Альберт Рау

Бірыңғай жиынтық төлемді онлайн төлей алмаған депутат министрге шағымданды

135
(Жаңартылды 17:28 30.01.2019)
2019 жылдың қаңтарынан Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізілген еді

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Альберт Рау жуырда енгізілген бірыңғай жиынтық төлемді электронды түрде қалай төлеп көргенін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жаңа жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем енгізілді. Оны электронды түрде төлеп көрген біреу бар ма? Мен байқап көрдім. Салық комитетінің сайтында да, E-gov-та да бүгін оны төлеу мүмкін емес", — деді депутат. 

Ол Қазпошта арқылы да салықтың жаңа түрін төлей алмағанын айтып шағымданды.

"Белгісі тұр, бірақ оны бассаң, бәрібір төлем жүргізілмейді? Біз не істеп отырмыз – қазірден бастап бастаманың сәтті жүзеге асуына жағдай жасай алмай отырмыз. Оның үстіне азаматтардың бұл салыққа деген көзқарасы әртүрлі", — дейді Рау. 

Алайда, депутат жиынтық төлемді өте дұрыс шешім деп санайтынын атап өтті. Айтуынша, 2019 жылдың 25 қаңтарында мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған мәлімет бойынша бірыңғай жиынтық төлемді 1495 адам төлеп тастаған. 

2019 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізілді. Салықтың жаңа түрі 2024 жылға дейін күшінде болады. БЖТ төрт төлемді – жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарнасын, медициналық және әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды біріктіреді.

135
Кілт сөздер:
бірыңғай жиынтық төлем, онлайн төлеу, салық, министр, депутат
Тақырып бойынша
Назарбаев бірыңғай жиынтық төлем туралы заңға қол қойды
Жаңа жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем жасамағандар жауапқа тартыла ма?
Загрузка...