Қоғам

Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды тоқтатты

CC0 / / Теледидар
Теледидар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көрермендер 16 қаңтарда таңғы 03:00-тен кешкі 17:00-ке дейін отандық телеарналарда сүйікті бағдарламаларын көре алмайды

АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. "Қазтелерадио" компаниясының баспасөз қызметі профилактикалық жұмыстың жүргізілетіні туралы хабарлады.

теледидар пульті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда белгілі шетелдік телеарналар хабар таратуын тоқтатты

Бүгін 16 қаңтарда Астана уақыты бойынша 03:00-тен 17:00-ке дейін жоспарлы профилактикалық жұмыс пен эфирлік цифрлы, аналогты телехабар тарату мен радио хабар тарату желісіндегі құрылғыны қорытынды өлшеу жүргізіледі. 

Компания сайтында жарияланған кесте бойынша, профилактикалық жұмыс 2019 жылы сәуір, шілде және қазан айларында да болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың жазында 88 танымал шетелдік телеарналар Қазақстанда хабар таратуды тоқтатқаны белгілі болды. Былтыр шілдеден бастап олар елімізде өкілдіктерін ашуға тиіс болатын, осы заңнаманы бұзғандықтан, ақпарат және коммуникациялар министрлігі бұл арналардың Қазақстанда хабар таратуына тыйым салды.

Жаңалықтар
0