Бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы

Бүркітші қыз Назарбаевқа Алтай қазақтарының аманатын жеткізді

292
(Жаңартылды 19:16 23.01.2019)
Айшолпан Нұрғайыпқызы мемлекет басшысын Моңғолияға қонаққа шақырды

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Астанада жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Моңғолиядан келген бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы сөз сөйледі, деп хабарлайды тілшісі.

Қазір Айшолпан Қазақстанның арнайы шақыруымен Астанада білім алып жүр.

"Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мен сізбен кездесуді армандап едім. Бүгін сол арманым орындалды", — деді Айшолпан ЭКСПО кешенінде өткен шарада. 

Бүркітші қыз Моңғолияда туып-өссе де, атамекені Қазақстан екенін еш уақытта ұмытпағанын атап өтті.

"Соның арқасы шығар, қазір Астанадағы "Нұр Орда" халықаралық мектебінде оқып жатырмын. Менің әкем Нұрғайып бүркіт баптау құпиясын үйретті. Ал анам мені әркез қолдады. Алғаш рет 8 жасымда бүркітімді қолыма қондырдым. Бүркіт баптау үшін қайсарлық қажет, әсіресе 18 метр қиядағы бүркіттің балапанын алу өте қорқынышты болды. 13 жасымда 79 бүркітші бақ сынаған сайыста бірінші орын алдым", — деді ол.

Осы орайда Айшолпан өз арманы туралы айтты.

"Астанада және басқа қалаларда қазақтың салт-дәстүрін оқып үйрететін орталықтар, әсіресе, соның ішінде бүркітшілер мектебі ашылса деген арманым бар", — деді бүркітші қыз.

Сөз соңында ол Нұрсұлтан Назарбаевқа Алтайдағы аз қазақтың аманатын жеткізді.

"Сізді Бай-өлкеге қонақ болуға шақырамыз. Ақ дастарқаннан дәм татып кетсеңіз, алыстағы ағайынның рухы бір жасап қалар", — деп түйіндеді Айшолпан.

292
Кілт сөздер:
жастар жылы, бүркітші, Айшолпан Нұрғайыпқызы, Моңғолия, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақтың бүркітші қызын Моңғолия президенті марапаттады
Әлемге әйгілі бүркітші қазақ қыз Бурабайға келді
Дархан Өте: бүркітші қыз Қазақстанды Головкин деңгейінде танытты
Гарвард және Оксфорд университеттері қазақтың бүркітші қызын оқуға шақырды
Загрузка...