Қазақ қызы

Сәукеле киіп, төсін жалаңаштаған блогерге тараздық апалы-сіңлі жауап берді видео

610
(Жаңартылды 13:02 18.01.2019)
Қазақтың ұлттық киімін киіп видеоға түскен апалы-сіңлі Әбіловалар желіде халықтың ыстық ықыласына бөленді

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Шырын Нарчаеваны әлеуметтік желіде білмейтін адам жоқ – сәукеле киіп, төсін жалаңаштаған фото және видеосы бүкіл халықтың наразылығын тудырған болатын.

Желіде жылдам тарап кеткен видеодағы қыздың қылығын жұрт қазақ мәдениетін аяққа таптады деп айыптады. Сонымен бірге Шырынның атышулы суреттерін қайталап пародия жасағандар да көбейді.

Халық "ұятсыз" деп сынға алған бойжеткен бұл әрекеті үшін өз мұрынымен жауап берді – бұдан бұрын ойын-сауық орнының әжетханасында қыздың соққыға жығылғаны туралы видео шыққан болатын.

Шырын Нарчаева бастаған хайпты тараздық апалы-сіңлі Әбіловалар қағып алды. 18 жастағы Аружан мен 16 жастағы Мерей Instagram желісіндегі "жауап" видесының арқасында әп-сәтте жұлдыз болып шыға келген. Кадрларда қыздар қазақтың ұлттық киімінің әсемдігін паш етеді.

Желі қолданушылары қыздарға қазақтың нағыз сұлу арулары деп жылы лебіздерін білдіруде.

610
Кілт сөздер:
фото, видео, қазақ қыздары, жартылай жалаңаш, Шырын Нарчаева
Тақырып бойынша
"Құралай көз, қолаң шаш..." Кеңес дәуіріндегі қазақтың ең сұлу актрисалары - фото
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы ең сұлу арулар - фото
Бай әрі сұлу: Голливудтың ең үздік актрисалары қанша табыс табады?
Әлем чемпионатының ең сұлу фанат қыздары
"Ұят жоқ!": әртістердің ашық-шашық көйлектері – фото
Загрузка...