Сотталушы

Денис Теннің өлімі: прокурор күдіктілерді 20 жылға соттауды сұрады

96
(Жаңартылды 21:11 16.01.2019)
Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген күдікке ілінген

АЛМАТЫ, 16 қаңтар — Sputnik. Денис Теннің өліміне күдіктілер – Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Прокурор Айдар Сибогатов соттан осындай жаза мерзімін сұрады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

"Арман Құдайбергеновті айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Нұралы Қиясовты айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Жаза мерзімін қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін", — деп мәлімдеді екінші прокурор Айдар Сибогатов.

Прокурор Жанар Толыбаеваны төрт жылға бас бостандығынан айырып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесіне қамауға алуды сұрады. Әйел адамға "бір топ адамның алдын ала келісіп ұрлық жасауы" және "қылмыс туралы хабарламау" баптары бойынша айып тағылған.

Бұдан бұрын мәнерлеп сырғанаушының анасы Оксана Тен ұлын тапсырыспен өлтіргенін тағы да мәлімдеп, істі қайта тергеуді сұрады. Бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Бұдан бөлек, Денис Теннің анасы полиция қызметкерлері Нұрпейісов пен Мұсаевты қызметтегі әрекетсіздік пен салғырттығы үшін жауапкершілікке тартуды талап еткен. Айыптау тарабы жәбірленушілердің бұл өтінішін мақұлдаған жоқ. Судья Кеңшілік Әбділдинов Теннің анасы берген өтінішке екі жақтың жарыссөзінен кейін жауап беретінін мәлімдеді.

Азамат Нұрпейісов – кісі өлімі болған жерге жақын маңда болып, қылмысты көзімен көрген жасөспірімдер ісі бойынша инспектор. Нұрпейісовтің сөзіне сүйенсек, ол Дениске алғашқы көмек көрсетіп, адамдардан "жедел жәрдем" шақыруды сұраған.

Әділбек Мұсаев – қылмыс жасалған кезде Нұрпейісовпен бірге бір көлікте болған оның әріптесі.

Денис Теннің өлімі

Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде көлік ұрыларының қолынан ажал құшты. Ол 25 жаста еді. Спортшы көлігінің айнасын шешіп жатқан екі жігіттің үстінен түсіп, олармен төбелеске кеткен. Ұрылардың бірі мәнерлеп сырғанаушының санына пышақ сұғып алады. Денис Тен көп қан жоғалтып, ауруханада көз жұмды.

Келесі күні күдіктілер – Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов ұсталды. Тергеу және сот барысында белгілі болғандай, Дениске пышақ салған Қиясов екен. Ал Құдайбергенов спортшыны белдікпен ұрып қашып кетуге тырысқан.

Осы іс бойынша үшінші күдікті Жанар Толыбаева, болжам бойынша, қылмыстың куәгері болды, бірақ полицияға хабар бермеген. Сонымен қатар Толыбаеваға ұрлық жасады деген айып тағылды.

Денис Теннің анасы оқиғаның кездейсоқ болғанына сенбейді, қастандық әдейі ұйымдастырылғанын алға тартып отыр.

96
Кілт сөздер:
жаза мерзімі, кісі өлтіру, сот, Жанар Толыбаева, Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов, Денис Тен
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
Денис Теннің өліміне күдікті кінәсін мойындады
Сотта Денис Теннің өлімінің нақты себебі айтылды
Денис Теннің өліміне қатысты сот: күдіктілердің біріне жедел жәрдем көмегі қажет болды
Денис Теннің ісі: сотталушы әйел полицейдің соққыға жыққанын мәлімдеді
Денис Теннің өліміне күдіктінің ағасы сотта жауап беруден бас тартты
Полицей күдіктілердің Денис Тенді өлтіріп жатқанын көрген
Денис Теннің өлімі: полицейлер сотта куәгер болды
Денис Теннің өліміне күдікті өз өмірі туралы шындықты айтты
Денис Теннің өліміне күдікті тағы кімді тонаған – астаналық куәгерлерден жауап алынды
Загрузка...