Facebook

Астана судьясы Facebook-тегі жазбаға қатысты: бұл үшін ешкім сізді соттамайды

133
(Жаңартылды 13:52 16.01.2019)
Астаналық сот "жала жапты" делінген адамның жазбасынан қылмыстық әрекет байқамаған

АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Астаналық судья Қанат Тобағалиұлы кез келген адам әлеуметтік желіде өз пікірін білдіруге құқылы екенін, бұл үшін ешкім оны соттамайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін №2 Есіл аудандық сотында соттың өткен жылы атқарған жұмысы қорытындыланды. Брифинг кезінде елордалық судья Қанат Тобағалиұлы әлеуметтік желілерде жала жабу бойынша қаралған бір істі мысалға келтірді. Астанадағы белгілі фирма Facebook желісінде жала жапты деп бір адамның үстінен шағымданған.

"Сот кезінде "жала жапты" делінген адам Facebook-те жеке пікірін білдіргені ғана анықталды. Желідегі жазбаның астына өз пікірін жазып қалдырған. Ал аталған фирма оның жазбасын "жала жабу" сипатына ие деп, сотқа берді. Алайда сот әлгі адамның жазбасынан әдейі жала жабу әрекетін байқамады. Сондықтан біз оны ақтап шықтық", — деді ол. 

Тобағалиұлы Қазақстан азат, демократиялық ел екенін, кез келген азамат өз пікірін білдіруге құқылы екенін атап өтті. 

"Бұл үшін ешкім сізді соттамайды", — деді судья.

 

 

 

133
Кілт сөздер:
пікір, жала жабу, Facebook, Астана
Тақырып бойынша
Головкин желіде видео жариялап жұрттың жүрегін елжіретті
Ор қазып жатып, олжаға кенелді – желіде жарияланған видео елдің жағасын ұстатты
70 жыл бұрын қыз зорлағаны үшін сотталғандар өмірден озғаннан кейін ақталды
"Шахматшы ханшайымның" ісі: Бибісара Асаубаева толықтай ақталды
ОҚО-да 10 жасар балаға жыныстық әлімжеттік көрсеткен бозбала ақталды
Өзінің ақшасын алды: Жоғарғы сот бөтеннің мүлкін иеленген әйелді ақтап шықты
Загрузка...