Қоғам

Қазақстандық жас журналист қайтыс болды

© Photo : СС0 / emmzettРаушан
Раушан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз екі жыл бойы қатерлі ісікпен күресіп, сырқаты қайталанғаннан кейін көз жұмды

АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Тараздық жас журналист Альфия Мингазова қатерлі ісік ауруы қайталанғаннан кейін көз жұмды.  

Қыздың қайтыс болғанын "Амирам" қатерлі ісікпен күрес қайырымдылық қорының негізін салушы Марина Чейшвили хабарлады. 

Мингазова жедел миелобластикалық лейкозға (қанның қатерлі ісігі – Sputnik) шалдыққанын 2017 жылдың ақпан айында 20 жасында білді.

 Сол кезде емделуге қаржы жинала бастаған болатын. Ол Астанадағы Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығында сүйек кемігін трансплантациялаудан өтті, тағы бір жыл стационарлық бақылауда болды.

2018 жылдың желтоқсанында ауру қайталанғаны белгілі болып, тағы да емделуге ақша жинау жұмыстары қолға алынды. Қыз консультация алу үшін Санкт-Петербург немесе Израильге баруға дайындалған.  

2018 жылдың 9 қаңтарында Альфия facebook-тегі парақшасында #Мойдоктор дәрігермен сельфи байқауында жеңіске жеткенін айтты.

Бірақ келесі күні химиотерапиядан кейін Альфияның жағдайы күрт нашарлап кеткені белгілі болды. Оның достары Қазақстанда оған енді ешкім көмектесе алмайтынын жазды, қызды Түркияға алып бару ұсынылып, шұғыл қаржы жинала бастады. 19 қаңтарда жақындары мен әріптестері қыздың көз жұмғанын хабарлады.   


Жаңалықтар
0