Құжатқа қол қою

2019 жылы оралмандарды қабылдауға қанша квота бөлінгені белгілі болды

634
(Жаңартылды 15:45 14.01.2019)
Қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Биыл оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдауға қанша өңірлік квота бөлінгені белгілі болды. Үкіметтің тиісті қаулысы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Салтанат Байқошқарова
© Photo : Организаторы международной научно-практической конференции по репродуктивной медицине
ҚР үкіметінің 2018 жылдың 29 желтоқсанындағы қаулысымен оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленді.

Құжатқа сәйкес, биыл оралмандарды қабылдау үшін 2 103 адамға, сондай-ақ, қоныс аударушыларды қабылдау үшін 7 771 адамға өңірлік квота бөлініп отыр.

Үкімет қаулысымен ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2019 жылдың 1 тамызына және 2020 жылдың 1 ақпанына қарай құжаттың орындалуы туралы есепті тапсыру жүктелді.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

634
Кілт сөздер:
квота, үкімет қаулысы, қоныс аударушылар, оралмандар, құжат
Тақырып бойынша
Ауғанстанның 49 азаматы елімізде оралман қазақтың мәртебесін алмақ болған
Сандалған оралман ерлі-зайыптының жылағаннан басқа амалы болмай тұр
Өзбекстаннан келген оралман отбасында жантүршігерлік қылмыс жасалды
Оралман мәртебесінің мерзімі ұзартылмақ
Оңтүстік Қазақстанда жүздеген оралман картада жоқ ауылда тұрып жатыр
"Оралман" фильмі Германияда арнайы жүлде алды
Қазақстан шетелдегі қазақтарды қолдауға қанша қаржы бөлетіні белгілі болды
Загрузка...