Шынжыр

Нью-Йоркте ұсталған қазақстандық әйел тергеу біткенге дейін босатылды

178
(Жаңартылды 12:15 28.01.2019)
АҚШ-та алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандыққа қатысты басты сот отырысы наурыз айына жоспарланған

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Нью-Йоркте алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық уақытша бостандыққа шықты. Ақпаратты Қазақстанның сыртқы істер министрлігіндегілер растады.

"Адвокат пен елшілердің араласуының арқасында ол тергеу шаралары аяқталғанға дейін босатылды", — деді ведомстводағылар.

Қазақстандыққа қатысты басты сот отырысы наурыз айына жоспарланып отыр. Қазақстан азаматы Нью-Йоркте 24 қаңтар күні ұсталды. Полициядағылардың айтуынша, әйел өзін риэлтормын деп алдап таныстырып, бірнеше адамның ақшасын қолды қылған. "Жалған" пәтерлердің суреті Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған. Тергеу нұсқасы бойынша, әйел жылжымайтын мүлікпен алаяқтық әрекеттерін өткен жылдың сәуір мен шілде айлары аралығында жүзеге асырған.

Осы уақытқа дейін алаяқтық жасады деп үш қазақстандық күдікке ілінген болатын. Олар сирек кездесетін автоларды сатып, ақша ала салысымен жасырынып отырған. Олардың ісі бойынша кезекті тыңдалым 2019 жылдың ақпан айында өтеді деп жоспарланып отыр.

178
Кілт сөздер:
қазақстандық әйел, тергеу, елші, сот, сот отырысы, Нью-Йорк, АҚШ
Тақырып бойынша
Нью-Йоркте қазақстандық қыз ұсталды
Алматыда Таяу Шығысқа әскери техника тасымалдағандар ұсталды
Қазақстанның солтүстігінде әкім 3 миллион теңге парамен ұсталды
Инспекторды өлтірді деген күдікке ілінген браконьерлер ұсталды - ІІМ
Астанада фельдшерді пышақпен жарақаттады — күдікті ұсталды
Алматыда 350-ге жуық көлік айнасын ұрлаушы ұсталды
Астанада мектепке "бомба қойған" 15 жастағы оқушы ұсталды
Загрузка...