Баспана, архивтегі фото

Мемлекеттік бағдарлама аясында баспана алушылардың тізімі жарияланды

2674
(Жаңартылды 15:00 17.01.2019)
"Қазақстандық ипотекалық компания" ИҰ" АҚ баспанасы" бағыты бойынша 76 адам тізімге ілінген

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Астана әкімдігінің ресми сайтында "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында баспаналы болған тұрғындардың тізімі жарияланды. 

"Қазақстандық ипотекалық компания" ИҰ" АҚ баспанасы" бағыты бойынша 76 адам тізімге ілінген. Арзан баспана бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, әскерилерге, мемлекеттік қызметшілерге,  жетім балалар мен жалғызбасты аналарға берілді. 

Толық тізімді мына сілтеме арқылы өтіп көруге болады.  

Айта кетейік, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы жолдауында мемлекет халықты тегін үймен қамтамасыз етуге міндетті еместігін айтып өткен еді.  

"Мен бүкіл елдің алдында тағы бір рет айтамын. Біз басқа әлемде өмір сүріп жатырмыз. Мемлекет ешкімге тегін үй бермейді. Тек несиемен, белгілі бір жеңілдіктермен көмектесе алады. Мемлекетте тегін пәтер де, мұндай заң да жоқ. Соғыс ардагерлеріне шамамен 10 реттен үй берген шығармыз. Олардың өздерін де, балалары мен немере-шөбелерін де үймен қамтамасыз еттік. Жақсы, олар соғыс ардагерлері болғандықтан осылай жасадық. Ал қалғандарына не жоқ? Оларға ешкім тегін үй бермейді ", — деді Елбасы. 


2674
Кілт сөздер:
баспана, Нұрлы жер, Астана
Тақырып бойынша
Жеңіс Қасымбек жыл соңына дейін қанша адам баспаналы болатынын айтты
"7-20-25" бойынша алғашқы айдағы қорытынды: қанша қазақстандық баспаналы болады
Семейліктер жетім қызды пәтер сыйлап қуантты
"7-20-25" бағдарламасы арқылы пәтер алу қолжетімді бола түсті
Загрузка...