пышақ

Қарағандыдағы қанды оқиғаға шын мәнінде не себеп болғаны анықталды

29016
(Жаңартылды 09:33 12.01.2019)
Төбелес 1 қаңтарға қараған түні таңғы төрттер шамасында "Древний Рим" мейрамханасында болды

АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов Қарағандыда болған қанды оқиғаның тұрмыстық сипатқа ие екенін мәлімдеді, деп хабарлайдытілшісі. 

Сүлейменовтің айтуынша, қанды оқиға 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні таңғы төрттер шамасында Қарағандыдағы "Древний Рим" мейрамханасында болды. Жаппай төбелеске мейрамханаға келгендер мен мейрамхана жұмысшылары қатысқан. 

"Тергеу шаралары барысында біз жаппай төбелеске қатысқан 14 адамды анықтадық. Ал тоғыз адам персонал тарапынан белсенді қатысқан. Аталған төбелеске мейрамхана ішінде болған қонақтармен арадағы жанжал себеп болған", — деді Сүлейменов ОКҚ-де өткен брифингте. 

Оның айтуынша, сол түні мейрамханада 400-ге жуық адам жаңа жылды қарсы алған. Соның ішінде мейрамхана қожайыны өзінің туыстарымен жаңа жылды атап өтіп жатқан. 

Сүлейменов мейрамхананың жұмыс режимі бойынша түнгі сағат үште мекеме жабылып, барлық іс-шара тоқтатылуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты, мейрамхана қызметкерлері үш кезінде қонақтарға мекеменің жабылатынын алдын ала ескерткен. 

"Бұған келіспеген қонақтар жанжал шығарып, салдарынан жаппай төбелеске ұласты", — дейді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары. 

Персонал түнгі үштен кейін мейрамхана ішіндегі адамдарды сыртқа шығарып жіберген. Ал олар, Сүлейменовтің айтуынша, өз достарына хабарласқан. Оннан астам адам келіп, мекемеге баса-көктеп кірмекші болған. Осыдан кейін мейрамхана қожайыны мен персонал тарапынан шаралар қолға алынып, жанжалға ұласады.

"Салдарынан төрт адам пышақ жарақатын алды, екі адам ауруханаға түсті. Біреуі көз жұмды", — деді Сүлейменов. 

Полицияның мәліметінше, көз жұмған жігіт жанжал шыққан кезде мейрамханада болмаған, оны төбелес басталғанда досы шақыртып алған. 

Сүлейменов сот санкциясымен қазіргі таңда 8 адам уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.

Министрдің бірінші орынбасары жаппай төбелестің ұлтараздық қақтығыс емес екенін айтты. 

"Төбелес таза тұрмыстық сипатқа ие. Өйткені оған бір жақтан тек бір ұлттың, екінші жақтан тек басқа ұлттың өкілдері қатысқан жоқ. Біз барлығын анықтап алу үшін мұны тергеу кезінде жария еткен жоқпыз. Тергеу әлі жүріп жатқандықтан, толық ақпарат бере алмаймыз", — деді ол

29016
Кілт сөздер:
ұлтаралық алауыздық, қанды оқиға, төбелес, Қарағанды
Тақырып бойынша
Қарағандыда жаңажылдық отырыстардың бірі кісі өлімімен аяқталды
Қарағандыдағы қанды оқиға: Армения сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Қарағандыдағы қанды оқиға: армян диаспорасы қаза тапқан жігіттің отбасынан кешірім сұрады
Қарағандыдағы қанды оқиға: полиция ұлтаралық алауыздық туралы іс қозғады
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

611
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

611
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырды

1453
(Жаңартылды 10:42 27.09.2020)
Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 17
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 4
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы, пандемия басталғалы бері  ел бойынша ауырғандар саны 107 723 адамға жетті.

Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666.

1453
әйел

Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

815
Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады YK-news.kz. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видеодағы әйел 33 жаста, ал қолындағы баласы алты айлық қана екен.

"Әйел арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, ол жерде дәрігерлер оған не болғанын анықтайды", - деп хабарлады полиция.

Ал сәби ана мен бала орталығына жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деді тәртіп сақшылары.

815
Кілт сөздер:
видео