Андрей Лукин

Лукин Қарағандыдағы қайғылы оқиға жайлы: кім болса да, жазадан құтыла алмайды

159
(Жаңартылды 14:51 17.01.2019)
Қарағанды облысында браконьерлер екі инспекторды жаралап, біреуі көз жұмған еді

АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Бас прокурор Қайрат Қожамжаров Қарағанды облысында инспекторларға шабуыл жасау ісін жеке бақылауына алды. Бұл туралы бүгін бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Аталған факті бойынша Бас прокурор оқиғаны жеке бақылауына алды. Полиция департаменті ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", — деді Лукин мәжіліс кулуарында.

Бұған қоса, ол ІІМ орталық аппаратының бір топ қызметкері жергілікті полицейлерге көмек көрсету үшін Қарағанды облысына аттанғанын мәлімдеді. 

"Таяу арада қылмыстың ашылатынына сенімдімін. Кінәлі адамдар анықталып, қамауға алынады", — деді Бас прокурордың орынбасары. 

Лукин күдікті кім болса да, қылмыстық жауапкершіліктен құтыла алмайтынын атап өтті. 

"Адам өлімі – кез келген жағдайда отбасы үшін, айналасы үшін трагедия. Бас прокурор да, ішкі істер министрі де аталған істі бақылауына алғанына сендіргім келеді. Күдікті кім екеніне қарамастан, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қылмыстық кодекске сәйкес жазаға кесіледі", — деп сендірді Лукин. 

Еске сала кетсек, 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында браконьерлер "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасады. Инспекторлар күдік туғызған автокөлік пен құжаттарды тексергелі жатқанда, браконьерлер қарсылық көрсеткен.

Екі инспектор да ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі көз жұмды.

159
Кілт сөздер:
Бас прокуратура, қайғылы оқиға, қылмыстық іс, Қайрат Қожамжаров, Қарағанды облысы
Тақырып бойынша
Қарағандыдағы қанды оқиғадан кейін ҚР ІІМ басшысы мен Армения елшісі кездесті
Депутаттар Қарағандыдағы төбелесте көз жұмған жігіттің отбасына көңіл айтты
Қарағандыдағы төбелестен кейін қашып кеткен күдікті – Армения азаматы
Қарағандыдағы төбелес: Күдіктілер арасында Армения азаматтары да бар
Қарағандыдағы қанды оқиға: Күдіктінің қайда жасырынғаны белгілі болды
Қарағандыдағы қанды оқиға: ІІМ қашып жүрген күдіктінің бейнеүндеуіне түсініктеме берді
Арменияның үкімет басшысы Қарағандыдағы қанды оқиға туралы пікір білдірді
Қарағандыдағы қанды оқиға: Армения сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Қарағандыдағы қанды оқиға: армян диаспорасы қаза тапқан жігіттің отбасынан кешірім сұрады
Қарағандыдағы қанды оқиға: полиция ұлтаралық алауыздық туралы іс қозғады
Қарағандыдағы төбелеске ұлтараздық алауыздық себеп болмаған – прокуратура
Қарағандыдағы қанды оқиға: күдіктілердің суреті жарияланды
Загрузка...