намаз

Қасиетті жұмада қандай табысқа кенелуге болады?

2494
(Жаңартылды 18:07 27.01.2019)
Исламтанушы жұманың көптеген қасиетінің бірі туралы бөлісті

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Жұма – қасиетті күн. Бұл күні ата-анадан бастап, ағайын-туыс пен дос-жаранды құттықтап, ізгі тілек білдіріп жатамыз. Ол да болса жұманың қасиеті жайлы естіп-білгенімізден болса керек, дейді исламтанушы Руслан Қамбар.

Мәселен, Әбу Һурайрадан "Бұл күні бір уақыт бар. Мұсылман пенде сол сәтте сұраған дұғасын Алла Тағала береді…" және "Күн көтерілген ең жақсы күн – жұма. Жұма күні Адам жаратылды, жұма күні жәннатқа кірді және жұма күні одан шықты…" жеткен хадистер бар.

"Міне, сондықтан жұма күні көп дұға-тілек істеуге әрекет етеміз. Сіздермен жұманың көптеген қасиетінің бірін бөліскім келіп отыр. Құран Кәрімде "Жұма" сүресі бар. Аталмыш сүреде: "Ал, намаз аяқталғанда, жер бетіне (баратын жерлеріңе) тарқалыңдар да Алланың кеңшілігін іздеңдер әрі мұраттарыңа жетулерің үшін Алланы көп еске алыңдар" деп әмір етілген", — дейді исламтанушы. 

Осы, аятқа қатысты тәпсір ғұламасы Ибн Касир еңбегінде мынадай әңгіме бар. Тәпсірші былай дейді: Ғұлама табиғин Ъирак бин Малик жұма намазын оқып болған соң, мешіт қақпасының алдында тұрып: "Уа, Алла! Расында, Сенің жұмаға шақыруыңа жауап бердім, парызыңды оқыдым. Сондай-ақ, Өзің әмір еткеніңдей жер бетіне өз жұмысына кетіп барам. Маған Өз кеңшілігіңмен ризық-несібе бере гөр. Расында, сен ең қайырлы ризық Берушісің" деп дұға ететін еді" дейді.

Тағы оқыңыз:

Демек, жұма намазын оқып болған соң жасалған еңбек табысты болмақ. Маңызды шаруаларыңызды жұма құлшылығынан кейін жасасаңыз, Құран аятында "..Алланың кеңшілігін іздеңдер…" деп уәде етілгендей, ісіңіз берекетті де берекелі болады. Табысты күннің олжасынан құр қалмаңыз, деп жазады islam.kz. 

2494
Кілт сөздер:
исламтанушы, құран кәрім, дұға, қасиетті жұма, намаз, мұсылмандар, ислам діні
Тақырып бойынша
2019 жылғы діни мерекелер күнтізбесі
Исламда құлақ тесу туралы не айтылған?
Мұсылман күнтізбесі: айлардың атауы мен олардың мағынасы
Ислам діні сәбидің аузына түкірту салты туралы не дейді?
7 жасында сүндеттелген түркістандық кәріс жігіт мұсылман қызға үйленгісі келеді
Ислам діні айдың тұтылуы туралы не дейді және бұл уақытта не істеген дұрыс?
Ислам дінінде қыздың теңі болу үшін жігіт қандай қасиеттерге ие болу керек?
Қытайлар ислам дінін қабылдап жатыр
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

1199
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

1199
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

139
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

139
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Мысық балық жеп жатыр

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ Қытай ғалымдары

0
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

0
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы