WhatsApp

WhatsApp-та жойылған хабарламаларды оқудың әдісі анықталды

1746
(Жаңартылды 13:38 31.01.2019)
WhatsApp мессенджерінде басқа адамдар жойып жіберген хабарламаларды қалпына келтіруге болады

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. WhatsApp мессенджерінің бір ерекшелігінің арқасында басқа адам жойған хабарламаны оқуға болады. Жойылып кеткен хаттарды қалпына келтіру әдісі туралы Mirror басылымы жазды.

Хабарламаны қалпына келтіру механизмі WhatsApp қосымшасында автоматты түрде орындалатын хат-хабарлардың көшірмесін резервке сақтау функциясына негізделген.

Хабар алмасып отырып, кей жазбалардың жойылғанын байқасаңыз, оларды оқу үшін әуелі WhatsApp қосымшасын жойып, қайта орнатыңыз. Сол кезде хаттардың толық архиві қаз қалпында шыға келеді, WhatsApp бұрын келген хабарламаларды жойылды деп көрсете алмайды.

Бұл әдіс іске асу үшін резервке сақталған көшірме жаңартылмауы (әдетте тәулігіне бір рет түнде автоматты түрле орындалады) тиіс, сонымен қатар құрылғыны да сөндіріп қоспаған жөн. Сол кезде бұл амал барлық құрылғыларда орындалады.

Айта кетсек, WhatsApp мессенджерінде жіберген хабарламаңызды бір сағат ішінде өшіріп тастай аласыз.

Бұған дейін сервис хабарламаларды басқа адамдарға таратуды бес ретке дейін шектеген болатын. Бұл жаппай хабар таратуды реттеу мақсатында іске асырылған шара еді.

1746
Кілт сөздер:
хабарлама, WhatsApp, мессенджер
Тақырып бойынша
WhatsApp арқылы тараған хабарлама павлодарлықтарды дүрліктірді
Ер адам әйелінің WhatsApp-тағы хатын оқып, екі жылға сотталды
WhatsApp қолданатындардың ақшасы ұрлануы мүмкін
WhatsApp-та жаңа функция пайда болады
WhatsApp арқылы тараған менингит туралы ақпарат теріске шығарылды
Загрузка...