Тамила Розметова

Ешкі фермасын басқаратын 27 жастағы қыз Назарбаевтан жер сұрады

6097
(Жаңартылды 12:09 24.01.2019)
Астанадағы ЭКСПО кешенінде "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстан алманың тарихи отаны екенін "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласынан оқып білген Тамила Розметова Астанада алма бағын ашқысы келеді, деп хабарлайды тілшісі.

Бүгін Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде 27 жастағы Тамила Розметова сөз сөйлеп, мал шаруашылығы туралы айтты. Тамила 2013 жылдан бері еліміздегі ең үлкен ешкі фермасын басқарады.

"Сарайшық" асыл тұқымды мал шаруашылығын басқарамын. Біздің фермада мыңнан астам ешкі бар. Біз экспорт форматындағы сүт өнімінің 15-тен астам түрін шығарамыз", — деді ол. 

Айтуынша, зауытта 80-нен астам адам жұмыс істейді. Олардың 94 проценті – 26 жасқа дейінгі жастар. 

Тамиланың хоббиі ірімшік қайнату екен.

 "Мен әртүрлі ірімшік түрлерін жасаймын. Солардың бірін туған өлкемнің құрметіне "Атырау" ірімшігі деп атадым", —дейді кәсіпкер. 

Ол Қазақстан алманың тарихи отаны екенін Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласынан оқып білгенін айтты. 

"Сондықтан жастар жылы біз нақты жобаларды қолға алғымыз келеді. Осы көктемде Астанада алма бағын отырғызсақ деген ниетіміз бар. Аязға да, желге де шыдайтын алманың 4 сұрыбын дайындап қойдық. Осы ойымызды іске асыру үшін, сізден Астанадан ең болмаса бір гектар шамасында жер беруді сұраймыз", — деген өтінішін айтты қыз. 

Қазақстан президенті жастардың бұл ойын қолдады. 

"Астана әкімі осында ма, қазір қағазға жазып алып, қолдау көрсетеді", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.


6097
Кілт сөздер:
ферма, "Ұлы даланың жеті қыры", ешкі, жастар жылы, Қазақстан
Тақырып бойынша
Астанада оқитын ауған студенті Назарбаевтан көмек сұрады
Назарбаев жастар жылы туралы жарлыққа қол қойды
Жастар дінге кіру арқылы мінсіз әкелерін іздейді — Төлеуова
Загрузка...