Нұралы Қиясов

Денис Теннің өліміне күдіктінің ағасы сотта жауап беруден бас тартты

101
(Жаңартылды 18:01 15.01.2019)
Күдіктілердің бірінің ағасы Сұлтан Қиясов сотқа куәгер ретінде шақырылған болатын

АЛМАТЫ, 10 қаңтар — Sputnik. Денис Тенді өлтірді деген күдікке ілінген Нұралы Қиясовтың ағасы Сұлтан сотта туысқанына қарсы куәлік етуден бас тартты, деп хабарлайды тілшісі.

Куәлік етуден бас тарту ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 214-бабы "Куәгер мен жәбірленушіден жауап алудың ерекшеліктері" бабы бойынша регламенттеледі.

Күдікті Жанар Толыбаеваның құрбысы Жайна Ізтілеуованың айтуынша, қайғылы оқиға болған 19 шілде күні үш сотталушы түстен кейін Сұлтан Қиясов пен әйелі Әселдің үйіне келген. Ізтілеуованың айтуынша, Нұралының майкасының үстіңгі бөлігінен қан дақтарын көрген. Бірақ қорыққандықтан ешнәрсе сұрауға батпаған.

"Сұлтанның көңіл-күйі болмады және одан көлікті тартып алғысы келді. Құдайбергенов бұл уақытта далада тұрды. Мен оның өтініші бойынша сыртқа заттарын алып шықтым. Шамамен 23.00-де Толыбаева екеуіміз Қапшағайға кеттік. 20 шілде түстен кейін туысы келген Сұлтанға заттарды алу үшін бардық. Ол Нұралының Денис Тенді өлтіргенін айтты. Рысқұлов даңғылына апарып, сол жерде бізді полиция қызметкерлеріне тапсырды. Мені басқа жерге, ал Толыбаеваны екінші жерге алып кетті", — деді Жайна Ізтілеуова.

Денис Тенді жарақаттаған пышақты сатып алып жатқан сәті камераға түсіп қалған

Сотта күдіктілер пышақты сатып алған "Магнум" гипермаркетінің қауіпсіздік қызметінің басшысы Арман Шәріпов те куәгер болды.

"Бізге құқық қорғау органдарынан штрих-коды бар пышақтар сатыла ма деген сұратым келіп түсті. Кешеніміз толықтай бейнебақылаумен жабдықталған. Барлығын тексере келе мұндай пышақтың сатылғанын анықтадық. Видеодағы жігіттің сотталушы Арман Құдайбергенов екенін таныдым. Оның түнде белгісіз көлікпен келгенін көрдім. Mazda маркалы көлік болған сияқты. Камерадан көліктен үш адамның шыққанын көруге болады. Басқа жігіт қыз екеуі тұрақ жақта қалды. Арман асүй жабдықтары тұрған бөлімге қарай кетті. Бұл бөлімде ұзаққа кідірген жоқ. Бес-жеті минут ішінде ұзындығы 10 сантиметр болатын сопақ келген пышақты алып, кейін қолғап тұрған жаққа қарай бағыт алды. Сол жерден ол әдеттегі мақта матадан жасалған қолғап таңдап алды. Кассаға келгенде пышақ, қолғап және сағыз үшін ақша төледі", — деді Шәріпов сотта.

Тағы оқыңыз:

Оның айтуынша, күдікті пышақты 2018 жылы шілденің 17-сінен 18-не қараған түні сатып алған.

Денис Теннің қазасы

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде 25 жасында көз жұмды. Көлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны ұрылар сан тұсынан пышақпен жарақаттады.

Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Ер адамдар тонап, кісі өлтіргені, ал әйел қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып отыр.

Сотта марқұм мәнерлеп сырғанаушының анасы Оксана Тен ұлының тапсырыспен өлтірілгеніне сенімді екенін айтты. Сондай-ақ, сотта оқиға болған жерге бірінші болып жеткен екі полицей куәгер болды.

101
Кілт сөздер:
куәгерлер, пышақ, күдіктілер, видео, сот, Денис Тен
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (100)
Тақырып бойынша
Денис Теннің өлімі: полицейлер сотта куәгер болды
Денис Теннің сыныптасы өзінен күдіктенгендерге жауап берді
Денис Теннің анасы неге ұлын тапсырыспен өлтірді деп санайтынын айтты
Денис Теннің өліміне күдікті өз өмірі туралы шындықты айтты
Денис Теннің өліміне күдікті тағы кімді тонаған – астаналық куәгерлерден жауап алынды
"Белбеумен ұра бастады" - прокурор сотта Денис Теннің қалай өлтірілгенін айтты
"Өлтірген жоқпыз" - Денис Теннің өліміне күдіктілер сотта жауап берді
Загрузка...