Тұрмыстық зорлық-зомбылық, архивтегі фото

Астаналықтар таяқ жеп жатқан әйелге араша түспей, жайбарақат қарап тұрды видео

2448
(Жаңартылды 10:52 27.01.2019)
Елордада әйел жұрттың көз алдында соққыға жығылды, алайда жәбірленушіге ешкім көмекке келмеді

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Астаналық полицейлер көшеде жүргіншілердің көз алдында әйелді ұрып-соққан ер адамды ұстады. Соққыға жығу фактісін бейнебақылау камерасы түсіріп алған, ал астаналық iKomek байланыс орталығының қызметкерлері видеоны әлеуметтік желілерде жариялады.

Бейнеролик қоғамдық орында әйелді ұрып-соғу фактісін ғана емес,   астаналықтардың немқұрайлығын да паш етті.

Видеода ер адам жүргіншілер өткелінің маңында тұрған әйелге барып, бетінен ұра бастайды. Әйел құлап түсіп, қарсылық көрсетуге тырысады, бірақ ер адам ұрып-соғуын тоқтатпайды. Бірнеше метр жерде тағы бес ер адам тұрған, олар әйелге көмектесуге еш әрекет жасамай, жанжалды сырттай бақылаған. 

Бірнеше минуттан соң оқиға орнына полицейлер келді.

"Ұрды ма, заң алдында жауап береді! Үнсіз қалма", — деп үндеу тастайды ролик.

Айта кетейік, кеше Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Астанадағы даулы шоудан кейін соққыға жығылған модель Динагүл Тасованың қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша Астана – Минск видеокөпірі өтті. 

Модель зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен қыздарға көмек көрсету үшін ұйым құруды жоспарлап отыр. 


2448
Кілт сөздер:
соққыға жықты, зорлық-зомбылық, тұрмыстық жанжал, Астана
Тақырып бойынша
Хайп үшін бе? Шырын Нарчаеваның соққыға жығылғаны түсірілген видео жарияланды
Қостанайда бойжеткенді соққыға жықты: жігіттер төбелесті сырттан бақылап тұрған
Жасөспірімді соққыға жыққан экс-әкімге қатысты сот шешімі шықты
Әйел күйеуінің ашынасын соққыға жықты - видео
Загрузка...