тегіс, жоғарыда тұрушы, ең жақсы, таңдаулы;
  • Мұхаммед — "мақталушы, дәріптелуші" деп аударылады, "ха-ми-да", яғни, мақтау, алғыс айту, дәріптеу етістігінен шыққан. Пайғамбарлардың мөрі әрі абзалы, Алланың сүйікті құлы;
  • Мухсин — жақсылық жасаушы, көмектесуші;
  • Мұхтар — таңдаулы, таңдау еркі бар адам.

Н

  • Надир — сирек мағынасын білдіреді;
  • Нариман — мықты, мығым, берік;
  • Нұғман — кішіпейіл, берекелі, игілікті;
  • Нұр — жарық, жайнаған;
  • Нуриман — сенімнің нұры.

Р

  • Раис — басшы, жетекші, қолбасшы;
  • Рамадан — мұсылмандар күнтізбесіндегі ораза ұсталынатын тоғызыншы айдың аты;
  • Рамиз — нышан, жақсылықты нышандаушы;
  • Расул — елші, елшілікке жіберілуші;
  • Ринат — жаңартылған, қайта туылған.

С

  • Сабир (араб.) — сабырлы;
  • Сәбит — берік, адал, уәдесінде тұрушы;
  • Сабур — өте шыдамды, төзімді;
  • Садық — адал, шынайы; 
  • Саид (араб.) — мырза, ақсүйек;
  • Салауат — қошеметтеуші, бата;

Тағы оқыңыз:

  • Салман — дені сау, уайымсыз;
  • Самат- мәңгілік, қолбасшы;
  • Самир — әңгімелесуші, әңгіме айтушы;
  • Сардар — бас қолбасшы, жетекші;
  • Сафа (араб.) — таза, шынайы. Қажылық рәсімдері атқарылатын таудың аты;
  • Сүлеймен — амандықта, саулықта өмір сүруші. Құранда аталатын Алла тағаланың пайғамбарларының бірі;
  • Сұлтан — патша, мемлекет басшысы.

Т

  • Табрис — мұра, байлық, мақтаныш, ұлылық;

О

  • Омар — өмір, өмір сүруші. Екінші халиф, көзі тірісінде жәннатпен сүйіншіленген сахабаның есімі.

Ү

  • Үміт — күтілуші, қаланушы, арман.

Ф

  • Фаиз — жеңімпаз, дегеніне жетуші;
  • Фаруқ — жақсы мен жаманды айыра алушы;
  • Фаттах — қайыр есіктерін ашушы, жеңімпаз. Алла тағаланың көркем есімдерінің бірі.

Х

  • Хабиб — сүйікті, дос, жақсы көрілуші, қымбатты;
  • Хайдар — арыстан;
  • Ханиф — шыншыл, адал, шыншылдықты сүюші;
  • Харис — күзетші, қорғаушы;
  • Харун — бірбеткей, тәуелсіз;
  • Халим — жұмсақ, сабырлы, байсалды. Алла тағаланың көркем есімдерінің бірі;
  • Хасан — жақсы, әдемі;
  • Хусеин — сымбатты, жақсы. Хасан мен Хусейн — пайғамбардың сүйікті немерелері. Алла елшісі олар туралы "Хасан мен Хусейн — жәннаттағы жастардың көшбасшысы болады, ал әкелері олардан жақсы" деп айтқан. (Ибн Мәжаһ).

Ж

  • Жүніс — көгершін мағынасын білдіреді;
  • Жақып — еруші, жолын қуушы. Құранда аталатын Алла тағаланың пайғамбарларының бірі;
  • Жақия — жігерлендіруші, рухтандырушы;

Қыздарға қойылатын есімдер:

А

  • Айла — ай секілді сұлу, аймен нұрланған;
  • Азиза — күшті, бағалы, қымбат, сүйкімді;
  • Ажар — жақсы, әдемі, бірегей. Ибраһим пайғамбардың жары, Исмаил пайғамбардың анасы, зәм-зәм суы берілген ардақты әйел;

Тағы оқыңыз:

  • Аиша — тірі, өмір сүруші. Мұсылмандар анасы, Мұхаммед пайғамбардың сүйікті әйелінің есімі;
  • Әлия — асқақ, көрнекті;
  • Әмина — сенімді, адал. Мұхаммед пайғамбардың анасының есімі;
  • Амира — бұйрық беруші, ханшайым;
  • Аниса — жақын дос, жылы шырайлы, жайдары, жарқын;
  • Асма — биік, ұлы. 

Д

  • Диляра — жанды қуантушы, барлығына сүйікті;
  • Дина — иман келтіруші, сенген, көзі жеткен;
  • Динара — алтын;
  • Дания — жақын; танымал, атақты;
  • Жуайрия — "жария" сөзінің кішірейтілген формасы. Мұсылмандар анасы, Мұхаммед пайғамбардың әйелі.

З

  • Замиля — жолсерік, жолдас;
  • Замина — қамтамасыз етуші, кепілдік беруші, негіз;
  • Зульфия — бұйра шаштардың иесі, сүйкімді, тартымды;
  • Зухра — сәулелендіруші, таңғы жұлдыз;
  • Зейнаб (Зейнеп) — хош иісті ағаштың атауы. Мұхаммед пайғамбардың әйелінің туған қызының немересінің (Фатима есімді қызынан) есімі Зейнаб болған;
  • Зәнжәбил — жәннаттағы хош иісті дәмді өсімдік;
  • Ирада — қасиетті сыйлық;

К

  • Калима —шырын тілді, әңгімелесуші;
  • Камиля — мінсіз, ең жақсы;
  • Карима — жомарт, гауһардай қымбат, мейірбан;
  • Каусария (Кәусар) — молшылықта өмір сүруші, жәннаттағы өзен.

Л

  • Латифа — мейірімді.

М

  • Маймуна — берекелі. Мұхаммед пайғамбардың соңғы әйелі;
  • Мадина — Медине қаласының атауынан шыққан;
  • Малика — патшайым, бұйрық беруші. "Ма-ля-кя" — билеу, болу бұйыру етістігінен шыққан;
  • Мансура — жеңімпаз;
  • Марьям — сүйікті, жаны үйлесуші. Иса пайғамбардың анасы, Алла тағаланың тазартып, күллі әлемдегі әйелдерден ардақты еткен құлы;
  • Муслима — мұсылман қыз, Аллаға бойсұнушы;
  • Мухсина — жақсылық жасаушы, салиқалы, таза.

Н

  • Надира (араб.) — салыстырылмайтын, сирек;
  • Нәзира — жайнаған, көңілді;
  • Насима — көрікті, жұмсақ жүректі;
  • Нафиса — әдемі, биязы, мәртебелі, қымбат;
  • Нурия — жаны мейірімді, ашық жүзді, нұрлы келбетті.

Тағы оқыңыз:

Р

  • Рабиа — бәйшешек; төртінші;
  • Райян — дүниеде ораза ұстағандар кіретін жәннат қақпаларының бірі;
  • Раиса (араб.) — жетекші;
  • Райхан — ләззат, рахат; өсімдік атауы;
  • Рауза — гүл бақшасы;
  • Рұқия — таңғажайып, өзіне байлап қоюшы. Мұхаммед пайғамбардың қызының есімі.

С

  • Сабира — шыдамды, сабырлы;
  • Салима — дені сау;
  • Сания — екінші;
  • Сарра (Сара) — мәртебелі. Ибраһим пайғамбардың әйелі;
  • Сафия — таза, анық, шынайы, таңдаулы. Мұхаммед пайғамбардың әпкесі, ержүрек сахаба әйел;
  • Сәлсәбил — Құранда аталған жәннаттағы бұлақ;
  • Сумая — асқақ, биік. Дін жолында қаза болған тұңғыш мұсылман, сахаба әйелдің аты.

Т

  • Таухида — біріктіруші, негізін қалаушы;
  • Тасним — жәннаттағы бұлақ.

Ф

  • Фатима — Мұхаммед пайғамбардың қызы.

Х

  • Хабиба — сүйікті, жақын, қымбатты;
  • Халима (араб.) — жұмсақ, сабырлы. Мұхаммед пайғамбардың сүт анасы болған әйелдің есімі;
  • Халиса — адал, берілген, шыншыл;
  • Ханифа — турашыл, шыншыл;
  • Шамсия — күн секілді.

Ескерту: Балаға Алланың көркем есімін беруге болмайды. Ол үшін есімнің алдына "Абд" қосымшасын қою керек. "Абд" мағынасы — "құл". Мәселен, Абдулкарим болса — Жомарттың құлы, Абдурахман — аса мейірімдінің құлы және т.б.

                                                                                                                                                                              Дереккөз: asylarna.kz

102563
Кілт сөздер:
ең танымал есімдер, әдемі есімдер, мұсылманша есімдер, ат қою, ислам діні
Тақырып бойынша
Қазақстандағы ең танымал және ерекше есімдер - инфографика
Нұрсұлтан Назарбаевтың аттасы отау құрды – үйлену тойы қалай өтті
Қазақстанда аты-жөнді өзгерту үшін не істеу керек?
Балаға күнде айтылуы тиіс 30 сөз
Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі қандай?
Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы лақап аты белгілі болды
Әлихан мен Айзере Қазақстандағы ең танымал есімдер қатарына енді
Жайылымда жүрген сиырлар, архивтегі сурет

Моңғолия мен Қытайда өршіген оба Қазақстанға қауіп төндіре ме

64
Қазақстан азаматтары Моңғолия мен Қытайда обаның өршуіне байланысты алаңдаушылық танытып, әлеуметтік желілерде ақпарат таратуда

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Моңғолия мен Қытайда оба өршіді. Арнайы түсініктеме берген ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық шаралар мен азық-түлік қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасының жетекшісі Салтанат Әбілқасымова Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай обаның өршуіне әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тарихи аумақ тұрғысынан алғанда Қазақстан жануарлар обасының таралуы үшін қолайлы болып тұр. Сондай-ақ, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы бүкіл әлемде ірі қара обасының жағдайын қауіпсіз деп таныды. Барлық елдерде мұндай мәртебе бар",– деді Әбілқасымова.

Сонымен қатар, Қазақстан африкалық шошқа обасы бойынша қауіпсіз ел мәртебесіне ие болғанын атап өтті.

"Мемлекеттік ветеринарлық инспекция бірқатар бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ профилактикалық шаралар мен диагностикалық сынақтарды жүргізеді. Аурудың алғашқы белгісі анықталғаннан бері жағдай бақылауда",– деп түйіндеді Әбілқасымова.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында ауыл тұрғындарының сиырын ауру деп әкетіп жатыр

Бұған дейін Қытай билігі Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында қойшының бубон обасымен ауырғаны туралы хабарлады. Ал Моңғолияда аталған ауруға күдіктенген үш жағдай анықталды.

Айта кетейік, бубон обасы бактериядан туындайды және антибиотиктермен тиімді емделеді.

64
Кілт сөздер:
Қытай, Моңғолия
Тақырып бойынша
ЕАЭО мен Қытай шекарасы арқылы тыйым салынған тауарларды өткізуге бақылау күшейеді
Моңғолия президенті барлық зейнеткердің кредитін жауып берді
Ірі қара малдың 2 мың терісі тиелген жүк көлік Қырғызстан шекарасында тоқтатылды
Ақтөбе облысында асыл тұқымды ірі қара мал неден қырылып қалды?
Байқоңыр маңында оба анықталған жоқ
Дәрігер, коронавирус

"Бұл екінші толқын емес": дәрігер Қазақстандағы коронавирус эпидемиясы туралы айтты

3986
(Жаңартылды 21:12 09.07.2020)
6 шілдеде Ресей дәрігерлері Қазақстандағы қазақ әріптестеріне көмектесу үшін келді. Реабилитологтар, инфекционистер, пульмонологтар, эпидемиологтар елімізде қай уақытқа дейін болатын белгісіз

АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik, Ксения Воронина, Айгерім Таубай.  Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев Қазақстандағы екі күндік жұмыстың қорытындысы бойынша қауіпті індетті қашан жеңуге болатынын айтты. Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында маман Қазақстандағы коронавирустың өршуі расымен де инфекцияның екінші толқыны ма деген сұраққа тоқталды.

- Қазақстан наурыз айында төтенше жағдай режимін және қатаң карантин шараларын енгізді. Коронавирустың өршуі неден пайда болды?

Әріптестерімнің әрекетін дұрыс немесе қате деп бағалай алмаймын. Қазақстанда дәрігерлердің деңгейі жоғары. Ұйымдастыру үдерісі зардап шегіп жатыр, бірақ барлық жерде олай емес.

Ауруханаларда таза және лас аймақтарды шектеу тиісті дәрежеде сақталмаған. Науқастардың қозғалысымен басқа жерге ауыстыру кезінде логистикада ерекшелік бар. Жалпы жаңа денсаулық сақтау басшылығы бұл мәселелерді білетінін көріп отырмын. Алексей Цой мен оның орынбасарлары мұны толық түсініп, шешіп жатыр.

Заместитель министра здравоохранения России Олег Гриднев
© Sputnik / Владислав Воднев
Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев

Вирустың өршуі, ең алдымен, бастапқыда енгізілген шектеулердің ерте алынып тасталуымен байланысты. Шектеу шараларының барлығы коронавирус инфекциясының таралуын созу үшін жасалды. Бір мезгілде медицинаға, стационарлар мен емханаларға, дәріханаларға салмақ түспеуі үшін қабылданды.
Шамасы, бұл кезеңде сақтық шаралары сақталмады, барлық режим, шектеу жеңілдетілді.

-  Қазақстанда екінші толқын уақытынан бұрын басталды ма?

Мұны екінші толқын деп атауға болмайды. Бұл әлі де болса бірінші толқын. Біз халықты иммундау аяқталғанша, аурудың әріқарай тарай беретінін түсінуіміз керек.Оны иммундау немесе фармацевтика тоқтата алады. Яғни, бұл вирусты емдейтін вакцина немесе препараттар тоқтатады.

- Ресей тәжірибесі Қазақстанға нені үйрете алады?

Пандемияның барлық ел үшін жаңа тәжірибе екенін түсіну қажет. Бұған ешкім алдын ала дайын болған жоқ. Біз де мұның бәрін бірден білген жоқпыз. Осы жолдан өтіп, қандай да нәтиже болғаннан кейін айтып отырмыз.

Ресей Шереметьевода алғаш өз тұрғындары мен шетелдік туристерде инфекция табылған сәттен бастап күресті қолға алды. Мәскеудегі өршулер және басқа да аймақтар бойынша тәжірибе бар, төсек-орын ашу, оттегі және жасанды тыныс алу аппаратымен жабдықтау, емдеуді таңдау жолынан өтті. Бізде емдеу хаттамасы жеті рет өзгерді, Қазақстанда 10 рет ауысты. Демек, Қазақстанда да үдеріс бір орында тұрған жоқ, адамдар жұмыс істеп жатыр.

Ресей мен Қазақстандағы емдеухаттамалары қаншалықты ұқсас?

Емдеу хаттамалары бір-біріне ұқсас, алайда мерзім жағынан аздаған өзгеріс бар. Әлем бойынша хаттамалар бір-біріне ұқсас.

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясын емдеу үшін гидроксихлорохин, лопинавир және ритонавирді сынақтан өткізуді тоқтатты, оларды тиімсіз деп атады. Бірақ бұл препараттар, атап айтқанда,  гидроксихлорохин қазақстандық және ресейлік хаттамаларда да бар. Неге?

Расымен де, гидроксихлорохин бойынша сұрақтар туындап жатыр. Бірақ олар пандемия кейбір елде азайған кезде пайда болды. Бұл сұрақтар оны пайдалану барысында да қойылды.

Бұл дәрінің жанама әсері бар екенін, әсіресе, жүрек ырғағының бұзылуына әкелетін ауыр препарат екенін түсіну керек. Біз осыны түсініп, беру мөлшерін азайттық, қолдану көрсеткішін төмендеттік. Оны науқас жасын қатаң бақылау арқылы амбулаторлық кезеңде қолдануға ауыстырды. Бұл дәрі жастарға тағайындалатын болды. Соған қарамастан, біз оны хаттамада алып қалдық, себебі дәрінің тиімділігін көріп отырмыз.

Ал қазақстандық дәрігерлер бұл дәріні аурудың ерте кезеңінде тиімді екенін білгендіктен хаттамада қалдырды. Бұл аурудың пневмонияның ауыр түріне ауысып кетпеуі үшін қажет.

Қазақстанда жазда инфекция таралуы бәсеңдеп, әсіресе, ыстық елдімекендерде аурушаңдық азаяды деген болжам жасалды. Сыртқы факторлардың коронавирустың таралуына қандай да бір әсері бар ма?

Температура мен ауа райы вирустарға әсер етпейді. Иммунитеті қалыптаспаған, яғни инфекция жұқтырмаған адамдар бар кезде вирус та тарала береді.

Халықтың 60%-і инфекция жұқтырған кезде бұл вирусты тоқтатып, баяу таралуына әкелетін популяциялық иммунитет қалыптасады. Бұл жағдайда оларға міндетті түрде ауырып шығудың қажеті жоқ. Ол ауру белгілерінсіз де өтуі мүмкін. Ондай жағдайда ол әдеттегі ЖРВИ сияқты болады.

- Пандемиямен күрестің осы кезеңіне қарап қандай қорытынды жасауға болады?

Талдауды кейін жасаймыз, қазір адамдарды емдеп, өмірін құтқарып, әріқарай таралмауы үшін алдын алу қажет. Ауру азайған жағдайда да төсек қорының, жабдықтардың, дәрі-дәрмектердің және қорғаныс киімдерінің қорын сақтауға дайын болатын тұрақты денсаулық сақтау жүйесін қалыптастырып, байсалды түрде жұмыс істеу қажет.

 

3986
Кілт сөздер:
эпидемия, Қазақстан, дәрігер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Дәрігер коронавирус кезінде нені жеуге болмайтынын айтты
Үкімет Қазақстанның бір облысында карантинді күшейтуді тапсырды
COVID-19: дәрігерге дер кезінде бармау неге әкеп соғады
Пандемия басталғалы 132 түркістандық дәрігер вирус жұқтырды
"Үлкен ауыртпалық түсіп жатыр": Шөкеев шекарадағы жағдайға алаңдады