Малика Мұхитова

"Күтіп отырмыз" Судья Мұхитованың қашан түрмеге қамалатынын айтты

1420
(Жаңартылды 20:49 15.01.2019)
Малика Мұхитова сот үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын

АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Тобағалиұлы белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің жиенінің өліміне себепші болған Малика Мұхитованың қашан түрмеге қамалатынын айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Айта кетсек, кеше апеляциялық алқаның шешімімен Мұхитоваға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Бүгін Есіл аудандық сотының өткен жылдағы жұмысын қорытындылау кезінде судья Қанат Тобағалиұлы сотталушының қашан изоляторға қамалатынын айтты. 

"Кеше апеляциялық инстанцияның қаулысы негізінде сот үкімі заңды күшіне енді. Ал бүгін қызды қамауға алу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қаулы бізге түскен бойда, біз оның көшірмесін үкімді орындау үшін жолдаймыз. Мұхитова алдымен тергеу изоляторына, кейін қоныс колониясына, яғни қауіпсіздігі төмен мекемеге жіберіледі", — деді астаналық судья. 

Тобағалиұлы бүгін қаулы күтіп отырғанын, бұл уақыт ісі екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, судья жазда болған жол апатына қатысты істің неге сонша ұзаққа созылғанын түсіндірді. Оның айтуынша, кез келген судья өзіне түскен қылмыстық іс бойынша жан-жақтылықты, объективтілікті қамтамасыз етуі керек. 

"Өздеріңіз білесіздер, түрлі болжамдар, нұсқалар айтылды. Тиісінше сот барлық сарапшыдан, куәгерден жауап алып, ақпараттың толық болуын қамтамасыз етті. Сондықтан сот аздап ұзаққа созылды", — деді Тобағалиұлы. 

Еске сала кетсек, жол апаты 2018 жылдың 22 маусымында Астанадағы Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болды. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтің қызы Малика Мұхитова мотоциклмен келе жатқан Ескендір Сүлейменовті қағып кетті. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы жиені оқиға орнында көз жұмды. 

Тағы оқыңыз: 

Қараша айының ортасында 29 жастағы Малика Мұхитова ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабы 3-тармағы бойынша (Жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерінің бұзылуынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) кінәлі деп танылды. Сот үкімімен ол қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Кейінірек сотталушының адвокаты Дмитрий Куряченко сот үкіміне шағым түсірді. Алайда 14 қаңтар күні апелляциялық алқа сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

1420
Кілт сөздер:
сот үкімі, түрме, Малика Мұхитова, Олжас Сүлейменов
Тақырып:
Ескендір Сүлейменовтің қазасы (24)
Тақырып бойынша
"Діннен жұбаныш табады" Олжас Сүлейменов сотқа тағы бір хат жолдады
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: полковниктің қызына сот үкімі шықты
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: ата-анасы халыққа үндеу жасады
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: Судья марқұмның анасының сөзін жоққа шығарды
"Жалғыз немерем". Адвокат сотта Олжас Сүлейменовтің хатын оқып берді
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: отбасы полковниктің қызынан 14 млн теңге сұрады
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: полковниктің қызы жылап кешірім сұрады
Загрузка...