Телефон

Жинақталған қаржының зекетін анықтап беретін мобилді қосымша іске қосылды

142
(Жаңартылды 19:36 21.01.2019)
"Зекет" қорының мобилді қосымшасын "Play Mapкет" жүйесі арқылы жүктеп алуға болады

АСТАНА, 18 қаңтар  — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы "Зекет" корпоративтік қайырымдылық қоры садақа, зекет беру жүйесін оңтайландыру мақсатында қордың мобилді қосымшасын іске қосты.

Қосымшада "зекетті есептеу", "зекет кітабы", "қор туралы", "біздің іс-шаралар", "онлайн садақа жасау", "мұқтаж жандар базасы" сынды басты мәзірлер арқылы қажетті кеңестер, ақпараттар мен мәліметтер алуға болады, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

"Мобилді қосымшаны іске қосудағы негізгі мақсатымыз – қайырымдылық көмек көрсетуге, зекет беруге ниет білдірген азаматтарға қолайлы мүмкіндік жасау. Қосымшаға көмекке аса зәру жандардың ортақ базасын енгіздік. Онда науқастың аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы, медициналық анықтамалар, т.б. қажетті құжаттар жүктелген. "Онлайн садақа жасау" мәзірі арқылы аталған кісіге көмек бере аласыз. Қордың басты ұстанымы – елімізде шариғат (ханафи мәзһабы негізінде) бойынша садақа-зекет беру дәстүрін қалыптастыру, қаржылық мөлдірлікті, бәріне бірдей ақшалай ашықтықты қамтамасыз ету", – дейді "Зекет" қорының директоры Талғат Омаров.

Талғат Сейіткәрімұлының айтуынша, мобилді қосымшаның бір ерекшелігі: автоматты есептегіш (калькулятор) құралы зекет беру көрсеткішіне жеткен мал-мүліктің, яғни жинақталған қаржының зекетін бірден анықтайды. Мобилді қосымшаны "Play Mapкет" жүйесі арқылы "ҚМДБ зекет" сөзін жазып, жүктеп алуға болады.           


142
Кілт сөздер:
зекет, ислам діні, қайырымдылық, ҚМДБ, Қазақстан
Тақырып бойынша
Неке жүзігін тағуға шариғат рұқсат ете ме?
Ислам діні сәбидің аузына түкірту салты туралы не дейді?
Мешіттер түскен садақа мен қайырымдылық көмек туралы есеп беруге міндеттеледі
Загрузка...