Денис Тен

Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі онлайн-репортаж

420
(Жаңартылды 18:57 17.01.2019)
Бейсенбі, 17 қаңтарда танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шығады. Сот алдына үш адам келді: Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева.

2014 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда қаза тапты. Көлігінің айнасын ұрлағандарға тап берген спортшы пышақ жарақатынан көз жұмды.

Денис Тен 25 жаста еді. 

New messages
  • 18:48

    Жанар Толыбаева "Ұрлық" бабы бойынша ақталды

    Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық", 192-бабы "Қарақшылық" және 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша айыпты деп танылды. Нұралы Қиясов "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша сотталды. Жанар Толыбаева "Ұрлық" бабы бойынша ақталып, бірақ 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды. 

  • 17:33

    Денис Теннің отбасы сот залынан артқы есік арқылы шығып кетті

    Бұған дейін Денис Теннің отбасының адвокаты Нұрлан Өстеміров Жанар Толыбаеваны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Марқұм спортшының анасы Оксана Тен сотта ұлының тапсырыспен өлтірілгенін мәлімдеген болатын. 

  • 17:32

    Толыбаеваның адвокаты сот үкімін аппеляцияға бермек

    Үкімді тыңдауға аяғы ауыр Жанар Толыбаеваның анасы келді. Оның айтуынша, сот қызын тым қатал жазалап отыр. 

    "Менің қызым дайындалып жатқан қылмыс жөнінде білген жоқ, ол қарапайым мұғалім, сондықтан біз аппеляцияға береміз", - деп мәлім етті Толыбаеваның анасы. 

  • 17:05

    Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға сотталды

    Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Сонымен қатар сот үкімі бойынша Қиясов пен Қүдайбергеновтен 1 860 520 теңге өндіріліп алынады. 

    Бұдан бөлек, Құдайбергеновтен басқа қылмыстық істер бойынша жәбірленушілердің пайдасына 510 мың 634 мың теңге өндірілді.


    Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты

    Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шықты

    Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үш адам сотталды
    Әрі қарай оқу
  • 17:01

    Судья Кеңшілік Әбілдинов үкімді оқып жатыр

    Сотталушылар бетін қолдарымен жауып тұр.

  • 17:01

    Сотталушыларды сот залына әкелді

    Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үш адам сотталып жатыр - Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева. Кеше олар соңғы сөзінде марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады. 

  • 16:51

    Марқұм Денис Теннің ата-анасы сот үкімін тыңдауға келді

    Сонымен қатар сот залында екі прокурор бар, жәбірленуші тараптың адвокаты Нұрлан Өстеміров жоқ. 

  • 16:48

    Бүгін сағат 17.00-де үкім шығады

    Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа 60-қа жуық журналист келді. Сотталушылардың туған-туыстары әлі көрінбейді. 

  • 16:24

    16 қаңтар - күдіктілер сотта соңғы сөзін сөйледі

    Сотталушылар марқұм Денис Теннің анасынан кешірім сұрады

    Трагедия болған жерге қойылған гүлдер

    "Күйе жағылғанын қаламаймын" Денис Теннің өліміне күдіктілер соңғы сөзін сөйледі

    Сотталушылар марқұм Денис Теннің анасынан кешірім сұрады
    Әрі қарай оқу
  • 16:22

    Прокурор 20 жыл сұрады

    Сотталушы

    Денис Теннің өлімі: прокурор күдіктілерді 20 жылға соттауды сұрады

    Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген күдікке ілінген
    Әрі қарай оқу
  • 16:18

    14 қаңтар – сотталушылар сөзінен шатаса бастады

    Сот отырысында әуелі Нұралы Қиясов қылмысын мойындады, бірақ оның алдын-ала жоспарланбағанын айтты. Ал одан кейін барлық тармақ бойынша айыбын мойындаудан бас тартты.

    Нұралы Қиясов

    Денис Теннің өліміне күдікті кінәсін мойындады

    Жамбыл облысының тумасы Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіруді жоспарламағанын айтты
    Әрі қарай оқу
  • 16:07

    Денис Теннің нақты неден өлгені белгілі болды

    Мәйітхана

    Сотта Денис Теннің өлімінің нақты себебі айтылды

    Сот-медициналық сарапшы Денис Тен алған жарақаттарды сипаттады
    Әрі қарай оқу
  • 16:02

    Полицей Денис Тенді өлтіріп жатқандарды көрген

    Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспектор Азамат Нұрпейісов Денис Теннің өлімі туралы сот процесінде басты куәгер болды. Ол сол күні оқиға болған жерден өтіп бара жатып, қашып бара жатқан жігіттерді көрген. Сотта полицей неге қансырап жатқан адамды көріп тұрып, жедел жәрдем шақырмағанын түсіндірді. 

    Денис Тен

    Полицей күдіктілердің Денис Тенді өлтіріп жатқанын көрген

    Куәгер полицей неліктен бірден жедел жәрдем шақырып Денис Тенге алғашқы көмек көрсетпегенін түсіндірді
    Әрі қарай оқу
  • 15:47

    Сотта Теннің қалай өлтірілгені белгілі болды

    Мемлекеттік айыптаушы Денис Тенді сотталушы Нұралы Қиясовтың пышақтағанын айтты

    Денис Тенді еске алу

    "Белбеумен ұра бастады" - прокурор сотта Денис Теннің қалай өлтірілгенін айтты

    Мемлекеттік айыптаушы Денис Тенді сотталушы Нұралы Қиясовтың пышақтағанын айтты
    Әрі қарай оқу
  • 15:41

    Үш күдікті де спортшыны өлтіргенін мойындамады

    Денис Теннің өліміне күдікті

    "Өлтірген жоқпыз" - Денис Теннің өліміне күдіктілер сотта жауап берді

    Үш күдікті де спортшыны өлтіргенін мойындамады
    Әрі қарай оқу
  • 15:38

    Денис Тен тапсырыспен өлтірілді ме?

    Соттың алғашқы отырысында Денис Теннің отбасының адвокаты спортшының тапсырыспен өлтірілгенін мәлімдеп, соттан істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады. Кейін спортшының анасы Оксана Тен неге ұлын біреулер арнайы өлтірді деп есептейтінін түсіндірді. 

    Оксана Тен

    Денис Теннің анасы неге ұлын тапсырыспен өлтірді деп санайтынын айтты

    Оксана Тен 19 шілде – қазаға ұшырайтын күні ұлының қандай жоспары болғанын айтып, WhatsApp-та жазғандарын көрсетті
    Әрі қарай оқу
  • 15:15

    25 желтоқсанда Алматыда сот отырысы басталды

    Сот отырысына 100-ге жуық адам жиналды. Олардың арасында спортшының туыстары, тілшілер бар. Денис Теннің анасы Оксана Ким сот отырысы барысында өзін суретке түсіруге қарсы екенін айтып, сот процесінің ашық түрде өтуіне рұқсатын берді. Ал сотталушылар өздерін түсіруге тыйым салды.  

    Предварительные слушания по делу Дениса Тена
    © Sputnik / Тимур Батыршин
live
Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі – онлайн-репортаж
+
420
Кілт сөздер:
мәнерлеп сырғанаушы, үкім, сот, Жанар Толыбаева, Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов, Денис Тен
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Загрузка...