сәби

Ең ақылды және дені сау балалардың қай айда туатыны анықталды

40313
(Жаңартылды 16:15 21.01.2019)
Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, ең ақылды және дені сау балалар қай айда туатынын анықтап көруге болады

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Ғалымдар ең ақылды және дені сау балалар қай айда дүниеге келетінін анықтады. 

Кембридж ғалымдары 6-дан 15-жасқа дейінгі 1,2 миллион баланың ақыл-ой дамуына талдау жүргізген. Зерттеу Флориданың мемлекеттік мектептерінде жүргізілді. Бұл жұмыстың нәтижесінде қыркүйек айында туған балалардың оқу үлгерімі жоғары болғаны анықталды. Бұдан бөлек, қыркүйекте дүниеге келгендер кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған түрмелерге басқаларға қарағанда азырақ түскен. 

Сондай-ақ ғалымдар ересек адамдардың арасында да зерттеу жүргізген. Олар жоғары оқу орындары түлектерінің арасында жақсы оқып, жоғары балл жинағандардың да қыркүйекте өмірге келгенін анықтады. Мұндай ақпарат National Bureau of Economic Research басылымында жарияланды. 

Айтпақшы, бұдан өзге ғалымдар дені сау балалардың қай айда туатынын анықтап көрген. Бұл мақсатта олар 1,7 миллион адамның 20 жыл ішіндегі мәліметтеріне талдау жасаған. Сөйтіп, ең дені сау адамдар мамыр айында туатыны белгілі болды. Ал қазан айында дүниеге келгендер дәрігерлерге жиі қаралады екен. 

Тағы оқыңыз:

Мінеки, ғалымдар жүргізген зерттеулердің қорытындысы осындай. Дегенмен, баланың ақыл-ой қабілеті мен денсаулығы ата-анасының генетикасы, жасайтын жағдайы мен тәрбиесіне байланысты екенін ұмытпаған жөн.

40313
Кілт сөздер:
зерттеу, ғалымдар, балалар
Тақырып бойынша
Тұздың ешкім білмейтін қаупі анықталды
Салмақ тастаған соң, қайта семірмеуге көмектесетін диета анықталды
Сүттің ешкім күтпеген пайдасы анықталды
Ғалымдар қандай адамдардың тез қартаятынын анықтады
Ғалымдар 2019 жылы адамзатты не күтіп тұрғанын болжады
Ғалымдар қай жылы туғандардың өмір жасы қысқа болатынын айтты
Ғалымдар адамның өлетін күнін болжау әдісін тапты
Ғалымдар қыстың өлімге әкелетін қаупі туралы айтты
Астанада балаларға ең жиі қойылатын есімдер белгілі болды
Загрузка...