Жедел жәрдем көлігі

Астанада фельдшерді пышақпен жарақаттады күдікті ұсталды

46
Қазіргі сәтте "Денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіп жатыр

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Астана қаласында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. 1994 жылы дүниеге келген ер адам қылмыс жасады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіндегілер.

Жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасалғаны туралы хабар құқық қорғау органдарына 15 қаңтар күні келіп түскен.

Дәл қазір қылмыстық кодекстің 107-ші "Денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сот кінәлі азаматты бір мың айлық көрсеткіш (2 525 000 теңге, 6 679 доллар — Sputnik) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеуі мүмкін немесе түзету жұмыстарына тартады.

Сондай-ақ, бап 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарды, екі жылға дейін бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Ер адам фельдшерді пышақпен басынан жарақаттаған. Шабуыл жасаған кезде мас болған. Ол жедел жәрдемнің ес-түссіз жатқан әйелін алып кетуіне түбегейлі қарсы болған. Дәрігер жәбірленушінің жарақатын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Тағы оқыңыз:

Жыл басынан бері жедел жәрдем қызметкеріне осымен екінші рет шабуыл жасалды. Өткен жылы осындай сегіз факті тіркелген болатын.

46
Кілт сөздер:
мас, пышақ жарақаты, күдікті, фельдшер, жедел жәрдем, Астана
Тақырып бойынша
Ақмола облысында бұзақылар автокөлікке оқ жаудырып, адамдарды жарақаттады
Ақтауда жүкті әйел қарнын кесіп, өз-өзін жарақаттады
Қостанайда сотталушы өз-өзін жарақаттады
Жас әйел автобуста төрт адамды пышақтады
Ақтөбеде бір топ жігіт көшеде келе жатқан кісіні аяусыз ұрып-соғып, пышақтап кетті - видео
Ауыл тұрғыны өзіне сұрақ қойған әйелін пышақтап тастады
Ақтөбе тұрғыны ұлын әйелінің көңілдесі екен деп ойлап, пышақтап тастады
Загрузка...