Сирияда құтқарылған адамдар

"Ұлы Сирияда көз жұмды" Келіні мен немерелерін күтіп жүрген қазақстандық әйелдің оқиғасы

509
(Жаңартылды 13:43 11.01.2019)
Жүзден астам ана құқық қорғау органдарынан Сирияда жүрген балаларын елге қайтаруды өтініп, көмек сұрады

АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының тұрғыны Сирияда жүрген келіні мен үш немересін күтіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ботагөз Махатова Сирияға кеткен ұлынан екі жыл бұрын айырылған. Бірақ баласының артында келіні мен үш немересі қалыпты, айтуынша, олар қақтығыс аймағынан шыға алмай жатыр. 

"Менің келінім әлі сонда, сол өңірден шыға алмай жатыр. Қайда қашарын да білмейді, өйткені онда барлық жерге мина қойылған", — деді әйел Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте. 

Ботагөз сияқты аналар Қазақстанда аз емес. Әйелдер мессенджер арқылы сөйлесіп, Сириядағы соғысқа аттанған жақындарымен байланысқа шығып тұрады. Махатова отыратын чатта 120 ана бар. Олардың тек оны ғана балаларымен қауышқан. 

Әйелдің айтуынша, ұлы дінді жете түсінбегендіктен Сирияға кеткен, ал оның жары мен балалары – отағасы жасаған қателіктің құрбаны.

2012 жылы соғысқа аттанған ер адам ата-анасына Мысырға оқуға бара жатқанын айтқан. Жарты жылдан кейін оның отбасымен бірге Сирияда жүргені анықталды. 

Тағы оқыңыз: 

Осыдан кейін Ботагөз Махатова бірнеше мәрте құқық қорғау органдарына жүгінеді. Алайда оның отбасына көмектесу әзірге мүмкін болмады. 

Ұлының қалай көз жұмғаны да белгісіз – тек ер адамды жерлеп жатқаны түсірілген бейнеролик қана бар. 

"Олардың өз отанына оралуына ешкім қарсылық білдірмейді деген үміттемін, өйткені олардың барлығы – Қазақстан азаматы. Олар өмірде адасып, бұрыс жолға түскенін түсінді", — дейді немерелерін сағынып жүрген әйел. 

Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сирияда террористердің қолында кепілде болған 47 қазақстандықтың елге қайтарылғаны туралы мәлімдеме жасады.

Тағы оқыңыз: 

"Жусан" операциясы кезінде 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала елге қайтарылды. Олардың барлығы Қазақстанға өз еркімен келген. Оның ішінде 6 ер адам мен 1 әйел террористік қызметке қатысты деген күдікке ілінді.

Алдын ала мәлімет бойынша, қазір Сирияда 800-ге тарта қазақстандық жүр.

509
Кілт сөздер:
көмек, қақтығыс, дін, соғыс, немере, ұл, ана, сыртқы істер министрлігі, Сирия
Тақырып бойынша
Министрлік Сирияда өлім жазасына кесілді деген 3 қазақстандыққа қатысты жағдайды айтты
Сирияда Ресей тікұшағы апатқа ұшырады
Сирияда құлаған ресейлік ұшаққа қатысты тың деректер шықты
СІМ Сирияда құтқарылған қазақстандық балалардың елге қашан жеткізілетінін айтты
Қазақстанның тумасы: Сирияда Ислам мемлекетінің жорық командирі өлтірілді
Архивтегі фото

Өткен тәулікте 69 адамнан коронавирус табылды

17
(Жаңартылды 09:41 26.09.2020)
Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында бірде-бір адамнан коронавирус инфекциясы анықталмады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 69 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық коммиссия хабарлады.  

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 14,
  • Алматы қаласы – 3,
  • Ақмола облысы – 5,
  • Ақтөбе облысы – 1,
  • Алматы облысы – 2,
  • Атырау облысы – 5,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 17,
  • Жамбыл облысы – 2,
  • Батыс Қазақстан облысы – 2,
  • Қарағанды облысы – 5,
  • Қостанай облысы – 3,
  • Павлодар облысы – 4,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 5,
  • Түркістан облысы – 1.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 107 659. Індеттен 1 699 қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қатаң карантин қай кезде енгізіледі – денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді 

17
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев
Депутат бұрынғы вице-министрдің отставкасы жайлы: бұған жауап беруі керек
Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты
Алматыда COVID-тен жазылғандар оңалту орталығына ағылып жатыр: мамандар себебін түсіндірді
Тағы бір облыста 8 бірдей мектепте коронавирус анықталды
Nur Otan партиясының ғимараты

Nur Otan праймериз қарсаңында өрескел тәртіп бұзушылықтарды анықтады

91
Ондаған партия мүшесі бір телефон нөмірімен тіркелгені белгілі болды. Ал басқа азаматтар белгіленген мерзімнен кейін партия қатарына кіруге тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. "Nur Otan" партиясының орталық аппараты Нұр-Сұлтан қаласында жаңа мүшелерді қабылдау кезінде тәртіп бұзушылықтар болғанын анықтады. Бұл туралы партиялық бақылау комитетінің отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

"Nur Otan" орталық аппараты партияның жаңадан қабылданған мүшелері мен "Праймериз" ақпараттық жүйесінде тіркеуден өткендерге талдау жүргізеді.

Оқи отырыңыз: Nur Otan партиясына адам қабылдау тоқтатылды – Байбек себебін түсіндірді 

Осылайша, кезекті тексеру барысында елордада "Азия Орталық Снаб" ЖШС бастауыш партия ұйымы қабылдаған 2466 жаңа партия мүшесінің есептік мәліметтері расталмады. 11 қыркүйектен 4 қазанға дейін партияға қабылдау тоқтатылғанына қарамастан, 12-17 қыркүйек аралығында азаматтар партия қатарына қабылданған.

Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцевтің пікірінше, бұл – өрескел тәртіп бұзушылық. Партияға кейбір "қажетті" кандидаттарға дауыс беруді ұйымдастыру үшін өздерінің бір сәттік мәселелерін шешетіндер, жай ғана қара көбейтетіндер қажет емес.

"Сондықтан дауыс беру кезінде бұрмалауды болдырмау үшін праймериз кезеңінде партияға қабылдау тоқтатылды. Осы фактілерді ескере отырып, партияның астаналық филиалы "Азия Орталық Снаб" ЖШС БПҰ-дағы барлық партия мүшелерінің деректерін салыстырып, тексеруі тиіс", – деп мәлімдеді Казанцев.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, партиялық бақылау комитетінің тексерісі барысында партия мүшелерін бір телефон нөмірімен тіркеу деректері анықталды.

Мысалы, Ақмола облысының Бурабай ауданында "Білім Бурабай" және "Бірлік Бурабай" БПҰ-да партияның 105 мүшесінің бір телефон нөмірі бар. Ал Қарағанды облысының Балқаш қаласында "Ардагер", "Гүлдер", "Балқаш станциясы" және "Шипагер" БПҰ-да бір телефон нөмірінің иелері 279 адам болды.

Отырыс қорытындысы бойынша аймақтық және аумақтық партиялық бақылау комиссияларына барлық айқындалған фактіні анықтап, кінәлілерді жазалау тапсырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек праймеризде онлайн дауыс берудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін арнайы растау (верификация) жүйесі (интернет-банкинг үлгісі бойынша жеке тұлғаны анықтау) қолданылатынын айтқан болатын.

Партияның баспасөз қызметі барлық тәртіп бұзушылық деректері бойынша 8 (800) 080 4441 "жедел желіге" (қоңырау шалу тегін) немесе komek@nurotan.kz электронды поштасына  хабарласуға болатынын атап өтті.

91
Тақырып бойынша
Nur Otan праймеризі: Байбек қауіпсіздік шаралары туралы хабарлады
Бауыржан Байбек Елбасының шешімін жария етті
Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Елбасының баспасөз хатшысы праймеризге қатысты ақпарат жариялады
Архивтегі фото

Қазақстанда қар жауды видео

359
Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының маңындағы тауларды күртік қар басты – куәгерлер қысқы кадрларды жариялап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында боран соқты, деп хабарлады YK-news.kz порталы.

Жергілікті тұрғын Риддер қаласының маңындағы тауларда жауған қар мен боранды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.

Риддер тауларына осы күздегі алғашқы қар 9 қыркүйекте түсті.

Сондай-ақ, куәгерлердің әлеуметтік желілердегі мәліметінше, 25 қыркүйекте Күршім ауданына да "қыс келген".

Оқи отырыңыз: Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады 

Риддерде сенбіде қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы төмен, бірақ нөлден жоғары болады, деп хабарлады Gismeteo. Облыс орталығы – Өскеменде жаңбыр жауады.

359
Кілт сөздер:
видео, қар, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда үсік жүреді: алдағы үш күнге ауа райы болжамы шықты