Хабиб Нурмагомедов

Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға жасырын келіп, игі іс жасады

1762
(Жаңартылды 16:18 29.01.2019)
Спортшы халықтың шектен тыс назарын қаламаған болса керек, балалар үйіне баспасөз өкілдерінсіз барыпты

АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Қарағандыға келді. Спортшы "Таңшолпан" балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездескен.

"Иә, қалжың емес. Чемпионның өзі балаларымызға қуаныш сыйлады. Айтқан сөзінде тұрып, бізге келді", - деп балалар үйі оқиғаны растады.

Нурмагомедов қалаға жасырын келген екен, өйткені халықтың шектен тыс назарын қаламапты, деп жазады Patriotkaragandy өңірлік парақшасы. Әйгілі файтер балаларға спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстаныңдар деп ақыл айтқан.

Қамқоршысыз қалған балалармен кездесуге Хабибті қарағандылық Александр Корогодов шақырған көрінеді. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Александрдың анасы істейтін дүкенге келіп, шоколад сатып алды.

Нурмагомедов Қазақстан туралы талай рет оң пікір айтқан еді. Қазақстандықтардың Мекке мен Медина қалаларына баруға көмектескеніне алғысын білдірген.

Хабиб Нурмагомедов — жеңіл салмақ дәрежесінде UFC (Ultimate Fighting Championship — Sputnik Қазақстан) чемпионы. Былтыр қазан айында Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Хабиб ирландық Конор Макгрегорды жеңді. Жекпе-жек ресейліктің жеңісімен ғана емес, соңында болған жаппай төбелеспен көпшіліктің жадында қалды.

UFC президенті Дэйн Уайттың айтуынша, 2019 жылы Хабиб пен Конор қайта күш сынасуы мүмкін.

1762
Кілт сөздер:
фото, балалар үйі, Конор МакГрегор, Хабиб Нурмагомедов, Қарағанды
Тақырып бойынша
Шекарашылар Хабиб Нурмагомедовті ИГ* содыры деп ойлап қалған
Головкинге Хабиб немесе Макгрегормен жекпе-жекке шығу ұсынылды
Хабиб Нурмагомедов Макгрегормен қарымта жекпе-жектен бас тартты
Хабиб: Макгрегордың бапкері мұсылман мақұлықсың деп айқайлады
Хабиб Нурмагомедовтің құпия өмірі – чемпион нені жасырып жүр?
"Белбеуім қайда?". Хабиб жекпе-жектен кейін байбалам салды
Загрузка...