Жүргізуші куәлігі, архивтегі сурет

Қазақстандықтар төлқұжат пен жүргізуші куәлігі үшін қанша төлейтіні белгілі болды

8800
(Жаңартылды 11:11 09.01.2019)
2019 жылы Қазақстанда төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 525 теңгеге дейін ( 6,71 доллар) өсті

АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Жаңа жылдан бастап АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты құжат жасату құны да біршама өзгерді. Биыл айлық есептік көрсеткіш өткен жылға қарағанда 120 теңгеге көбейіп, 2 525 теңгеге тең болды. 

Жеке куәлік пен төлқұжат құны қанша болады?

Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж сомасы 0,2 АЕК-ті құрайды. Бұл 505 теңге немесе 1,34 доллар. 

Төлқұжат рәсімдеу үшін 8 АЕК, яғни 20 200 теңге (53,72 доллар) мөлшерінде мемлекеттік баж төлегеніңіз туралы түбіртек қажет. Астана, Алматы, Ақтөбе мен Шымкент тұрғындары қосымша ақы төлеп, төлқұжатты жеделдетілтен тәртіпте ала алады. 

Ал жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу туралы куәліктің (техпаспорт)  әрқайсысы 3157 теңге (8,40 доллар) тұрады. 

Туу  туралы куәлік пен неке қию туралы куәлікті қайта алу үшін 2 525 теңгеден (6,71 доллар) төлеу керек. 

2019 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшері 

Биыл ең төменгі жалақы 42 500 теңгені (113 доллар), ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 16 037 теңгені (42,65 доллар) құрады, деп нақтылады "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясынан. 

Зейнетақының ең төменгі мөлшері — 36 108 теңге (96 доллар), ал базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге (78,98 доллар).

Былтыр қараша айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар мен ең төменгі жалақыны көбейтуді тапсырған еді.

8800
Кілт сөздер:
теңге, құжат, ең төменгі күнкөріс деңгейі, зейнетақы, мемлекеттік баж, жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі
Тақырып бойынша
Латын әліпбиіндегі төлқұжат 2021 жылдан беріле бастайды
Бірінші қаңтардан жәрдемақы мен зейнетақы өседі: кімге және қанша төленеді?
"Жүргізуші куәлігі үшін 20 мың теңге?" ІІМ жауап берді
Зейнетақы, жәрдемақы және жалақы өседі - Назарбаев тапсырма берді
Дәрі-дәрмек

Парацетамол мен ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды?

1
(Жаңартылды 13:51 06.07.2020)
Мамандар қазақстандықтар дәріханадан жаппай сатып алып жатқан дәрілердің кері әсері болуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан міндетті түрде дәрігер тағайындауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Температурасы 38,5 градустан төмен ересектерге парацетамол мен ибупрофен ішуге болмайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана медициналық университетінің" кафедра меңгерушісі Нұрила Малтабарова айтты.

Оның айтуынша, бұл препараттар қабынуға қарсы дәрілер тобына жатады. Дәрігерлерде оларды қолданудың нақты хаттамасы бар.  

"Парацетамол мен ибупрофенді ересектер температурасы 38,5 градустан жоғары болған кезде ғана ішуі керек. Бұл препараттардың түрлі баламасы бар. Алайда дәрілердің кері әсері болуы мүмкін екенін ұмытпау қажет", - деді доцент.

Медицина ғылымдарының кандидаты неврологиялық сырқаттармен есепте тұрған балалардың  температурасы 37,5 градус болғанда парацетамол тағайындалатынын айтты.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты дене қызуын түсіретін дәрілер тапшылығы туындады.

Бұл мәселені шешуді президент денсаулық сақтау министрлігі мен құқық қорғау органдарына тапсырды.

1
Кілт сөздер:
коронавирус, дәрі-дәрмек
Тақырып бойынша
Шымкенттік дәрігер президентке үндеу жолдады - денсаулық министрі жауап берді 
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
COVID-19: дәрігер желіде тараған кеңес несімен қауіпті екенін айтты
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды
Шымкентте тегін таратылуы тиіс дәрілерді ұрлаған сатушы ұсталды
Дәріханадағы кезек

Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды

57
(Жаңартылды 13:16 06.07.2020)
Бұған дейін мемлекет басшысы қазіргі пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға болмайтынын айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі дәріханалардағы бағаның негізсіз өсуін iKomek сервисі арқылы қадағалап, 109 нөмірімен шағымдана алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына дәрі-дәрмектердің қымбаттау фактілері туралы хабарлауды ұсынды.

"Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды тапсырды. IKomek 109 базасында жедел желі іске қосылды. Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтергені туралы шағымдар бойынша қала тұрғындары 109 нөміріне хабарласа алады. Өтініштерге жауап береміз", – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы қазіргі пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға болмайтынын айтқан. Президент үкімет мен құқық қорғау органдарына туындаған мәселені реттеуді тапсырған.

"Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға лимит қойылады

Мемлекет басшысы кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеген.

57
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, дәрі-дәрмек
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ресейлік дәрі-дәрмек пен медтехника қазақстандықтарға аурудан айығуға көмектеседі
ЕАЭО дәрі-дәрмек нарығы Қазақстан үшін несімен тиімді
Астанада сарапшылар ЕАЭО аясындағы дәрі-дәрмек бағасын талқылайды
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз