Қоғам

Судырата жаңылтпаш оқыған қазақ жүргізушісі шетелдіктерді күлдірді – видео

© Photo : Dean MoriartyСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шетелдіктер қазақ тілін минус қырық градуста от алдыруға тырысқан дизель қозғалтқышының үніне балады

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық телеарналардың бірінің дикторы Ерқанат Көпжасар тікелей эфир алдында жаңылтпашты судырата оқып, шетелдіктерді таңғалдырды.

Reddit шетелдік әлеуметтік жаңалықтар сайтында бұл видео 100 мыңнан астам лайк жинаған.

Видеоны жариялаған қолданушы "қазақ тілі қырық градус аязда от алдыруға тырысып жатқан дизель қозғалтқышының үні сияқты" деп баға беріпті.

Жұрттың басым көпшілігі тілшінің эфир алдында жаңылтпаш айтып, жаттығып жатқанын түсініп, тіл білетіндерден мағынасын аударып беруді сұрады. Tengri_99 деген қолданушы жаңылтпаштарды аударып, бірақ ағылшын тілінде сөзбе-сөз жеткізуге келмейтінін айтты.

 

Жаңалықтар
0