Архивтегі сурет

Қарағандыдағы төбелестен кейін қашып кеткен күдікті Армения азаматы

1104
(Жаңартылды 10:09 09.01.2019)
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Қарағандыда адам өлтірді деген күдікке ілінген жігіттің азаматтығы туралы мәліметті жариялады

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Қазақстан Ішкі істер министрлігі Қарағандыдағы қанды оқиғадан кейін қашып кеткен Нарек Гурурянның азаматтығы туралы хабарлады.

Нарек Гурурян, ведомствоның ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың мәліметінше, Армения азаматы.

21 жастағы жігіт Қарағандыдағы кісі өлімі туралы істе күдіктілердің бірі саналады, қазір оны полиция іздеп жатыр. 

Жанат Сүлейменов
© Photo : пресс-служба премьер-министра Республики Казахстан

7 қаңтар күні Гурурян видеоүндеу жасап, Қазақстан билігіне берілуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен бірге ол 23 жастағы Қарағанды тұрғынының өліміне қатысы жоқ екенін айтты. Алайда Гурунян әлі құқық қорғау органдарына хабарласпаған. 

Соңғы дерек бойынша, Армения азаматы Нарек Гурурян бірінші қаңтар күні Павлодар облысы арқылы Ресейге қашып кеткен. 

Қазір уақытша ұстау абақтысында сегіз адам отыр. Күдіктілердің арасында Қазақстан азаматтары да, Армения азаматтары да бар. Ресей мен Арменияға жедел тергеу топтары жіберілді.

23 жастағы қазақстандық көз жұмып, тағы үш адам жарақат алған  түні "Древний Рим" мейрамханасында 400-ге жуық адам жаңа жылды қарсы алған. Соның ішінде мейрамхана қожайыны өзінің туыстарымен жаңа жылды атап өтіп жатқан.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов оқиғаның тұрмыстық сипатқа ие екенін мәлімдеді.


1104
Кілт сөздер:
қанды оқиға, төбелес, Армения, Қарағанды
Тақырып бойынша
Қарағандыдағы төбелес: Күдіктілер арасында Армения азаматтары да бар
Түнгі клуб алдындағы төбелес: полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартты
Ақтауда түнгі клубтың жанындағы төбелес атысқа ұласа жаздады – видео
Қарағандыдағы қанды оқиғаға шын мәнінде не себеп болғаны анықталды
Қарағандыдағы қанды оқиға: ІІМ қашып жүрген күдіктінің бейнеүндеуіне түсініктеме берді
Жаңа пәтер

Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді

2
Әлеуметтік салада жұмыс істейтін жас мамандар тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несиені пайдалана алады

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. 35 жасқа дейінгі алматылық мұғалімдер мен дәрігерлер, мәдениет және БАҚ қызметкерлері "Алматы жастары 3.0" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша баспана сатып ала алады. Бұл жайында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында хабарлады.

"Алматы жастары 3.0" бағдарламасы бойынша қала жастары бастапқы жарнасы 10%, жылдық мөлшерлемесі 5% және несиені 25 жылға дейін ресімдеп пәтер сатып алатын болады. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі қала тұрғындары қатыса алады.

"Жыл басынан бері төлем қабілеттілігін растау үшін 1 035 адам жолдама алды. Қалада тіркеуінің болу керектігі туралы талап алынғаннан кейін тағы 526 азамат жолдама алса, 457-сі резервке енгізілді. Бірінші кезең бойынша іріктеуден өткен жастар өздеріне пәтер таңдап алды. Айта кету керек, тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан таңдау құқығы бар", - деді қала әкімі.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың 19 ақпанында есеп беру жиынында жастарға баспана алуға арнайы тұрғын үй бағдарламасы әзірленгенін хабарлады.

Бағдарлама бойынша 13 миллион теңгеге дейінгі қарыз жылдық 5% жеңілдікпен беріледі.

Оқи отырыңыз: Баспана алу тәртібі қалай өзгерді: "сатылы жүйенің" ерекшелігі қандай?

Бағдарлама бойынша кредитті қайтару мерзімі – 3 жылдан 25 жылға дейін, ол төлем қабілеттілігі бойынша жеке есептеледі. Бастапқы жарна – 10%.

2
Кілт сөздер:
пәтер, баспана
Тақырып бойынша
Елорда әкімдігі баспана алудың үш жолын атады
Әркім қалтасына қарай баспана алады - министрлік жаңа заң әзірлеп жатыр
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
Әкімдікте баспана кезегі болмайды - "Отбасы банкі" қалай жұмыс істейді 
Талап жеңілдеді: Алматы әкімі баспана алуға қатысты жазба жариялады
FlyArystan

Қазақстанның 8 қаласында жаңа әуе рейстері қатынайтын болды

19
(Жаңартылды 15:34 05.08.2020)
Республикаішілік бағыттарда қатынайтын жолаушылар 180 орындық Airbus A320 әуе кемесімен тасымалданады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. 28 тамыз күні FlyArystan Airlines сегіз бағытқа жаңа аймақтық рейстерді іске қосады.

Жаңа рейстердің ашылуына байланысты тасымаладушы компания 5-7 тамыз аралығындағы рейстерге 20%-ке дейін жеңілдіктер ұсынады. Ал ел ішінде қатынайтын ұшақтар бағыты мынадай:

  • Қарағанды ​​- Шымкент - Қарағанды;
  • Қарағанды ​​- Атырау - Қарағанды;
  • Қарағанды ​​- Ақтау - Қарағанды;
  • Атырау - Қостанай - Атырау;
  • Атырау - Қызылорда - Атырау;
  • Шымкент - Қостанай - Шымкент;
  • Шымкент - Өскемен - Шымкент;
  • Шымкент - Павлодар - Шымкент.

"Эйр Астана" компаниясының еншілес компаниясы болып табылатын FlyArystan әуекомпаниясы сол кездегі президент Назарбаевтың республикаішілік арзан әуе қатынасын қамтамасыз ету туралы талабынан кейін құрылды. 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында компания 1,3 миллион жолаушы тасымалдады. 2022 жылға қарай әуе паркін 15 ұшаққа дейін көбейту жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Министрлік тікұшақтардың Шымкентті неге айналып жүргенін түсіндірді

19
Кілт сөздер:
жолаушылар, ұшақ
Тақырып бойынша
Бір жолаушысы бар ұшақ Мәскеуге жоспарсыз қонды
Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан әуежайына түнде бірнеше ұшақ қонды - видео
Нұр-Сұлтан қаласынан тағы төрт қалаға ұшақ қатынай бастайды
Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді
Карантин аяқталғаннан кейін ұшақ жолаушыларынан анықтама талап етіле ме?