мәжілістің жалпы отырысы

"Тексеретін кез келді": Депутат министрден 78 млрд теңгенің қайда кеткенін сұрады

2420
(Жаңартылды 09:57 30.01.2019)
Депутат өңірлердегі салық органдары ғимараттарын кеңейтіп, салық төлеушілерді қабылдайтын бөлмелер жасаумен әлек болып жүргенін айтты

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев жауапты адамдардан қаржы министрлігіне цифрландыруға бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын сұрауды ұсынды, деп хабарлайды тілшісі.

Депутаттың айтуынша, қаржы министрлігіне цифрландыру үшін мемлекеттен орасан зор қаржы бөлінген. Алайда атқарылмаған іс әлі де көп. 

"1999 жылдан 2018 жылға дейін қаржы министрлігіне, оның кеден, қазынашылық, салық органдарын цифрландыру үшін республикалық бюджеттің ғана өзінен 78,5 миллиард теңге бөлінген. Оны долларға шаққанда жарты миллиард доллар. Бұл ақшаға автоматтандыруды ғана емес, басқа да алғы шептің барлығын енгізуге болатын шығар деп ойлаймын. Ал бүгін министрдің сөзіне қарағанда істелмеген жұмыс әлі бастан асады. Сонда осы ақшаның бәрі қайда кетті? Не енгіздік сонда? Бүгінгі баяндалған осы деңгей сол қаржыға тұрарлық дүние ме?", — деп ашуланды Өксікбаев мәжілістегі үкімет сағатында. 

Мәжілісмен мемлекеттен бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын тексеруді ұсынды.  

"Осыны тексеретін кез келген сияқты. Жауапты адамдардан жауабын сұрауымыз керек",  — деді ол. 

Депутат өңірлерге сапармен барған кезде, салық органдарының ғимаратты кеңейтіп, салық төлеушілерді қабылдайтын бөлмелер жасаумен әлек болып жүргенін айтты. 

"Айналайын-ау, дамыған мемлекеттерде салық төлеуші салық органының қайда екенін білмейді. Салық органының есігін ашпайды да, біз соған ұмтылуымыз керек. Соған жетуіміз керек. Неге біз ғимаратты кеңейтіп, азаматтарды қабылдайтын орган жасаймыз? Ол орынның керегі де жоқ, салық төлеуші мен салық органының қарым-қатынасы электронды жүйеде, қашықтықта жүзеге асырылуы керек", — дейді Өксікбаев.

Ол Есіл ауданының салық органына барған кезде, өзі куә болған көріністі баяндап берді. 

"Салық төлеушілердің салық органында қара тер болып жүгіріп, есеп беретін уақытында барып көріңізші. Мен өзім Есіл ауданының салық органында бір рет болдым. Сол жерде тентіреп жүрген адамдарды көресіз. Жемқорлық деген сол жерде жатыр. Осының бәрін жабатын кезіміз келген сияқты", — деді мәжіліс депутаты. 

Сондай-ақ, Өксікбаев үкіметтік органдар арасында түсінбеушілік бар екенін атап өтті. 

"Өткен жолы ақпарат министріміз Қазақстанды интернетпен толық тек 2025 жылы ғана қамтамасыз етеміз деп айтты. Олай болса, сіздер қалай жалпылама декларацияға көше аласыздар? Көше алмайсыздар, себебі интернет жоқ. Үкіметтік органдар арасында толық келісіммен, заңды түрде іске асатын тетіктердің барлығы жасалмаған сияқты, мен осыған көңіл аударғым келеді", — деді ол.

2420
Кілт сөздер:
салық төлеуші, депутат, Мәжіліс, Омархан Өксікбаев
Тақырып бойынша
Астаналық экс-депутат: енді төсімді жалаңаштап шықпаймын
"Шын жүрегіммен жаздым" Депутат ашынған мұғалімнің хатын оқып берді
Депутат араны ашылған шенеуніктердің қызметтік пәтерлерін тексеруді талап етті
Депутат жұмысқа келмейтін әріптестерінің жалақысын қысқартуды ұсынды
"Үлгермесе қайтеді?". Депутат миллиондаған қазақстандық үшін алаңдады
"Дуалап, ақшаңды алады" Депутат жалған емшілермен күресуге шақырды
Депутат министрге: беделіңіздің түскені соншалық, өмір бойы қалпына келтіре алмайсыз
Загрузка...