Жүктілік

Ғалымдар жүкті әйелдерге неге көп ұйықтауға болмайтынын айтты

1607
(Жаңартылды 20:20 20.01.2019)
Зерттеу көрсеткендей, болашақ ананың шамадан тыс ұйықтауы шарананың шетінеп кету қаупін арттырады

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тың Мичиган университетінің ғалымдары жүктіліктің соңғы айларында тоғыз сағат және одан да көп үзіліссіз ұйықтау өте қауіпті деп санайды. Олардың зерттеу қорытындысы Birth журналында жарияланған.

Сарапшылар жүктіліктің 28-ші аптасында және одан кейінірек түсік тастаған 150-ден астам әйел мен дені сау сәбиді дүниеге әкелген 480 ана арасында сауалнама жүргізеді. 

Белгілі болғандай, сәбиінен айырылған әйелдер ұзақ уақыт үзіліссіз ұйықтап, түнде сирек оянғандарын 63%-ға жиірек айтқан екен.

Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, жүктіліктің соңғы айларындағы мазасыз ұйқы болашақ бала үшін қорғаныс механизмі іспетті: түн ортасында оянған ана вегетативті жүйке жүйесін іске қосып, қан қысымын арттырады.

Бұл іштегі шарананың дұрыс дамуына септігін тигізеді, өйткені ұзақ уақытқа созылатын төмен қысым оған зиянды, жетілуін тежейді.

Алайда зерттеушілер ескерткендей, аяғы ауыр әйелдің өзін шаршатып, әр сағат сайын оянуына да болмайды, себебі бұл да шақалаққа зардабын тигізіп, жүрек қызметіне зиян болуы мүмкін.

1607
Кілт сөздер:
түсік, сәби, зиянды әдеттер, көп ұйықтау, жүктілік
Тақырып бойынша
Өскеменде жүкті әйелді дәріханашылар босандырып алды
Дәрігерлер "жүкті" әйелдің денесінен 26 келілік ісікті кесіп алды
Жүкті әйел мінген лифт 95-қабаттан төмен құлдилады
Жүкті әйелді қабылдаудан бас тартқан дәрігер ауруханаға түсті
Шымкентте жүкті келіншектің ішінен 50 шақты тас шықты
Әйел төртінші сәбиіне жүкті екенін босанып жатып білген
Бір ауруханада істейтін 16 медбике қатар жүкті болып қалды
Загрузка...