Жақып Асанов

Жақып Асанов кінәсіз адамдар да сотталып кеткенін мойындады

969
(Жаңартылды 15:40 23.01.2019)
Қазақстан жоғарғы сотының төрағасы осы күнге дейін Қазақстанның сот жүйесінде қандай кемшіліктер болғанын атады

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов парламент палаталарының бірлескен отырысында осы күнге дейін сотта қандай кемшілік болғанын және бүгінде осы мәселенің қалай шешілгенін түсіндірді.

Жоғарғы соттың төрағасы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін алдына стратегиялық мақсаттар қойып отырғанын айтты. Бірақ осы көштен сот жүйесінің қалып келе жатқанына алаңдайтынын жасырмады. Осы орайда, екі заң жобасымен келіп отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Жақып Асанов бүгінде түрмедегілердің саны үш есе азайғанына назар аударды. 80-жылдары Қазақстанда түрмедегілердің саны 100 мыңнан асқан. Бүгінде бұл көрсеткіш үш есе төмендепті — 30 мың.

"Бұрын жеке адамға қатысты қылмыстар туралы ақпарат жабық болатын. Есеп бойынша 100 мың қазақстандыққа шаққанда он адам өлтіру оқиғасынан келетін. 2016-2018 жылдары бұл көрсеткіш екі есе азайып, беске дейін кеміді. Екіншіден, түрмедегілердің саны көп болды. Құқық қорғау органы біреуге айып тақса, сот соны кінәлі деп жазалайтын. Кінәсі жоқ болса да, ақтауға батылы бармайтын. Осылайша әрбір екінші сотталушы бас бостандығынан айырылатын. Ал қазір әрбір төртінші сотталушы түрмеге қамалып, көрсеткіш тек 25% көрсетіп отыр", — деді Жақып Асанұлы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы конституциялық заңының жобасының қаралымы кезінде.

Тағы оқыңыз: Жоғарғы сот Челахтың ісіне қатысты шешім шығарды

Жоғарғы сот төрағасы бұрынғы сот жүйесінің тағы бір басты кемшілігін атады. Ол — айыптау көзқарасының қалыптасуы. Мұны ол ауруға балап, одан құтылуды басты міндет етіп отырғанын жеткізді. Айтуынша, бұл бір кездері соттың қылмыстық істер мәселесіне келгенде құқық қорғау жүйесінің бір бөлігі ретінде өмір сүруімен байланысты. Сондай-ақ, меншіктің бәрі мемлекеттікі болғандықтан, азаматтық істерді қарайтын соттар да аз болған. Ал мекемелер арасындағы дауды арбитраж жылдам шешетін.

"Бір сөзбен айтсақ, кеңес дәуірінде сотқа бүгінгідей сұраныс болған жоқ. Тіпті, жұрт сотқа жүгінудің не екенін білмейтін. Сот көбінесе құлайын деп тұрған ғимаратта орналасатын. Егемендік алғаннан кейін нарыққа көштік. 90-жылдары меншікке қатысты дауларға қылмыскерлер мен рэкеттер араласты. Сол кезде Елбасы "Адамды әкім, министр, тіпті, президент емес, сот қорғайды" деп шегелеп тұрып айтқан еді", — деді ол.

Жақып Асановтың айтуынша, бүгінде халықаралық БҰҰ, ЕҚЫҰ сынды ұйымдар Қазақстанның сот жүйесіне қызыға қарайды. Бұл мақтау сөздер көбінесе соттың қолжетімділігіне қатысты айтылған. Себебі, бүгінде қазақстандықтар көршісімен айтысып, сотқа жүгінсе — 1 200 теңге, ажырасқысы келсе — 720 теңге төлейді. Екіншіден, жоғарғы сот төрағасы Қазақстан сотының дауды тез шешетінімен көптің көзайымына айналып жүргенін айтты.

969
Кілт сөздер:
түрме, қылмыстық іс, Жоғарғы соты, сот, сот жүйесі, БҰҰ, Жақып Асанов
Тақырып бойынша
Асанов сотталған құдағи мен мал бағу құқығынан айырылған бақташы туралы айтты
"Алматы мен Астананың судьялары жылап жүр". Асанов сот жүйесіндегі проблеманы атады
Асанов "көп сөйлейтін" спикерлерді тоқтатудың амалын тапты
Асанов: судьяның өзі түсінбейтін сот актісін қарапайым адам қалай түсінсін?!
Асанов судьяларға: мақтау қағазын алу үшін істеп жүрсіздер ме?
Асанов: сотқа жүгінудегі мақсатымыз әділдік емес, оппоненттің абыройын айрандай төгу
Өзінің ақшасын алды: Жоғарғы сот бөтеннің мүлкін иеленген әйелді ақтап шықты
WhatsApp мессенджері

"Кешкісін құрбандарын іздейді": Мамлютте маньяк пайда болғаны жайлы ақпарат тарады

994
(Жаңартылды 19:46 05.08.2020)
Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында әйел WhatsApp желісінде танысының фотосын жариялап, оның маньяк екенін айтқан. Polisia.kz порталының хабарлауынша, 27 жастағы тұрғын фотодағы азаматпен араздасып қалған соң, осындай әрекетке барған.

Автор желіде жариялаған фотосының жанына: "Сақ болыңыздар! Мамлют қаласындағы жұмысшы кентінде маньяк пайда болды. Кешкісін құрбандарын іздейді. 30 шілдеде ол жас қыздың соңынан жүгірді, қуанышқа қарай бойжеткен қашып үлгерді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған" деп жазып, хабарламаны мессенждерлерде таратқан.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны мониторинг жүргізу арқылы тапты.

"Тәртіп сақшылары аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өзінің танысымен арада туындаған кикілжіңге байланысты жалған ақпарат таратқанын мойындады", - делінген ақпаратта.

3 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Медиация нәтижесінде жәбірленуші шағымдардан бас тартып, жерлесімен татуласуға келісті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды 

"Егер бұл жерде медиация тәсілі қолданылмағанда тәртіп бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (500 040 теңге) немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік жүктелетін еді. Заңда жеке тұлғаларға жала жапқаны үшін, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін дәл осындай жаза қарастырылған", - деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

994
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жалған ақпарат
Тақырып бойынша
"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты  
Мемлекет басшысы саяси ойын жасағысы келетіндерге шүйлікті
Жамбыл облысында даулы видеодан кейін бас дәрігер науқасты сотқа берді
Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды  
Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Аймағамбетов

Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді

4329
(Жаңартылды 17:58 05.08.2020)
Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертіп, қашықтан оқыту кезінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге көңіл бөлуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жаңа оқу жылына дайындығы және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

"Мемлекет басшысы білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: "Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді

4329
Кілт сөздер:
ұстаздар, білім
Тақырып бойынша
Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті
Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді
Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді 
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Білім министрлігі карантинге байланысты қандай өзгеріс болғанын хабарлады
Архивтегі фото

Ақтау Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды видео

0
Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Ақтау – Жаңаөзен тасжолында Toyota Alphard минивэні аударылып кетті.

Трагедия 5 тамыз күні таңертең болды. Оқиғаның қалай болғанын Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Lada.kz.  

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.

"Бұл факт Қарақия аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді), - деп хабарлады ведомство.

Бұл баптың жазасы бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге соттауды, сондай-ақ жеті жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан 4 адам адам көз жұмған, тағы төртеуі ауруханада жатыр.

0
Кілт сөздер:
видео, жол апаты, Ақтау
Тақырып бойынша
"Астана Опера" театрының жетекші солисі жол апатынан қаза болды
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды
Блок бекеттегі апат: марқұм полицейдің әйелі алғаш рет қайғылы оқиға жайлы айтты
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды