Пара

"Қазгидромет" басшылығынан кімдердің ұсталғаны белгілі болды

523
(Жаңартылды 14:46 24.01.2019)
"Қазгидромет" жедел тергеу шараларына қатысты ешқандай ақпарат білмейді

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. "Қазгидромет" метеоқызметі басшыларының ұсталуына қатысты түсініктеме берді.

Жемқорлық жасады деген күдікпен "Қазгидромет" РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Роман Андрианов және "Қазгидромет" РМК Бас директорының орынбасары Нұрлан Сұлтанов ұсталды, делінген хабарламада.

"Қазгидромет" РМК жүргізілген тергеу іс-шараларына қолдау көрсетіп, барлық материалды кедергісіз ұсынып отыр және жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары туралы ешқандай мәлімет жоқ екенін хабарлайды", — деп түсіндіріп өтті кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Қызметкерлер 17 қаңтарда ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған. Яғни, лауазымды тұлғалар аса ірі көлемде пара алған.

523
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлық, ұстау, Қазгидромет
Тақырып бойынша
Ақтауда колония бастығы пара алғаны үшін жеті жылға сотталды
Пара алу үстінде ұсталған шекарашы ақшаны жеп қоюға тырысқан
Павлодар облысында шенеунік пара алып жатқан жерінде ұсталды – видео
Қазақстанда бірнеше судья пара алды деген күдікке ілінді - видео
Қазақстанда екі прокурор пара алғаны үшін ұсталды
СҚО-да рубльмен пара алған аудан әкімі ұсталды – видео
Қазақстанда 30-дан астам әкім пара алғаны үшін ұсталды
Загрузка...