Нұрлы жол вокзалындағы жолаушылар пойызы

Енді Қазақстанда пойыз билетін қайтарған кезде айыппұл салынбайды

2678
(Жаңартылды 11:34 15.01.2019)
Алайда бағасы 3500 теңгеден асатын билеттер үшін комиссиялық алым сол күйі қалады

АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. 15 қаңтар, яғни ертеңнен бастап Қазақстанда құны 3500 теңгеге дейінгі пойыз билетін қайтарғаны үшін 1000 теңге мөлшерінде айыппұл салынбайды. "Жолаушылар тасымалы" АҚ халықтың өтінішімен осындай жаңашылдық енгізіп отыр, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың 15 қаңтарынан бастап пойыз билетін қайтарғаны үшін 1000 теңге мөлшерінде айыппұл салынбайды. Алайда бұл ереже бағасы 3500 теңгеден аспайтын билеттерге ғана қатысты. Ал 3500 теңгеден асатын билетті қайтарған кезде комиссиялық алым сол күйі қалады. 

Аталған шешім жолаушылар тарапынан түскен өтініштерден кейін қабылданған. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ осылайша билеттерді заңсыз қайта сататындармен күреспек.

2678
Кілт сөздер:
айыппұл, ақша, пойыз
Тақырып бойынша
Анкарадағы ірі апат: жүрдек пойыз рельстен шығып кетті
Қызылорда облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті
Қостанай облысында пойыз апатқа ұшырады
Пойыз жолсерігі шетелдік студентке жоғалған әмиянын қайтарып берді
Қасымбек Шудағы пойыз апатына не себеп болғанын айтты
Загрузка...