Неке қию рәсімі

Енді қазақстандықтар үш күнде үйлене алады

649
(Жаңартылды 12:51 16.01.2019)
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі осы жылдың көктемінен бастап небәрі үш күнде некелесуге болатынын айтты

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда неке қиюды тіркеу рәсімі қысқарады. Бұл туралы үкіметтің биылғы жылдағы алғашқы отырысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды  тілшісі. 

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 43 заң мен он кодекске 500 түзету енгізуді көздейтін заң жобасын әзірледі. Абаевтың айтуынша, құжатта үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның ұсынысы аясында 121 мемлекеттік қызмет түрін оңтайландыру үшін қажетті түзетулер бар. 

"Неке қиюды тіркеу қызметін оңтайландыру арқылы оның мерзімін бір айдан үш жұмыс күніне дейін қысқартуға болады. Сондай-ақ, өтініш жазған күннен бастап екі ай неке қиюды тіркеу күнін таңдауға мүмкіндік беріледі", — деді Абаев.

Түзетулер салық төлеушілердің артық төлеген сомасын автоматты түрде қайтаруды қарастырады. Бұдан өзге мемлекеттік қызметті бір ғана нормативтік акті — ережелер бойынша көрсетуді көздейді.

Тағы оқыңыз:

"Өзгерістер осы жылы енгізілетін болады. Көктемде деген ойдамын", — деп жауап берді Дәурен Абаев үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың сұрағына.

Бүгінде 741 мемлекеттік қызмет түрі бар. Абаев баяндамасында олардың ішінде 454-і немесе 61%-і электронды түрде қолжетімді екенін айтты. Сондай-ақ, ол автоматтандыру жұмыстарын толыққанды жүргізу үшін халықтың цифрлық сауаттылығын көтерудің маңызды екеніне тоқталды.

"Өткен жылы халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы он миллионнан астам мекенжай анықтамасы берілді. Алайда оларды электронды үкімет порталынан электронды-цифрлық қолтаңбасыз, бір реттік құпия сөздің немесе смартфондағы телеграм-бот арқылы алуға болады", — деді ақпарат және коммуникациялар министрі.

Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда қазақстандықтардың 64%-інің интернетке смартфон арқылы кіретінін және М-Gov электронды үкімет қосымшасын дамыту осы саладағы басты бағыт екеніне назар аударды.

Үкімет басшысы ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жақсы жұмыс істегенімен, халыққа түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбей отырғанын айтып өтті. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін мемлекеттік қызметтердің 90%-ін электронды форматқа көшіруді тапсырған болатын.

649
Кілт сөздер:
үйлену тойы, неке қию, онлайн тіркелу, электрондық үкімет, үкімет, Бақытжан Сағынтаев, Дәурен Абаев, Қазақстан
Тақырып бойынша
Алматының тергеу абақтысында электронды кезек пайда болады
Министр: бүкіл әлем электронды визаға көшкенде, Қазақстан әлі қолмен қағаз толтырады
Алматыда балабақшаға электронды кезекке қалай тұруға болады?
Қазақстанда электронды кеден іске қосылды
Бекешев: Кеден кодексінің маңызды қосымшасы – электронды декларациялау
Сағынтаев мемқызметтерді электронды форматқа ауыстыруды жеделдетуді тапсырды
Сағадиев: оқушы туралы бүкіл ақпарат электронды түрде сақталатын болады
Дезинфекция жүргізу

Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі

92
(Жаңартылды 22:05 14.07.2020)
Бас санитар дәрігердің қаулысына орай, сауда үйлері мен базарлар, ойын-сауық орталықтары мен басқа да көпшілік жиналатын орындардың басшылары жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. 15 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында халық көп жиналатын орындарда (саябақ, сквер, гүлзар, жағалау және т.б.) ауқымды дезинфекция жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Дезинфекция таңғы сағат 6-7-де басталады. Өңдеу кезінде қала тұрғындары адамдар көп жиналатын орындарға бармағаны жөн. Қаланы өңдеуге коммуналдық сала қызметтерімен бірге төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің және мамандандырылған компания қызметкерлері қатысады", - делінген хабарламада.

Дезинфекция жұмыстары жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі.

Қалалық бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, сауда үйлері мен базарлар, ойын-сауық орталықтары мен басқа да көпшілік жиналатын орындардың басшылары да жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс.

Осы кезге дейін қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақта дезинфекция жасалды. Дезинфекциялау тұрақты түрде жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев дезинфекция жасап жүрген жігітті таныды - видео

Айта кетейік, 5 шілдеден 2 тамызға дейін елімізде шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындары санитария нормаларды қатаң сақтап, маска тағып, антисептик қолданып, әлеуметтік қашықтық сақтауы қажет.

92
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, тазалық
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды  
Арыста дезинфекция жұмыстары басталды
Алматыда қоғамдық көлік уақытша тоқтатылды
Елордада дезинфекция шаралары қалай жасалды – видео
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі
Су жағасындағы іздестіру жұмысы

Жүгіруге шығып, жоғалып кетті: Ақмола облысында 14 жасар қыз іздестірілуде

104
(Жаңартылды 22:05 14.07.2020)
Жоғалған қызды отбасы мүшелері өздері күні бойы іздеп, нәтижесіз болған соң полицияға жүгінген

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Ақмола облысының Шортанды ауданында 2004 жылы туған қызды іздеуге екі жүзге жуық адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

14 жастағы қыздың жоғалып кеткенін құтқарушыларға полицейлер хабарлады.

"2004 жылы туған жасөспірім үйден 12 шілде күні таңғы алтыда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Әзірге оның қайда екендігі беймәлім",– делінген Ақмола облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хабарламасында.

Жоғалған қызды отбасы мүшелері өздері күні бойы іздеп, нәтижесіз болған соң полицияға жүгінген.

"Жоғалған қыздың анасы оның Шортанды ауылындағы стадионға таңғы алтыда жүгіруге кеткенін айтты. Қырық минуттан кейін ұялы телефоны сөніп қалған",– дейді Шортанды ауданындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімше бастығының міндетін уақытша атқарушы Еламан Әзімбаев.

Оқи отырыңыз: Атырауда үйдің ауласындағы әжетханаға кеткен қыз із-түзсіз жоғалды

Құтқарушылар мен полицейлер, еріктілер мен аудан тұрғындарынан құралған 200-ге жуық адам қызды іздестіруде. Қосымша иісшіл иттер мен сүңгуірлер де жұмылдырылды. Ал олар Көкшетау қаласынан шақырылған.

104
Кілт сөздер:
жасөспірім, із-түзсіз жоғалу
Тақырып бойынша
СҚО-да құрбысының үйінен шығып кеткен студент қыз із-түзсіз жоғалды
Арыстағы жарылыс: қала тұрғынының шкафтағы 2 миллиондай ақшасы жоғалды
Балалардың зәресін алған Мәншүк Мәметованың мүсіні жоғалды
"Инфекция таратуы мүмкін": Алматыда қаңғыбастар ізім-ғайым жоғалды  
Жамбыл облысында қар көшкінінен кейін әскери қызметкерлерді іздестіру аяқталды
Ақ үй

Вашингтон Еуропаны қалай жазаламақ?

0
Дональд Трамп әкімшілігі мен Facebook, Google және Amazon секілді америкалық ІТ-алыптардың арасындағы барлық қиыншылыққа қарамастан, АҚШ президенті америкалық корпорациялардың табысын еуропалық салықшылардан қорғауға бел буды

Соған қарағанда, Дональд Трамп АҚШ пен Еуроодақ арасындағы трансатлантикалық ниеттестікті құрбан етуге дайын болып шықты.

Көп жылдан бері туындап келе жатқан баяғы дау қазір құны миллиард долларлық қаржылық соққыға айналды: Еуроодақ ондаған жыл бойы ЕО-да салықсыз жұмыс жасап келген америкалық корпорацияларға қысым көрсетпекші болса, АҚШ минималды фискалдық тәуелсіздік алуға тырысқаны үшін Еуроодақты жазаламақ. Мойындау керек, Трамп командасының кек алуы нысанына дөп тиді. Яғни, амеркалық ІТ-бизнес салық төлеуі тиіс деген идеяны ұсынған әрі тәуелсіздікке ұмтылған "арсыз" автор анықталып, одан соң, америкалықтар тарапынан жауап ретінде нақты шаралар қабылданды.

"Google, Facebook және Amazon үшін еуропалық салық" ұсынысының авторы әрі шабыттандырушысы Франция президенті және күш-қуаттың әлемдік полюсы ретінде Еуропаның қалпына келтірілуі жайлы сөз қозғауға жаны құмар Эммануэль Макрон болып шықты. Сәйкесінше, Ақ үй тоқпағының астында қалған компаниялар тізімі Елисей сарайына барынша қолайсыздық тудыратындай етіп жасалғаны анықталды.

Америкалық CNBC қаржы арнасы мынандай хабарлама жасады:

"АҚШ-тың кейбір санаттағы тауарлар үшін жоғары тарифтер орнату мүмкіндігі жайлы мәлімдемесінен кейін осы сегментте жұмыс жасайтын француздық люкс компаниялардың акциялары төмендеді. Қаңтар айының соңынан бастап енгізілуі мүмкін жаңа тарифтерге сәйкес, АҚШ Сыртқы сауда қарым-қатынасы жөніндегі федералдық агенттігі Франциядан жеткізілген импорт тауарлар үшін 100%-ке дейін салық алуы мүмкін. Жаңа тарифтер бойынша импорттың болжамды сомасы 2,4 млрд долларды құрап отыр. Француздық акциялардың құлдырауы Louis Vuitton, Hennessy, Hermes, Christian Dior, Gucci, Yves Saint Laurent және Balenciaga иелік ететін компанияларға қатысты болды".

"Жүз процент деген өте көп", - деді Chanel сән үйінің президенті Бруно Павловский The Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында. "Бұл тариф емес. Жүз процент – бұл айыппұл", - деген ол.

Айта кету керек, америкалық шенеуніктер бұл мәселенің шешімі бойынша өз ұсыныстарын жасап жатыр. Олардың пайымдауынша, Еуроодақ аумағында нақты америкалық компанияларға қысым көрсетуге тырысқан Макрон бәріне кінәлі. Бұл айыптау, тіпті, дәстүрлі патриот болып саналатын америкалық БАҚ-тың өзінде күмән тудыратыны анық.

"Құрама Штаттары француздық салықтың құрылымы Facebook, Google және Amazon секілді америкалық ірі интернет-компанияларға бағытталуын әділетсіз деп санайды. Әйтсе де, басқа мемлекеттер өз нарығында долларды миллиардтап тауып жатқан фирмалардан табыс көруді көздеуі күшейіп келеді", - дейді Politico басылымы.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев АҚШ елшісімен кездесті
© Photo : Пресс-служба сената Казахстана
Трамптың кек алу құралы ретінде дәл осы "француздық люксты" таңдап алуы тектен-тек емес. Себебі, инвесторлар дәулеті тасыған тұтынушылармен жұмыс жасайтын фарнцуздық компанияларды коронавирус эпидемиясымен қатар, сауда соғысынан да берік қорғалған деп сеніп келді. Пандемиямен күрес шаралары салдарынан экономикалық дағдарыс тұңғиығына батып бара жатқан Франция жағдайында люкстік компаниялар үміт сәулесі іспеттес болды.

Сондай-ақ, аталған компаниялар дәстүрлі өнеркәсіпте Германия және Қытаймен бәсекелес бола алмайтын Францияның халықаралық аренадағы бәсекелестік басымдылығының символы тәрізді еді. Егер француз президентінің әкімшілігін қорқытып, еуропалық салық жүйесіне ықпал ету межелі мақсат болса, люкс компанияларды америкалық нарықтан аластатып, аталған символды аяқасты ету ұтымды идея.

Франция қырсықса, америкалық компанияларға кемінде ұлттық деңгейде салық салуы мүмкін. Алайда, еуроодақтық салық салуды қолдап, соның салдарынан экспорт үшін 100% салық тарифын "сыйға" ала қоюы екіталай.

Бір есептен, бұл жағдайда мәселе экономикалық дау-дамайда ғана емес. Бұл еуропалық саясаткерлердің мәртебесі туралы дау. Мәселе бизнесмендердің кімге салық төлеуінде болып отыр. Осы салықтарды енгізу және жинауға кім құқылы болса, сол нақты бір аумақтағы билік иесі болады. Мұндай жағдай тарихта болған, әрине. Алайда, ол үшін соғыс жағдайында жеңілгенде немесе әскери күштерді біріктіру жөніне капитуляция келісімшартына қол қойғанда ғана орын алған.

Сәйкесінше, онлайн-жарнама мен интернет-сауда нарығында үстемдігі басым ойыншы болып отырған және француздық компаниялардан миллиардтаған еуро алып отырған шақта, бұл жағдайда бір тиынға ие емес француздық бюджет АҚШ алдында колония рөлінде екенін немесе экономикалық дербестікке ие емес екенін мойындау керек.

Айта кету керек, Трамптың Францияны жазалау жөніндегі шараларын АҚШ-тағы республкалық та, демократиялық та партиялардың өкілдері қолдады. 

Егер, жағдай осылай жалғаса берсе, күздегі сайлауда кім жеңгеніне қарамастан, Вашингтон – Париж, Вашингтон – Берлин қарым-қатынасы ушыға бермек. Chanel иіссуы мен Hermes сөмкелерін америкалықтар тек контрабанда арқылы алатын және еуропалықтар америкалық әлеуметтік желіге балама ойластыратын болашақ та алыс емес секілді.

0