Полиция

Денис Теннің өлімі: полицейлер сотта куәгер болды

283
(Жаңартылды 21:04 09.01.2019)
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларының бірі Денис Тенге алғашқы көмек көрсеткен

АЛМАТЫ, 8 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өлтірілген жерге бірінші болып жеткен куәгер полицейлер Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотындағы процеске қатысты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Қаланың жол-патульдік қызметінің взвод командирі Ердос Еркінбек 2018 жылдың 19 шілдесінде рота бойынша жауапты қызметін атқарған.

"Шевченко – Байсейітова көшелері қиылысында төбелес болып, біреуді пышақтап кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына алты минутта жеттім. Абылайхан көшесіне шыққан кезде, бағыттама жібере бастағанмын. Оқиға орнына келгенде қансырап жатқан адамды көрдім. Жарақатынан жоғарырақ бұрау салдым. Ол кезде Денис Тен екенін білмеген едім. Етпетінен жатқан болатын. Сосын жедел жәрдем келіп жетті. Айналар Теннің қасында жатқан еді. Сонымен бірге екі жолдорба болды", — деп мәлімдеді Еркінбек.  

Еркінбектің айтуынша, оқиға орына келіп жеткенде кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспектор сол жерде болған.

"Күдіктілердің қандай киім кигенін инспектордан сұрап, полицейлерге рациямен хабарладым", — дейді тәртіп сақшысы.

Алмалы ауданы жол-патрульдік қызметінің өкілі Адалбай Сержанның айтуынша,  оқиғаны көрген куәгер "жастар ойнап жүрген шығар" деп ойлапты.

"Ол бастапқыдан жігіттер ойнап жүрген шығар деп қалыпты. Біреуі құлаған сәтте ғана, мән-жайды түсінген. Куәгер басқа да адамдардың көргенін айтты, бірақ біз оларды таппадық, сондықтан бір куәгердің ғана жауабын алдық", — деді Сержан.

Денис Теннің өлімі туралы іс

Сотталушылар — Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева. Бастапқы екі күдіктіге "Алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобының қарақшылық жасауы" және "Алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобының кісі өлтіруі" деген баптар бойынша айып тағылды. Ал Толыбаева қылмыс туралы хабарламады деген күдікке ілінді.

25 желтоқсанда өткен алғашқы отырыста жәбірленуші тараптың адвокаты Нұрлан Өстеміров Денис Тен тапсырыспен өлтірілді деп мәлімдеп, соттан істі қосымша тергеуге жіберуді сұраған болатын. Бірақ судья істі қайта тергеуге жіберудің қажеті жоқ деп шешті.

Құдайбергенов пен Қиясов ұрлық жасағандарын мойындады. Алайда Денис Тенді өлтіруді жоспарлаған жоқпыз дейді. Толыбаева соттан өзі айыпталып отырған баптарды өзгертуді сұрады.

Қазір сот мемлекеттік тілде судья Кеңшілік Әбелдиновтің төрағалығымен өтіп жатыр. Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

283
Кілт сөздер:
куәгерлер, полицейлер, сот ісі, Денис Тен, Алматы
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
Денис Теннің өліміне күдікті тағы кімді тонаған – астаналық куәгерлерден жауап алынды
Денис Теннің өліміне күдіктінің басқа қылмыстары туралы сотта айтылды
"Белбеумен ұра бастады" - прокурор сотта Денис Теннің қалай өлтірілгенін айтты
"Өлтірген жоқпыз" - Денис Теннің өліміне күдіктілер сотта жауап берді
Президент Денис Теннің өлімін тергеуге қатысты: халық полиция мен сотқа наразы
Денис Теннің қазасы: сотта жәбірленуші тарап спортшының тапсырыспен өлтірілгенін айтты
Алматыда Денис Теннің өлімі бойынша сот басталды
Загрузка...